kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін-өзі тану пәнінен 2 сыныпқа арналған ашык сабак тақырыбы: 24 сабак "Жүрек жылуы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабак жоспары

Мектеп:  Қаратерек ЖОББМ

Мерзiм:  01.03

Тақырып: 24 сабақ   Жүрек жылуы

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық

Мұғалiм: Кайсина Л.К

Сынып: 2а

Оқушылар саны: 20

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану пәнінен 2 сыныпқа арналған ашык сабак тақырыбы: 24 сабак "Жүрек жылуы"»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Қаратерек ЖОББМ

Мерзiм: 01.03

Тақырып: 24 сабақ Жүрек жылуы

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық

Мұғалiм: Кайсина Л.К

Сынып: 2а

Оқушылар саны: 20

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға мейірімділік пен қамқорлық туралы білім бере отырып, дұрыс әрекет құндылығы туралы білім беру.

Сабақтың міндеттері:

  • Мейірімділік пен қамқорлықтың адам өміріндегі орыны мен маңыздылығы туралы түсінік беру;

  • Оқушыларға қамқорлық жасай білуге жетелеу.

  • Жылы жүректі, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) интербелсенді тақта, музыкалық клип, түрлі түсті бояу, қылқалам, қарындаш.эл оқулық

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Тренинг «Ризашылық айтамын!»

Оқушылар өз ризашылықтарын айтады.

Оқушыларды 3 топқа бөлеміз. Түрлі-түсті гүл таңдау арқылы

1 топ «Мейірімділік»

2 топ «Қамқорлық»

3 топ «Қайырымдылық»

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Қайырымдылық» әңгімесі бойынша сұрақтар

  1. Балалардың әрекеті туралы не айта аласыңдар?

  2. Мұхтар күшікке қандай қамқорлық жасады?

  3. Анасы Мұхтарға риза болды ма?

  4. Сендер қамқорлық, қайырымдылық жасаған кездерің болды ма? Айтып беріңдер

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша ұйымдастырылады.

5 «Т» сақтау;

Тәртіп

Татулық

Тазалық

Тыныштық

Талап

3.Дәйексөз. Тауыққа келеміз

Табиғаттағы барлық жылу- күннен,

Өмірдегі барлық жылу- адамнан.

/Оқушылар оқиды, қайталайды, жаттайды.

Оқушылар ойларын айтады.


4.Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы.

Қыздарға келеміз

«Жасырын садақа» мультфильмі көрсетіледі

  1. Етікші қандай адам болған?

  2. Адамдар оны неге айыптады?

  3. Қандай ой түйдіңдер?

Сткер арқылы сабақты қорытындылау


5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Ағашқа келеді.

Мақал мәтелдермен жұмыс.

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып мақал-мәтелді жалғастырыңдар

1 мейірімділікті анадан үйрен

2адам қайғысы заман қайғысы

3 жылы жүрек жақсы тілек

Сиырға келеміз

Берілген есепті шығара отырып, жасырынған сөзді табамыз

Жасырынған сөз: Қамқор

Мақта қыз мысыққа өз құйрығын қайтарып береді.


6.Топпен ән айту.

«Жақсы адамдар» әнін барлығы қосылып айтады

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


7.Үй тапсырмасы.

«Сен не істер едің» мәтінін оқу


8.Соңғы тыныштық сәтi.


Баяу әуен қойылады. Еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан алған әсерлерінізді бойларыңызға сіңіріп, жүрегімізге түйіп алайық. Айналамызға нұр шашайық!

Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет!















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Өзін-өзі тану пәнінен 2 сыныпқа арналған ашык сабак тақырыбы: 24 сабак "Жүрек жылуы"

Автор: Кайсина Ляйля Кулумхановна

Дата: 09.11.2017

Номер свидетельства: 437993


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства