Топпен ән айту. Мейірімді болайықшы бауырлар Сөзі: Курмаш Маханов Әні: Серик Қалиев Көктем етіп көркейтсе де маңайын, Көріп жүрміз өкпешілдің талайын, Өшігуді қояйықшы өзгеге, Кешірімді болайықшы, ағайын! Көк нөсерін көл етсе де жауындар, Көк пен жерді сел етсе де дауылдар, Пейілдерді пенделікпент арылтпай, Мейірімді болайықшы, бауырлар! Болашаққа қолұстасып барайық, Ақиқаттың ауылын іздеп табайық, Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз, Кішіпейіл болайықшы, халайық! Ел болғанмен емеспіз ғой оншакөп, Сонда дағы бөліну мен шаршапек, Өзімізге қалайтұғын нәрсені, Тілейікші өзгеге де болсадеп. Ұлттың қамын жүректер мен ұғынып, Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып, Қаратайық қыбылаға жүздерді, Таратайық адамзатқа жылылық! |