kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жалпы орта білім беретін мектептерде критериалды бағалау жүйесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу. Оқу нәтижелерін бағалау- оқу үрдісінің ең маңызды жақтарының бірі болып табылады. Осы үрдісті басқаруда негізгі рөлі бағалауға беріледі.Осыған байланысты оқушылар арасында өзара  түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздігін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жалпы орта білім беретін мектептерде критериалды бағалау жүйесі»

Жалпы орта білім беретін мектептерде критериалды бағалау жүйесі


А.Т. Рахимжанова,

Бастауыш сынып мұғалімі

Критериалды бағалау жүйесі бойынша үйлестіруші

Т.М.Жакупова

Математика, информатика пән мұғалімі

Критериалды бағалау жүйесі бойынша үйлестіруші

«№39 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы


Білім берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу. Оқу нәтижелерін бағалау- оқу үрдісінің ең маңызды жақтарының бірі болып табылады. Осы үрдісті басқаруда негізгі рөлі бағалауға беріледі.Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздігін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.

1-кесте

Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады. Тиімді оқыту мақсатында білім алушылардың оқу үдерісіндегі ілгерілеуін, ағымдағы түсінік деңгейін қадағалау қажет.

Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері:

• оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға ұсыну;

• білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен (коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;

• білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) кері байланысты қамтамасыз ету;

• білім алушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;

• білім алушыларға өзінің оқуын «құрушылар/жасаушылар» ретінде жағдай жасау болып табылады.

Қалыптастырушы бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болуы тиіс, ол қосымша жаттығу немесе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды. Оқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі арқылы анықтай алады, оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады.

Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:

• қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;

• қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;

• қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;

• кері байланыс беру.

Жиынтық бағалау үдерісі

Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі. Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі. Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі. Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады

Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың барлық түрлері бойынша бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастырады. (үлгісі 2 кестеде көрсетілгендей) Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау - бұл белгілі бір материалды меңгеруді аяқтаған кездегі оқу жетістігін бағалайды. Аталған бағалауды сабақ үстінде 15-20 минут уақытты алатындай мерзімде ұйымдастырылады.

2 кесте

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың мысалы 3-кестеде берілген.

3-кесте. «Көркем еңбек» пәнінен «Саяхат» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың үлгісі, 1-сынып.1сынып оқушысына берілген тапсырмалар. Берілген геометриялық фигуралардан қайық құрастыруға,суретті қосымша элементтермен толықтыруға, түсті қарындаштармен бояуға ұсынылады.

2-тапсырма бойынша эксперимент жүргізеді .

1) Суреттің контурын балауыз қарындаштармен бастырып сызады .

2) Суретті акварель бояумен бояуға. Эксперимент жүргізу барысында не байқағандығын анықтап жазу арқылы дұрыс жауабын таңдайды.

Егер балауыз қарындаштардың үстінен акварель бояуын жақса, онда бояулар:

А) араласады В) араласпайды С) бөгеді D) түсін өзгертеді

4-кесте

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Оқушының жинаған балы

Білім алушы

Өз идеясын/ сезімін нақты материалдар мен техникалар арқылы көрсетеді.


1

қайықтың корпусының (астыңғы бөлігі) пішінін таңдайды;

1


қайықтың иллюминаторын (дөңгелек терезесін)таңдайды;

1


желкенін таңдайды;

1


жалаушасының пішінін таңдайды;

1


композицияны қосымша элементтермен толықтырып, аяқтайды;

1


Құралдар мен материалдард арқылы эксперимент өткізеді.

2

суреттің контурын балауыз қарындаштармен ұқыпты бастырып сызады;

1


суретті акварель бояуларымен бояйды;

1


эксперименттің қорытындысын дұрыс тұжырымдайды

1


Барлығы



8


Тапсырмалардың орындау барысындағы жұмыстарын бағалау критериий арқылы дескрипторлар құрылады. Бұл білім алушының оқу жетістігінің нәтижесін айқындайды.

4 кесте

«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні:______________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі


төмен

орташа

жоғары

Өз идеясын/сезімін нақты материалдар мен техникалар арқылы көрсетеді.

Өз идеясын көрсетуде қиналады.


Қайықты құрастыруда / композицияны аяқтауда қателіктер жібереді.

Өз идеясын дұрыс көрсетеді.

Құралдар мен материалдард арқылы эксперимент өткізеді.

Эксперимент жүргізуде және қорытынды жасауда қиналады.

Эксперимент жүргізуде / қорытынды жасауда қателіктер жібереді.

Эксперимент жүргізеді және дұрыс қорытынды жасайды.

4- кесте. Бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижесінің рубрикалар үлгісі. Рубрика әр бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау рәсімдеріне құрастырылады, әр критерий аясындағы оқу жетістігінің деңгейлерін көрсетеді. 4-кестеде көрсетілгендей, мұғалім рубрикада орташа деңгейді сипаттап жазу кезінде тапсырмадағы білім алушы қателік жіберген нақты сол элементті атап көрсетеді.

Ата –анаға баланың қаншалықты дамып жатқаны және қандай қиыншылықтарға тап болып жүргені туралы ақпарат алуы өте маңызды болып табылады. Дәл осындай ақпаратты мектеп тарапынан жүргізілетін бағалау қамтамасыз етеді. Бұл үшін әрбір оқушы мен оның ата-анасына түсінікті болатын айқын және нақты өлшенетін бағалау критерийлері бойынша белгіленген оқу жетістіктері айқындалып ата-анаға рубрика ұсынылады (кестеде көрсетілгендей)

Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.

Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, білім алушы да:

• Білім алушы оқытудың қай сатысында?

• Олар білім алуда неге талпынады?

• Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? екенін түсінеді.

Оқыту тек білім берудің төңірегінде ғана болмайды, ол оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына да тікелей қатысты болады. Оқытудың қаншалықты табысты, ойдағыдай өтетіні, сондай-ақ, білім алушылардың қандай қиындықтарды басынан өткізетіндігі туралы ақпаратты мектептің тиімді бағалау жүйесі көрсетеді. Сондықтан жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу кезінде критериалды бағалау жүйесі қолданылады.


ПАЙДАЛАҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: Таксономия целей обучения. Нью Йорк: Лонгман. Блэк П., Уильям Д. (2009). Педагогические исследования: формативное оценивание. Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп, Педагогикалық шеберлік орталығы құрастырған, Қазақстан Республикасындағы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының деңгейлік бағдарламасының глоссарийі: оқу-әдістемелік құрал (2012). Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. Зимняя И.А. (1973). Психология слушания и говорения. Москва: Докторская диссертация. Логвина И., Рождественская Л. Инструменты формирующего оценивания в деятельности учителя-предметника. Пособие для учителя. – Нарва, 2012. – 48 с. Оценивание учебных достижений учащихся. Методическое руководство/ Сост. Р. Х. Шакиров, А.А. Буркитова, О.И. Дудкина. – Б.: «Билим», 2012. – 80 с. ЭЫДҰ (2014). Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта білім беру. Пинская М.А. Формирующее оценивание: оценивание в классе: Учебное пособие. – М.: Логос, 2010. – 264 с



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жалпы орта білім беретін мектептерде критериалды бағалау жүйесі

Автор: Рахимжанова Айгерим Толеубековна, Жакупова Тогжан Маратовна

Дата: 27.11.2017

Номер свидетельства: 440878

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Баяндама «Желілік ?о?амдасты? ар?ылы т?ра?ты дамуды ?алай ?олдаймын?»"
    ["seo_title"] => string(62) "baiandamazhielilikkogamdastykarkylyturaktydamudykalaikoldaimyn"
    ["file_id"] => string(6) "285163"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454092161"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Саба? жоспары: Мектеп"
    ["seo_title"] => string(21) "sabakzhosparymiektiep"
    ["file_id"] => string(6) "288206"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454597544"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства