kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңа формациядағы жаңашыл ұстаз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат - жан - жақты білімді, өмір сүруге бейім, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңа формациядағы жаңашыл ұстаз»

ЖАҢА ФОРМАЦИЯДАҒЫ ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ


Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті

бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп тұжырымдаса, ҚР 2015 жылға дейінгі орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» - деп атап көрсетілген. Қай уақытта болмасын білім жүйесі және оның дамуы мемлекеттік бағдарламалардың маңызды бөлігін құрайды.

Мамандардың пікірінше, ХХІ ғасырда тиімді білім беру жүйесін жасайтын жас ұрпақтың ақыл-ой және рухани потенциалын барынша дамытуға мүмкіндігі бар ұлт қана озат бола алады[1].

Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру жүйесін дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттері 2020 жылға дейін білімді дамыту стратегиясының негізгі қағидаларына байланысты іске асырылуда. Бүгінгі ғаламдық білім беру кеңістігіне сай білім беру, танымды , ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, мұғалімге өзінің іс-әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу болып табылады. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени өркендеуінің көшбасшысы бола алады.

Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-тұлғасы бар адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н. Назарбаевтың сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарынан қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды.

Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – осы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.

Жаңа формациядағы жаңашыл ұстаз:

  • ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, өзін-өзін көрсетуге ұмтылысы, пәннің әдіснамалық негіздерін, әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары деңгейдегі білімді ұстаз.

  • ол өзінің пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық процестегі әр қатысушының орнын көре біліп, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда арттақалушылықты реттеуі керек;

  • білімге ерекше қабілеті бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыру қажет;

  • оқушылардың адамгершілік-рухани, азаматтық-патриоттық, көп мәдениетті, денсаулығын сақтау тәрбиесін жүзеге асыра білуі тиіс;

Ал жаңа формация мұғалімі дегеніміз кім деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында «Жаңа формация мұғалімі – кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп көрсетілген, яғни ол ізгілігі мол, әр іске жаңашылдықпен, үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық меңгерген, бір сөзбен айтқанда, толыққанды құзырлы адам.

Білім беру жүйесінің негізгі міндеті баланың рухани мүмкіндігін дамыту, оны оқыту, тәрбиелеу мен өзіндік қабілетінің дамуына жағдай жасау. Тәуелсіздік туы желбіреген мемлекетіміздің ертеңгі, ел тізгінін ұстар азаматы - бүгінгі білімді шәкірт екендігіне еш күмән жоқ. Ал білімді шәкірт - білімді ұстаздың жемісі. Оқушы жан-жақты жетілген, тәрбиелі болу үшін көп ізденіс, еңбек керек. Оның бойындағы дарындылықты дамытуға негізделген сабақтың қызықты өтуі әрине мұғалімнің үнемі ізденуіне, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдануына, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.

Педагогикалық Білім концепциясында «мұғалім өз пәнін міндетті түрде терең білуге тиісті, бірақ сонымен қатар оқу үрдісінде қатысатын мүмкіндіктердің өз орнын біліп, оны уақытында бағыттап, нәтижеге жетелеп, дер кезінде түзетулер енгізе алатын құзыретті тұлға болуы керек» делінген[5]. Құзыретті мұғалім дегеніміз – адамның өз мамандығы бойынша әлеуметтік және кәсіби пісіп жетілуі. Мұғалім шығармашылықпен шындап айналысу арқасында педагогикалық шеберлікке қол жеткізеді. Педагогикалық энциклопедияда «Педагогикалық шеберлік – өз кәсібін жақсы көріп таңдаған және баланы сүйетін әрбір мұғалімнің қолынан келетін тәрбиелеу мен оқытуды жоғарғы дәрежеде үнемі жетілдіріп отыру өнері» деген анықтама берілген [2].Өз кәсібін сүю дегеніміз баланы сүю деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық шеберліктің іргетасы педагогкты даярлау кезінен бастап қаланады. Бірақ шебер педагог болуға бұл да жетімсіз, ол күнбе-күн өз әрекеті арқылы жоғары кәсіби деңгейді көрсетіп отыруы тиіс.Егер олай болмаса, педагогикалық шеберлік іске асырылмаған мүмкіндіктер күйінде қалып қоюы мүмкін.

Шығармашыл мұғалімге аса қажетті сапа – белсенділік. Ұлы педагог К. Д. Ушинский қоғамдық қатынастарды ұзақ уақыт жан-жақты зерттеп талдау нәтижесінде бәрі де тек тәрбиеге байланысты деген нақты тұжырымға келе отырып, ол басқа да көрнекті педагогтар сияқты қоғамды жақсартудың бірден-бір жолы мектеп ісін жетілдіруде деп түсінді.Сондықтан қайсібір мұғалім болмасын оның өзінің қоғам жайлы, білім және тәрбиеге байланысты көзқарастары болып, тиісті жерлерде өз көзқарастарын ашық білдіріп отыруға қалыптасуы тиіс. Мысалы, жаңа оқулықтардың сапасы қандай, оқытудың жаңа технологиясының тиімділігі жайлы, бір сөзбен айтқанда, оқу-тәрбиеге байланысты кез келген проблемалар бойынша. Ұстаздық мамандық – өмір бойы оқып өтетін мамандық. «Мұғалім қай күні оқуды тоқтатады, сол күні білім беруін де тоқтатады» деген сөз қай мұғалімнің де есінен ешқашан шықпауы тиіс. Себебі, неміс педагогі Ф. А. Дистерверг айтқандай «өзгерістердің басқаның бәрі тұрақсыз», яғни дүниеде бәрі өзгеріп отырады[4]. Мысалы, күні кешеге дейін мұғалім – оқыту үрдісінің субъектісі, ал оқушы – нысаны, яғни объектісі болып есептеліп келсе, қазіргі кезеңде оқушының да еркіндігі мойындалып, оқыту үрдісінің субъектісіне айналып отырғандығы соның айқын дәлелі. Бұдан шығатын қорытынды, осы заманғы педагогикалық көзқарас бойынша бұрынғыдай оқушы мұғалім берген білімді енжар қабылдаушы емес, өзі де білім алу үрдісінде қатысады, ал мұғалім оқушының білім алуына жағдай туғызушы. Оқытудың түпкі мақсаты – өмірге жан-жақты бейімделген, өз мүддесін қоғам мүддесімен үйлесімді ұштастыра алатын оқушы тұлғасын тәрбиелеп шығару мұғалімнің қасиетті борышы. Пікірталасқа қатысып, өз көзқарастарын батыл білдіріп отырғаны жөн. Сонда ғана ортақ іс ілгері жылжиды, мұғалім де шыныға түседі.Себебі, тәрбие мәселесі аса маңызды мемлкеттік іс, ал оны тікелей жүзеге асырушы мұғалім – тек ағартушы ғана емес, ол қоғамдағы барлық тірлік саласына қатысатын саясаткер де.

Қазіргі кезде білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас, басқаша қарым-қатынас пайда болды. Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына көңіл бөлінуде. Сондықтан білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеріп, жаңа формация мұғалімі болу – заман талабына сай білім берудің жолы- тиімді педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалана білу шеберлігі. Бұл мұғалімнің бойында құзіреттіліктің үш түрі болуы міндетті:

  • проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі;

  • ақпараттық құзыреттілік;

  • коммуникативтік құзыреттілік;

Проблемалық шешімін табу құзыреттілігі – бұл түрлі жағдайларда проблемаларды анықтайды, жауапты шешім қабылдайды, өз шешімінің нәтиежесін бағалайды. Өз іс-әрекетіне мақсат қоя алады, оны іске асыруға қажетті жағдайларды анықтайды. Сонымен қатар қойылған міндеттерге сәйкес технологияларды таңдайды.

Ақпараттық құзыреттілік - сыни тұрғыдан ұғынылған ақпарат негізінде саналы шешім қабылдайды, ақпараттарды өз бетімен табады, талдайды, іріктеу жасайды, қайта құрады, сақтайды, түрлендіруге және тасымалдауға, соның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың көмегімен аталған жұмыстарды жүзеге асырады.

Коммуникативтік құзыреттілік – нақты өмір жағдайында өзінің міндеттеріне жету үшін мемлкеттік және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолданады. Тілдік қатынас міндеттеріне сәйкес стильдер мен жанрларды таңдайды және қолданады.

Жаңа формациядағы ұстаздың кәсіби мәдениеті төмендегідей сипатталады:

І. Кәсіби қасиеті:

* ұйымдастыру қабілеті;

* білімнің тереңділігі;

* ғылыми білімі;

* дарындылығы;

* шығармашылығы;

* интеллектуалдық қасиеттері;

ІІ. Моралдық-этикалық қасиеті:

  • адамгершілігі;

  • ақиқатқа құштарлығы;

  • мейірімділігі;

  • қарапайымдылығы;

ІІІ. Психологиялық даярлығы:

  • сыртқы келбеті;

  • киім киісі;

  • жүріс-тұрысы;

  • сөйлеу мәдениеті;

  • әдептілігі;

«Барлық мүмкіндік балалардың бойында» деген ұлы ойшыл А. Толстойдың даналық сөзі бар, ал баланы дамытатын шығармашыл, талантты, білімді ұстаз. Жалпы алғанда барлық салалардағы сияқты педагогикалық істе де талант сирек кездесетін нәрсе. Әрбір мұғалімнің талантты болмауына да болады. Алайда, ол өз ісінің шебері бола алады және болуға тиісті. Жақсы шебер мұғалім оқушылармен өзара қарым-қатынасты бір деңгейде қалыптастыра алады.

А. Макаренко «Өзара қарым-қатынас қуанышты болуға тиісті. Ол шығармашылық өрлеуді, батылдықты, сергектікті керек етеді» деді[3]. Өз жұмысының сипатына байланысты мұғалім ұйымдастырушы, жетекші, насихаттаушы болуы керек. Ол барлық жағынан оқушыларға өнеге, үлгі болуға тиісті, тіпті сыртқы келбетімен де тәрбиелейді. Сондықтан жаңа ғасырдың ұстазына қойылатын талап та күрделі. «Қыран – түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз – шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» демекші, ұстаз – қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықта дәрежеде дамытады. Ал жеке тұлғаға білім беріп, тәрбиелейтін, дамытатын, әрине – ұстаздар қауымы.

Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Алайда, талантты, шебер жаңа формация ұстазы болудың алғы шарты шебер мұғалімдердің жұмыстағы озат тәжірибесінен, педагогикалық еңбектің технологиясын зерттеп үйренуден басталады. Осындай жағдайда ғана білім алушылардың тұлғалық болмысы қалыптасып, егеменді еліміздің ертеңіне лайықты ұл мен қызы болатын жас ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздардың көбейтетініне кәміл сенімдіміз.



Әдебиеттер тізімі

[1] Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасы. Егемен Қазақстан. 2010, 14 желтоқсан.

[2]Жаңа формация мұғалімін дайындау мәселелері.Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының хабаршысы.2012, №1.

[3] Т. И. Ильина. Педагогика. Алматы. «Мектеп», 1977. 187-189-б.

[4] Ш. Беркімбаева, А. Құсайынов, А. Рысбаева, М. Бұлақбаева. Жоғары мектеп педагогикасы. 2009. 18-19-б.

[5] Ерденова Б. Жаңа формация мұғалімі және болашақ мұғалім.

-KK. Wikipedia.org/wiki/ (8.11.12.)



Аңдатпа. Мақалада жаңа формация мұғалімінң шеберлігі мен құзыреттілігі қарастырылған.

Аннотация. В статье рассматриваются учитель новой формации и профессиональной компитентность учителя.

Abstract. The article treats the a new formation teacher and professional of a teacher.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жаңа формациядағы жаңашыл ұстаз

Автор: Каримжанова Рысгуль Бекшеновна

Дата: 07.02.2018

Номер свидетельства: 455436

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "О?ушыны? функционалды? сауаттылы?ын арттыруда?ы сындарлы о?ытуды? р?лі "
    ["seo_title"] => string(76) "ok-ushynyn-funktsionaldyk-sauattylyg-yn-arttyrudag-y-syndarly-ok-ytudyn-roli"
    ["file_id"] => string(6) "181844"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425401103"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "О?ыту процесін технологияландыруды? тиімділігі"
    ["seo_title"] => string(54) "ok-ytu-protsiesin-tiekhnologhiialandyrudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "254129"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447697934"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства