Сындарлы оқыту теориясы негізінде оқушылардың тілін дамыту жолдары
Сындарлы оқыту теориясы негізінде оқушылардың тілін дамыту жолдары
Қазақ әдебиетін оқыту барысында сындарлы оқыту теориясын пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын байытуда, тілдік ерекшеліктерді дұрыс ұстанудағы әдіс-тәсілдердің тиімділігін ұсыну.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сындарлы оқыту теориясы негізінде оқушылардың тілін дамыту жолдары»
СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең бастысы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі ол да маңызды жағынан біріншіден еш кем емес. « Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» Осы мақсатта Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарына мұғалімдерді қатыстыру арқылы оқыту мен оқу жүйесін жан жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді, алайда дұрыс тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете аладыдеп есептеймін.
Сындарлы оқыту технологиясы – бұл арнайы ерекше дәрежедегі тұлғаны дамыту мен қалыптастыруға бағытталған оқытудағы түрлі тәсілдерді кіріктіруші. Сындарлы тұлға – бұл сындарлы дағдыларға, сындарлы ойлауға ие шығармашылық тұлға.
Бағдарлама жеті модульден тұрады:
№1-кесте
Жеті модуль
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
Білім берудегі басқару және көшбасшылығы
Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабақтарда пайдаланып жүрсе де, тереңіне үңіліп, оларды ешкім әлі де зерттемеді, ешкім толықтай түсінбеді. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады. Біз қолданып отырған бағдарламада түрлі тәсілдерді жинақтап, сындарлы оқыту негіздері қамтылған.
Әрбір оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады. Тілді кіріктірілген бағдарлама арқылы оқытудың негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерте білу.
Менің оқыту тәжірибемдегі мақсатым – баланы субьект ретінде оқуға өзінше қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оқушыларды оқуға іс-әрекеті арқылы ойлау, сөйлеу дағдыларын жетілдіру арқылы бірлесе әрекет ету. Нәтижесінде іс жүзінде күнделікті тұрмыс-тіршілікте ауызекі сөйлеуге икемді болады.
Оқушылар оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін қарым-қатынас жасауға, сыни тұрғыдан өз көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады. Қазақ тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады.
Оқушылардың ой ұшқырлығын, сөз саптау шеберлігін дамытуда проблемалық сұрақтар қызықты, әрі әдеби айтыс туғызатындай дәрежеде қойылуы тиіс. Сондай-ақ бұл сұрақтардың басты ерекшелігі – олар бір ғана шектеулі мәселеге құрылмай, көркем туындыны кеңірек, тереңірек қамтитын мазмұнда құрастырылады. Осы жолда осындай тиімді тапсырлармаларды ұсынамын. Мысалға:
Сыни тұрғысынан ойлау модулі арқылы мұндай тапсырма беруге болады.
1. Қалай ойлайсыңдар, әңгіме неліктен «Найман ана» деп аталады?
2. Жуандардың жас жігітке істеген ісіне қандай баға берер едіңдер?
3. Мәңгүрттік сезім өзі жаулап алған елге қалай әсер етті? Бұрын соңды олар мұндай істі бастарынан кешіп пе еді?
4. Мәңгүрт құлды іздеуге ана неге бел буды? Оны қандай мысалдармен дәлелдейсіңдер?
5. Сол бейшара мәңгүрт басқа біреу емес, менің ұлым болса екен деген жолдардан қандай қорытынды шығаруға болады?
Проблемалық жағдаяттар.
Тапсырма. Жағдаятпен танысып, топ болып талқылқылаңыздар.
Жағдаятты сахналаңыздар.
1-топ. Сен өте асығыссың. Себебі, сабаққа үлгеруін қажет. Көшеде жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сенің әрекетің?..
2-топ. Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді. Сен достарыңмен ойнап жүріп, бұл өтінішті тіпті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі үйді жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің?...
3-топ. Үйде ешкім жоқ. Тек сен ғана. Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң, ауылдан келген туысқан апаң. Сенің анаң ешкімге есік ашпауыңды ескерткен. Сенің әрекетің?
Тиімділігі: проблемалық жағдаяттар арқылы үнемі жүйелі түрде жұмыс жүргізудің нәтижесінде ғана тіл үйренушілердің білім сапасын көтеру бағытында жақсы жетістіктерге жетуге болады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту бойынша тапсырма.
«Өрмекші торы» әдісі
Шарты: Оқушылар шеңбер құрап өткен тақырыпты айту арқылы бір-біріне бума жіпті лақтырады, жіпті алған оқушы алдыңғы оқушының ойын жалғастырады. Нәтижесінде жіптер шырмалып, өрмекшінің торына ұқсап қалуы тиіс. Жіптің көлеміне қарай оқушыны білім деңгейін анықтауға болады.
Мысалы: Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесінін оқиды. Тақырып бойынша әр оқушыға сұрақ беріледі. Мәселен, оқушылар шығарманың тақырыбы мен идеясын табады.
Тиімділігі: Бірінін ойын бірі тез жалғастыра отырып оқушылар шапшаң іс-әрекет жасайды, сол арқылы сұрақ қоя білуге және оған жауап беруде ойлау қабілеті артады.
Талантты және дарынды балаларға арналған тапсырмалар.
«А» деңгейі
Тапсырма: «Ұлпан» романына жоспар құраңыз.
Жоспар:
Қалың Керей - Уақтың билігін қолында ұстаған - Есеней мен Артықбай батырдың достығы, Есенейдің Артықбайдың үйіне келуі.
Ұлпанды құтқаруы.
Ұлпанды айттыруы.
Той қамы, Есенейдің билік құруы.
Ел қарызын өтеуі.
Орыс үйіне келуі,тіршілік бейнесі.
Есенейдің құлауы, Ұлпанның Ақнар атануы, айналасы он - он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады.
Қорлыққа шыдай алмаған – Ұлпан.
Ұлпанның қарғысына ұшыраған - Торсан
«В» деңгейі
Тапсырма: Есенейге мінездеме беріңіз.
Есеней – романдағы тағы бір ең басты кейіпкерлердің бірі. Есеней Шыңғыс сұлтанның беделді биі. Оның даңқы, атағы бес болыс Керей-Уақ елін Кенесарының шапқыншылығынан аман алып қалған тұста дүркіреп шыққан, жасы алпысқа келген. Есеней - ол дәулетті, қатал билердің бірі болған. Ол − ауыр сүйекті, балуан денелі адам. Бар өмірі ат үстінде таза ауада өтіп келе жатқандықтан, үсті-басы қол батпайтын білеудей -білеудей бұлшық ет, бірақ қарны шыққан емес. Есеней діндар адам болғанымен бір кезде аса адуын, озбыр би болатын.
«С» деңгейі
Тапсырма: Ұлпанға «РАФТ» әдісін пайдалана отырып, хат жазыңыз.
«Айрықша тапсырма» әдісі.
Шарты: Қабілетті оқушылар үйге ешкім орындамаған күрделі де, қиын тапсырма алады. Ол салтанатты түрде табыс етіледі және арнайы дәптерге орындалады. Орындалған тапсырмаға «төрттен» төмен баға қойылмайды.
Мысалы: Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесіне жоспар құра.
Тиімділігі: Қабілетті оқушылардың қиын тапсырмаларды орындай алатындығына сенімді боламыз.
Білім берудегі басқару және көшбасшылығы бойынша тапсырма.
«Айналмалы бекеттер» әдісі
Шарты: Үш топқа бір – бір постер қағаздары беріледі, постерлерге арнай тақырып беріледі.Әр топ өз постерін қорғайды. Әр топ өздеріне тиесілі постердегі білетіндерін жазып, сағат тілі бағытымен келесі топқа ауыстырады, келесі топ осы тақырып жөнінде толықтырады, тағы сол сияқты жалғасып, бастапқы топқа келеді. Бастапқы топ барлық жиналған мәліметті қорытып, тақтаға шығып қорғайды.
Мысалы: Мұқағали Мақатаев шығармашылығын постерге жазып қорғау.І-топ постерге Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінің тәрбиелік мәндерін жазса, ІІ-тор поэмаларының ерекшеліктерін жазады.Осы әрекеттерден кейін оқушылар постер мазмұнын түсіндіреді.
Тиімділігі: Жазушының шығармалары жайында мәлімет алады.Оны өмір тәжірибесінде қолданады.
Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға арналған тапсырмалар:
«Кубизм» стратегиясы
Шарты:Куб алты қырдан тұрады кубтың алты қырына суреттеуге, баяндауға, талдауға, салыстыруға, қолдануға, зерттеуге арналған алты түрлі тапсырма жазылады.
Мысалы: М.Әуезовтың «Көксерек» шығармасы алсақ.
Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.
Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығармалар білесіз?
Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген, Құрмашқа ауыз садырған қандай жағдай?
Талда. Көксеректің қатыгездігің қай тұстарда байқадыңыз?
Ұлтымыздың ұлы көшбасшысы Д.Қонаев «Өмірдің екі тірегі бар: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау» деген даналық сөзін болашақ маман ретінде еңбегімнің бағдаршамы ретінде ұстана жүріп, барша әріпестерімді де, үйренуден жалықпауға, үйретуден аянбауға шақырамын әрі еңбектеріне шығармашылық толағай табыс тілеймін.
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін. Қазақтың болашағын тәрбиелеу мен білім беру ісінде әлемдік стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстансақ қателеспеспіз деп ойлаймын.
Ж.Мусин атындағы жоғарғы педагогикалық колледжінің филология бөлімінің IV курс студенті Рыскельдина Айнагүл Жанатқызы