kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Шыншылды? адамды?ты? белгісі" 3 сынып ?зін-?зі тану

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Мектеп Заградовка орта мектебі                 Мерзiм 17.02  № 21

    Та?ырып: Шыншылды? адамды?ты? белгісі

    ??ндылы?: А?и?ат     

    ?асиеттер:  адамгершілік, адалды?, шыншылды?

    М??алiм:  Ержанова Кенжегуль Сайлаубековна 

    Сынып:2

    О?ушылар саны: 5

    Саба? ма?саты: А?и?ат ??ндылы?ын ма?ынасын о?ушылар?а т?сіндіру.

    Саба?ты? міндеттері:

    -         шынды? пен ?тірікті ажырата білуге ?йрету

    -         ?зара адал ?арым-?атынас жасау іскерліктерін дамыту

    -         шыншыл, адал болу?а т?рбиелеу

    Ресурстар: (??ралдар, м?лiметтер)

    О?улы?, интерактивтік та?та,плакаттар, ?нтаспа.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Шыншылды? адамды?ты? белгісі" 3 сынып ?зін-?зі тану»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп Заградовка орта мектебі Мерзiм 17.0221

Тақырып: Шыншылдық адамдықтың белгісі

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: адамгершілік, адалдық, шыншылдық

Мұғалiм: Ержанова Кенжегуль Сайлаубековна

Сынып:2

Оқушылар саны: 5


Сабақ мақсаты: Ақиқат құндылығын мағынасын оқушыларға түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

  • шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету

  • өзара адал қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту

  • шыншыл, адал болуға тәрбиелеу


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, интерактивтік тақта,плакаттар, үнтаспа.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аударту.

Тыныштық сәтi. «Ертегілер әлемі»

«Көңіл толқыны» күйін тыңдатамын.

Балалар, ыңғайланып отырындар да, денелеріңді тік ұстап, көзімізді ақырын жұмамыз. Бүгін біз сендермен ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Алдымызда алтынмен қапталған әсем де зәулім ханшайым сарайы есігін айқара ашып біздерді қарсы алады. Айналамызға көз жүгіртіп қарайық. Жан-жағамызда көз жауын алатын әсем гүлдермен көк шалғын шөптер, сайраған құстардың дыбысы естіледі. Ақырын алға қарай жүре береміз алда одан да қызықты әлемдердің есіктері бірінен соң бірі ашыла беріп, біз сол қызықты әлемге одан әрі ене береміз. Алдымызда сарқырап аққан ақ күмістей бұлақ пен биік тау. Сол таудың ең биік шыңына шығып таза ауамен кең тыныстаймыз. Сол таза ауамен бойымызға күш, қуат пен сүйіспеншілік сезімін сіңіреміз. Ал енді ақырындап үйге кетуге дайындаламыз. Бойымызда жаңағы ертегілер елінен алған жақсы көңіл күймен жақсы әсерді ішімізде сақтауға тырысып,өзіміздің сыныпқа оралып,әрбіреуіміз өз орнымызға отырамыз да ақырындап көзімізді ашамыз

Оқушылар өздерінің алған әсерлерімен бөліседі.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  • Шышылдық туралы шағын әңгіме ойлап келу.


Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйексөз

Шыншылдық жақсылыққа жетелейді

(Халық даналығы)


  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

  • Дәйек сөзбен келісесіздер ме?

  • Шыншыл адам қандай болуы керек деп ойлайсыздар?



  1. Әңгiмелеу. Мұғалім сыйлығы.


Түлкі мен ешкі.

Ертегі.

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетеді. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

- Ей, түлкі батыр не қылып тұрсың?-депті.

- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен депті.

- Рас айтасың ба түлкі? Сен мені алдап тұрған шығарсын – депті ешкі.

- Жоқ, мен саған шындықты айтып тұрмын сенбесен өзін түсіп көр – деді түлкі.

Содан кейін ешкі түлкіге сеніп апанға түседі.

Түлкі көп ойламай ешкінің үстіне секіріп апаннан шықты. Шыққаннан кейін ешкіге

- «О, ақымақ сен менің айтқан сөзіме сеніп қалдың ба?»-деп мысқылдады түлкі.

Ал ешкі өкініп, «Қалай ғана мен түлкінің сөзіне сеніп

қалдым» - деп мұнайып қалады.

Сұрақтар:

1. Түлкі мен ешкі ертегісі не туралы? (өз ойларын айтып беру)

2. Түлкінің бойында біз қандай қасиет байқап тұрмыз?

3. Балалар сендер қалай ойлайсыңдар ешкінің түлкіге деген әрекеті дұрыс па?

4. Ешкінің бойында қандай қасиетер бар?

5. Сендер түлкінің орнында болсаңдар не істер едіңдер?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Шығармашылық жұмыс: «Шыншылдық адамдықтың белгісі» Коллаж жасау, жапсыру. (Берілген суреттер: гүлдер, ағаштар, таулар, аспан, құстар,тастар,су қималардан коллаж құрастыру)


  1. Топпен ән айту

Оқушылармен бірге «Көбелек» әнін орындаймыз»

«Көбелек»

Дала қандай керемет

Қойның гүлге толады

Қызыл жасыл көбелек

Бір ұшып, бір қонады 2 рет

Көбелек-ау,көбелек

Әдемісің керемет

Гүлге келіп қона ғой,

Өзің де гүл бола ғой 2 рет


  1. Үй тапсырмасы. Оқушыларға үйге өздерінің шын достары туралы әңгіме құрау тапсырылады.



  1. Соңғы тыныштық сәті:

  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарынды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыныздар. Бүгін сабақта не өткенімізді еске түсіріндер.(баяу әуен ырғағымен)

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
" Шыншылды? адамды?ты? белгісі" 3 сынып ?зін-?зі тану

Автор: Ержанова Кенжегуль Сайлаубековна

Дата: 26.11.2015

Номер свидетельства: 258509


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства