kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай ??нанбаев ?ыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: А. ??нанбаев «?ыс»
Саба?ты? ма?саты: О?ушыларды ?аза? хал?ыны? ?лы а?ыны Абай шы?армаларын о?ып ?йренуге баулу. Б?рын?ы білімін жа?а а?паратпен толы?тырып, ке?ейтуге к?мектесу.
Дамытушылы?ы. О?ушылар?а ба?ыт - ба?дар бере отырып, ?здіктерінен ж?мыс істеу, іздену, білім, іскерлік да?дыларын ?алыптастыру, ой - ?рісін, с?здік ?орын, тіл байлы?ын дамыту.
Т?рбиелілігі. Ту?ан жер таби?атын с?юге ж?не ?ор?ау?а, ??ыптылы??а, тап?ырлы? пен ізденімпазды??а т?рбиелеу.
К?рнекілігі: Абай суреті. ?ыс суреті, с?зж?мба?, саба??а ?атысты сызба, о?улы?.
Саба?ты? т?рі: Аралас саба?
Саба?ты? ?дістері: баяндау, с?ра? - жауап, тіл дамыту, шы?армашылы? ж?мыс, ой ?оз?ау.

?йымдастыру кезе?і:

1.О?ушылармен с?лемдесу

2.О?ушыларды? саба??а ?атысын тексеру

3.О?ушыларды? зейіндерін саба??а аудару

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай ??нанбаев ?ыс »

Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Қыс»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абай шығармаларын оқып үйренуге баулу. Бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейтуге көмектесу.
Дамытушылығы. Оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, іздену, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, ой - өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелілігі. Туған жер табиғатын сүюге және қорғауға, ұқыптылыққа, тапқырлық пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Абай суреті. Қыс суреті, сөзжұмбақ, сабаққа қатысты сызба, оқулық.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: баяндау, сұрақ - жауап, тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, ой қозғау.


Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару


Барлығымыз көзімізді жұмып:
Мен сабақта мектептемін
Менің зейінім тұрақты
Мен жақсы ойлап отырмын - дейміз.

«Ой қозғау» стратегиясы.
Сөзжұмбақ шешу.
қ а р
т а м ш ы
с у
1. Қыста ғана болады
Ұстасаң, қолың тоңады.
2. Мұрны жоқ шымшық мұз тесер.
3. Жылт – жылт еткен,
Жырадан өткен.

Балалар, бүгін қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, дана, кемеңгер, ұлық ақынымыз Абай Құнанбаевтың табиғат жайында жазған «Қыс» атты өлеңімен танысамыз.


Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

«Топтастыру» стратегиясы.
Абай → Ақын, ойшыл, данышпан, сазгер, сыншы, табиғат суретшісі, ағаотушы, аудармашы, жазба әдебиетінің негізін салушы, ұстаз, би, қоғам қайраткері т.б.

Абай Құнанбаевтың балалық шағынан бастап, жазған шығармалары жайлы, туған жері жайлы айтып өтемін.

Абай 1845 жылы ШҚО, Абай ауданы, Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген. Абай 10 жасынан бастап өлең жаза бастаған. Ғабитхан молдадан сауат ашады. 10 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға жібереді. 13 жасында ел басқару ісіне араласады. Қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген.

1904 жылы ескіше 23 маусымда Шыңғыстау сыртындағы Балашақпақ жайлауында қайтыс болған Абай Құнанбаевтың сүйегі Жидебайға жеткізіліп, сол жерге қойылды.

Абай ескерткіші Алматы қаласындағы Абай атындағы алаңға 1960 жылы орнатылған. Жалпы биіктігі 13,7 м. Ескерткіш қоладан құйылып, тұғыры қызыл граниттен қаланған.


-Абайдың табиғат тақырыбына жазылған қандай өлеңдерін білесіңдер?

-Қыс. Жазғытұры. Жаз. Күз.


Өлеңнің шығу тарихынан.

-Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен.Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген.Бұл өлең сол кезеңде жазылған.

 Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған. 

Қазір осы өлеңді мәнерлеп оқып беремін, сендер мұқият тыңдап отырыңдар.


Қыс 
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.


Сөздік жұмыс:

Домбығып-суықтан ісіп,қызарып.

Шидем-қой жүнінен тоқылған сыртқы киім.
Соқыр - мылқау - түк көрмейтін.
Оқшырайтып – бір шекесіне сәндеп қию.
Ұлпа – жеңіл, жұқа қар.
Бұрқ - сарқ - қатты дауыл, боран.
Алты қанат ақ орда - алты керегелі үлкен үй.

Ұшпа – шашыранды бұлт

Қондыбай, Қанай – кедей адамдардың аттары.


Өлеңнің ішкі мәнін сұрақ - жауап арқылы ашу.
1. Автор қысты кімге теңеп тұр? (Қысты адамға, кәрі шалға)
2. Шалдың киімдері қандай? (ақ киімді, үстін ақ қырау басқан)
3. Киім деп отырғаны не? (Ол жауған қар, қатқан мұз)
4. Автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады? (Аяз атаға)
5. Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? (Ол қатал, соқыр, мылқау адам сияқты)
6. Соқыр мылқау дейтін себебі не? (Ол ештеңені көрмейді, аямайды, бәрін тоңдырады)
7. Түрі, түсі қандай? (Түсі ақ қырау сияқты, түсі суық болады)
8. Түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер? (Қатал, ашулы адамның түсі суық болады).
Толықтыру.
Ақын қысты жанды адам бейнесіндей суреттеген. Бұл Абайдың жаңалығы, себебі Абайға дейін ешбір ақын табиғатты жанды нәрсеге теңемеген. Абай атамыз қыстың қатты болатынын, үскірік аязды қорқыныш әкелген қатал бейнеде көрсеткен. Мал баққан қазақ даласының тіршілігі мен бейнесін суреттеген.


Әдеби - теориялық талдау

Кейіптеу – жансыз табиғат көрінісін жандандыра суреттеу

Теңеу – затты немесе құбылысты екінші зат немесе құбылыспен салыстыру арқылы суреттеу.


5 жол өлең:

1. Зат есім. не? Қыс .

                       2 . Сын есім. қандай? Боранды.

                       3. Етістік. не істейді? Тоңдырады.

                       4. Синоним. Жыл мезгілі, Үскірік кез. Салқын

                       5. Сөйлем .


 Топтық жұмыс

1 топ. «Қыс» тақырыбына сурет салу.

2 топ. «Қыс-көңілді» немесе «Қыс» тақырыптарының біріне шығарма жазу.

3 топ Қысқа байланысты мақал-мәтелдер, жұмбақ жазу.


Тауып оқу.

-Ақынның қысты суреттеген тұсын кім тауып  оқиды?

-Малшы туралы айтылған тұсты кім тауып оқиды?

-Балалар туралы айтылған тұсты кім  тауып оқы.


Жорамалдар:
● Жаз құйынды болса, қыс қатал болады.
● Қазан айында күн күркіресе, қыс қысқа болады.



Жұмбақ шешу

Ақ сақалды атаны-ай, 
Мінезінің шатағы-ай (Қыс)

Бес ін,бес іннің,
Аузы бір ін. (қолғап)

Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Аузы жоқ ұлиды. (боран)

Жазда болмайды,
Қыста болады.
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды (қырау)


Қыста қандай мереке болады? Жаңа жыл.Жаңа жылда не армандайсыңдар?Армандарың орындалсын десек онда біз бүгін сабақты қорытындылай отырып тапсырма орындаймыз.
-Олай болса сендер жаңа жылға қарсы шыршаны сәндедіңіздер ме? Балалар,бүгін біз Абай атамыздың «Қыс» өлеңін оқып, таныстық. «Сиқырлы конверт» ойынын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Оның іші толған төрт пен бес. Ол бағаларды алу үшін кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау керек. Кім дұрыс жауап береді сол оқушы шыршаға ойыншықтарын іледі.
1.Абай қай жылы дүниеге келген? 1845
2.Оның шын аты кім? Ибраһим
3.Абайдың табиғат лирикасына арнап жазған өлеңдері қандай? Жаз, Күз, Қыс, Жазғытұры.

4. Қандай әндерін білесіңдер? «Қараңғы түнде тау қалқып», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» т.б.
5.Абайдың әжесі мен анасының есімдері кімдер? Ұлжан мен Зере
6.Абай неше жасынан бастап оқу оқыған? 10
7.Абай неше қарасөз жазған? 45

8.Абайдың руы? Тобықты

9.Табиғат лирикасының ішінде ең алғаш жазылған өлеңі? Жаз. 1886 жылы



Қорытынды:

“Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс”

Н.Ә.Назарбаев

Бағалау:

Үй тапсырмасы:

Абай «Қыс өлеңін жаттау, өлең соңындағы сұрақтарға жауап беру.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Абай ??нанбаев ?ыс

Автор: Айтжанов Мейірбек Сами?олла?лы

Дата: 01.04.2015

Номер свидетельства: 195272

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Абай ??нанбаев ?ыс ?ле?і саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(36) "abaikunanbaievkysolienisabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "309948"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458897103"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Ана тілі  3-сынып  Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай ??нанбаев. "
    ["seo_title"] => string(60) "ana-tili-3-synyp-sabyrsyz-arsyz-ierinshiek-abai-k-u-nanbaiev"
    ["file_id"] => string(6) "204326"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429633912"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Ашы? саба?. Та?ырыбы:  «Жаз?ыт?ры»   Абай ??нанбаев "
    ["seo_title"] => string(52) "ashyk-sabak-tak-yryby-zhazg-ytu-ry-abai-k-u-nanbaiev"
    ["file_id"] => string(6) "172358"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423811212"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Абай ??нанбаев «?ансонарда б?ркітші шы?ады а??а»"
    ["seo_title"] => string(57) "abai-k-u-nanbaiev-k-ansonarda-burkitshi-shyg-ady-an-g-a-1"
    ["file_id"] => string(6) "295441"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455812836"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Сабырсыз, арсыз, еріншек Абай ??нанбаев"
    ["seo_title"] => string(37) "sabyrsyzarsyzierinshiekabaikunanbaiev"
    ["file_id"] => string(6) "272994"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452098676"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства