Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.2.1 Т\А\ - әлеуметтік-мәдени,ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог,монологтердегі (хабраландыру,жаңалық) көтерілген мәселені талдау; 6.3.6.1 \Ж\ - мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге,емле ережелеріне сүйеніп ,түзету,редакциялау. 6.4.3.1– \ӘТН\ неологизім,термин,диалект сөз,кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу; |
Өткен сабақты тексеру | Алдыңғы білімді тексеру. Үй тапсырмасын «Есімдер қобдишы » әдісі арқылы үй тапсырмасын тексереді. Мұғалім қобдишадан кімнің есімін таңдаса сол оқушы сабақ айтады. «Асқақтай бер Астанам» тақырыбында, Астана туралы ,өлең немесе эссе жазу. Неологизімдерді қатыстырып. | Оқушылар үй тапсырмасына жауап береді. «Астана – бас қала» – деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді... Неге десеңіз, Астана – Қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы.Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Қазақстан халқы бірауыздылықпен, татулықпен, достықпен өзге елдерге үлгі боларлықтай қажыр-қайратын танытты. Біз Елбасымыздың ерен-жігерімен Астананы тұрғыздық. «Астана – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлігі» дейді халқымыз. Шынында да, тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа астанасын қалыптастыру – тұңғыш Президентіміздің мемлекетті одан әрі нығайту жөніндегі саяси стратегиясының жемісі. Қазір Астана өзінің қонақтарын қала бет-бедерінің әсемдігімен және архитектуралық шешімдерінің батылдығымен, тұрғындарының жылы шырайлылығымен және қонақжайлығымен таңғалдырады |
ІІ. Мағынаны тану Қорытынды 3 мин | Оқушылар ғылым мен техика деген не? Мағыналық аударма жасап,тілден балам табу арқылы. | Терминдерге қазақ тілінде балама болмаған жағдайда халықаралық терминдерді пайдаланамыз. | Тұрақ (Стоянка) Жарнама(реклама) Ғаламшар(планета) | Биология,химия,графика,климат,гектар,квартет,валюта. | 1-тапсырма «Тыңдалымалды тапсырма» «Қасиетті өлке,мекен» дегенді қалай түсінесің? «Жаңа Астана -ежелгі Қазақ жерінің төрі» деп неліктен айтылған? Өзің қай жерде тудың ? Сол елді мекен туралы аңыз әңгіме білесің бе? Қ/Б «Смайликтер» «Тыңдалым құлаққабы» Қ/Б Осыдан 15 жыл бұрын Астананы көшіру идеясы іске асты. Тарихқа үңүлсек, бұл идея бұрұн да көтерілген. Айталық, Әлихан Бөкейхановтың «Григорий Николаевич Потанин» атты мақаласындағы «Қазақты автономия қылсақ Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып қазақтың ұл-қызын оқытсақ «Қозы Көрпеш – Баянды» шығарған Шоқан Абай Ахмет Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау»деген сөздерді еске түсірейікші. Өкінішке орай ол кезде қалыптасқан саяси ахуал Алаш жұртын Қараөткелге (қазіргі Астана) шоғырландыруға мүмкіндік бермеді. Ол мүмкіндік өткен ғасырдың соңындағы азаттықпен бірге келді. Қазақ тарихының жаңа беттері ашылды. Тәуелсіз мемлекет құру және оның жаңа астанасын таңдау бақыты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды. Өзінің төлтумасына балаған Астана қаласы туралы толғауын Елбасы: «Жаңа астанаға көшу және оны салу туралы ой менде ертеректе, сонау алыстағы - 1992 жылы туған еді, бірақ мен ол кезде мұны аузымнан шығармадым, өйткені Қазақстанның экономикасы ойлағанды іске асыруға мүмкіндік бермеді», - дей келіп, - 1992 жылы, Қазақстанның Президенттігіне бүкіл халық болып сайланғаннан кейін, мен Ақмолаға келдім. Есілден көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып, өзенге қарадым. Маған қаланың ортасында ағып өзен жатқан болса, қашанда сол ұнайтын. Өзен қалаға ерекше бір көрік береді, мәртебесін көтереді. Мысалы, бізде Жайықтың бойында Атырау, Сырдарияның бойында Қызылорда Тобылдың бойында Қостанай, Ертістің бойында Семей мен Кереку орналасқан. Ал әлемде қаншама Астаналар ылғи өзен жағасына салынған! Санкт-Петербург – Невада, Мәскеу – өзі аттас өзенде, Париж – Сенада, Лондон – Темзада тұр. Оның үстіне Ақмола Қазақстан мен бүкіл Еуразияның орталығына орналасқан» - деп жеткізді. Деректерге көз салсақ, Арқа төсіне көшіп келген жылдары Астанадағы тұрғындар саны 290 мыңдай болған. Ал, қазіргі есеп үш еселенді, 800 мыңға жуықтады. Ішкі көші-қон есебінен бас қаламызға қоныс ауыстырғандар саны 1999 жылдан бастап қарқын алды. Сол жылдары еліміздің түкпір-түкпірінен Елордаға 62 мыңға жуық адам көшіп келген. Биылдың өзінде Астанаға 40 мыңнан астам адам табан тірепті. 2-тапсырма.«Жұмыс үстелі» 1-топ: Мәтінді баяндайды,сұрақ құрастырады. 2-топ: Мәтіннен термин сөздер табады; 3-топ. Мәтіннен орфографиялық және пунтуациялық қателерді табады. Дискриптор Қ/Б «Смайликтер» 3-тапсырма. «Қос жазба күнделігі» Бұл мәтінде көтерілген мәселе қандай? Неліктен бұл мәселені қозғап тұр? Негізгі ақпарат | Көтерілген мәселе | | | Дискриптор -Көтерілген мәселені анықтайды. Қ/Б «Смайликтер» 4-тапсырма. «Жазу парағы» Берілген пәндер бойынша өзің білетін терминдерді жаз? Қазақ тілі | география | биология | математика | | | | | | | | | | | | | Дискриптор Қ/Б «Смайликтер» «3 минуттық эссе» страегиясы бойынша «Астана - арман қала» тақырыбында термин сөздерді кірістіріп эссе жазыңыз. Қ/Б «Смайликтер» | Тілдік бағдарды түсінеді. 1.Туған жер десе әр адамның жүрегі елжіреп кететіні анық .Әркім өз туған жеріне жырақта жүрсе сағынып ,қауышуға асығып тұрады. Туған жердің түтін ыстыққой ,шіркін.Туған жерді ұмытпайық ұлықтайық. 2.Себебі:Астана сөзінде киелі ұғым бар. Ол біздің арман-тілегіміздің нақты жүзеге асуының белгісі.Астана –бұл бүкіл қоғамның ереже-тәртібі мен салт-дәстүрі ,мінез-құлық құрылымдары қалыптасатын жер. 3.Мен Орал қаласында туылдым.Орал қаласы тархи мекен .Мұнда қанша алып тұлғалар шықты.Мен олармен мақтанамын. Оқушылар бір-бірін бағалайды. 1-топ : 1.Астаны көшіру идеясы неше жыл бұрын жүзеге асты? 2.Астанаға қазіргі кезде қанша адам табан тіреген? 3.Елбасымызға жаңа астанға көшу туралы ой қай жылдары келген? 2-топ: университет,автаномия, идея,көші-қон. 3-топ: Астана қаласының қалыптасу тарихы 12 Қыркүйек 2013 28076 0 Осыдан 15 жыл бұрын Астананы көшіру идеясы іске асты. Тарихқа үңілсек, бұл идея бұрын да көтерілген. Айталық, Әлихан Бөкейхановтың «Григорий Николаевич Потанин» атты мақаласындағы «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ «Қозы Көрпеш – Баянды» шығарған Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау»деген сөздерді еске түсірейікші. Өкінішке орай ол кезде қалыптасқан саяси ахуал Алаш жұртын Қараөткелге (қазіргі Астана) шоғырландыруға мүмкіндік бермеді. Оқушылар бір-бірін бағалайды Негізгі ақпарат | Көтерілген мәселе | Елбасы: «Жаңа астанаға көшу және оны салу туралы ой менде ертеректе, сонау алыстағы - 1992 жылы туған еді, бірақ мен ол кезде мұны аузымнан шығармадым, өйткені Қазақстанның экономикасы ойлағанды іске асыруға мүмкіндік бермеді», - дей келіп, - 1992 жылы, Қазақстанның Президенттігіне бүкіл халық болып сайланғаннан кейін, мен Ақмолаға келдім. | Осыдан 15 жыл бұрын Астананы көшіру идеясы іске асты. Тарихқа үңілсек, бұл идея бұрында көтерілген. | Оқушылар бір-бірін бағалайды. Қазақ тілі | география | биология | математика | Көші-қон, | глобус | микроп | графика | морфология | карта | мольекула | алгебра | лексика | климат | атом | алгоритм | Оқушылар бір-бірін бағалайды. Астана-арман қала, Бағы бар жанған қала. Тұрады ол жап-жасыл болып, Мен үлкен болғанда да,-деп жырлағандай Астана мен үшін әсем де, көрікті қалаларың бірі.Астанаға барғың келеді. Астананың сұлулығы соншалықты көзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Онда әр түрлі техналогиялар дамыған. Оқушылар бір-бірін бағалайды. |