І. ТЕОРИЯЛЫҚ БЛОК
- барлығы 35 балл, әрбір дұрыс жауап - 1 балл)
(бір дұрыс жауаппен тест тапсырмалары)
1. «Аспанда – Тәңір, Хан – жер бетіндегі құдырет. Адамзат иесінің мөрі» мөріге ойылып жазылған сөздер кімге арналған:
А) Әмір Темірге Б) Берке-ханға В) Шыңғыс ханға Г) Аттилаға
2. Қоныс тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері сараланды:
А) «Қасым ханның қасқа жолы» Б) «Есім ханның ескі жолы»
В) «Жеті жарғы» Г) «Ясы»
3. 1579 ж. Баба сұлтанның қазақ ханына берген қалалары:
А) Сауран мен Созақ Б) Испиджап пен Тараз В) Алмалық пен Баласағұн Г) Сауран мен Йасы
4. Орта Азияда Әмір Темір биледі:
А) 20 жыл (1370-1390) Б) 25 жыл (1370-1395) В) 30 жыл (1370-1400) Г) 35 жыл (1370-1405)
5. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде: «Шығыс шеті___________қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі» айтылған ел:
А) Моғолстан Б) Көшпелі өзбектер мемлекеті В) Ақ Ордада Г) Ноғай ордасында
6. Мұхаммед Хайдар Дулати Қасымның бүкіл Дешті Қыпшақ даласына билік жүргізгенін, Жошыдан кейін бұл жұртта одан ұлы хан болған емес деді:
А) Хакназар хан туралы Б) Жәнібек сұлтан туралы В) Бұрындық хан туралы Г) Касым хан туралы
7. Ноғай Ордасының негізін қалаушы:
А) Едіге Б) Муса мырза В) Ваккас би маңғыт Г) Ноғай
8. Орта жүз билігінде Жәнібек пен Керей ұрпақтары отырды:
А) 1822ж. (нәтижесінде хандық билік жойылды)
Б) 1824 ж. (нәтижесінде хандық билік жойылды)
В) 1831 ж. (нәтижесінде хандық билік жойылды)
Г) 1867 ж. (нәтижесінде хандық билік жойылды)
9. ХVII ғ. ақ киізге хан сайлау дәстүрлі салт өтті:
А) Жошы хан кесенесінде Б) Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде В) Сығанақтағы сарай алаңында Г) Сарай-Беркенің орталық алаңында
10. ХVII ғ. 20 жылдары Солтүстік Қазақстаннан төменгі Еділге, Каспий маңы даласында қоныстанған ойрат тайпаларын қалмақтар деп аталған тайпа:
А) Хошоуттар Б) Торгоуттар В) Чоростар Г) Дербеттер
11. Сол кездегі салт-дәстүр бойынша, байлыққа қосымша, хан болып сайлану үшін төре тұқымы, яғни Шыңғыстың ұрпағы болу басты талап еді. Мұрагерлікке ие бола алатындар:
А) бірінші ұлдары Б) ағалары В) әкесінің ағалары Г) үлкен қыздары мен ұлдары
12. Ақ Орданың ханы Барақ қайтқаннан кейін билікке 17 жасар Давлат-и -Шайх-оғлы ұлы Әбілқайыр келді:
