Просмотр содержимого документа
«Тұғыры биік тәуелсіздік І»
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
«Каспий» педагогика және технологиялар колледжі
4 БББ-15 б/б студенті Хаджибаева Роза
Жетекшісі Озганбаева Марияш Бегалиевна
«Тұғыры биік тәуелсіздік»
Менің Отаным —Қазақстан Республикасы. Қазақстанның әрбір азаматы тәуелсіздік алған 1991 жылғы 16 желтоқсанда маңызды күнді еске алады. Сол күннен бастап, көзді ашып –жұмғанша жиырма жеті жыл өтті. Бұл бүкіл Қазақстандықтар тойлайтын басты оқиға.Шындығында, бұл мереке ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ынтасы мен достығының нәтижесі. Біздің бұл күнге жетуіміз бірінші Жаратқанның, содан кейін Елім деп, жерімдеп өз жандарын құрбан еткен аға-әпкелеріміздің арқасы.Тәуелсіздік алғанна кейін елбасымыз-Н.Ә.Назарбаева болып сайланды.Содан кейін Қазақстан Республикасының ата-заңы Конституциямыз қабылданды.
Осы уақыт ішінде Қазақстан өзін күллі әлемге танытып үлгерді. Аз ғана мерзімде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты да көреген саясатының нәтижесі ретінде орнады.Экономикасы дамып, халықтың жағдайы әлдеқайда жоғары деңгейге жетті. Өзге елдермен арадағы қарым-қатынастар реттеліп, халықаралық саудаға шығуға мүмкіндік алды. Жастардың шет елдерде оқуға, сол жерде алған білімін Отанында қолдануға мүмкіндіктері пайда болды. Қазіргі таңда спорттан ұйымдастырылатын олимпиада, спорттық ойындарда Қазақстандық бауырларымыз жоғары орындардан көрініп, ел беделін көтеруде,еліміздің әнұраны бүкіл әлем алдында жиі ойнатылып Қазақстан деген мемлекет күннен- күнге әлем үшін жаңа белестерден көрінуде.
Елбасымыздың бастауымен Астананың негізі қаланып, бүгін адам танымастай өзгеріске ұшырады, әлемдегі мемлекеттермен келісімшарттар жасалатын, жиналыстар өткізілетін заманауи шаһар қалыптасты.Көпжылдық тарихында толық еркіндігі болмаған еліміз ХХІ ғасыр табалдырығында осылайша тұғыры биік бейбіт мекен ретінде көрініс тапты. Тәуелсіздігіміз жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғанда, осы дүние есігін ашқан күнәсіз пенделердің тал бесіктен жер бесікке дейін өз қалауынша тіршілік ету бақыты пайда болды емес пе? Сол бақытты жандардың бірі-менің де осындай мемлекетте тұруым маған жарқын болашақ сыйлап отыр. Заманның ауыртпашылығын көп көрген ата-апам өткен күннен естеліктерін айтқанда көзіме еріксіз жас ұялайды. Қазіргі бейбіт мемлекетте уайым-қайғысыз өмір сүріп жатқанымыз да осы тәуелсіздік арқасы екеніне тағы көз жеткіземін. Өткеннің асылдарының ыстық ықыластары дамыған Еуропаның, АҚШ-тың жоғарғы оқу орындарында білім алып, сонда алған білімімізді туған жерімізде қолдануды біздің алдымыздағы негізгі мақсат етіп қояды. 2017жылыдың 10маусымынан бастап Қазақстанныңелордасы Астана қаласында«ЭКСПО 2017» халықаралық көрме өттілді. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Сол себепті Рухани жаңғыру бағдарламасы қабылданды.
Қазіргі таңда Елбасымыздың « Ұлы даланың Жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. Мен осындай елде туып-өскенімді мақтан тұтамын. Басқалардың қолы жете бермейтін тәуелсіздіктің бізге келгені-үлкен мақтаныш, дәреже, бақыт.Бүгіндері Қазақстан Республикасы тәуелсіз, еңсесі биік, басқа дамыған мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең егеменді мемлекет болып қалыптасты. Ата-бабамыздан қанмен берілген өжеттік, қайсарлық сияқты қасиеттер болашақ ұрпақты да тек алға, жаңа белестерге жетелейтіні анық. Шығыстан алтын күн нұрын төгіп, еркіндіктің самалы ескен осы кезеңнің баянды болатынына кәміл сенемін.
«Каспий» педагогика салалық технологиялар колледжінің