Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне жататындар – əрбір оқушының жеке жəне дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру. Жаңа педагогикалық технология: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы, түсіндіру, басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нəтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Педагогикалық технологиялар»
Педагогикалық технологиялар
Бүгінгі таңда республикадағы жəне аймақтағы экономикалық нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында, оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі технологияларын жетілдіру өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (1999) білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі – жеке адамды қалыптастыруға бағытталған рөлі жəне педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамта- масыз етуге, олардың жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі қарастырылған. Дəстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нəтижелерінен көрініс табуда. Осыған орай, оқу-тəрбие үдерісін жетілдірудің қазіргі технологияларын жетілдіріп, сабақ беруде қолдану арқылы білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде.
Əртүрлі əдістерді қолдану жəне оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады, дамыта оқыту технологиясы (Л. С. Выготский, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сəйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В. М. Монахов) оқу үдерісін мақсатты жобалап, құруға болады.
Ал, соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен Дьяченконың оқытудың ұжымдық тəсілі, сондай-ақ профессор Қараевтің оқытуды дифференциялау жəне білім беру демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Мəселен, Л. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты əрі мынадай ұстанымдардан құралады:
жоғарғы деңгейдегі қиындыққа оқыту;
теориялық білімнің жетекші рөлі;
оқу материалын жеделдете оқыту;
оқу үдерісін оқушының сезінуі ;
Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу Л. В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның əлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу əрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне жататындар – əрбір оқушының жеке жəне дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру. Жаңа педагогикалық технология: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы, түсіндіру, басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нəтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы.
Ынтымақтастық педагогикасы технологиясы.
Мақсаты: талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту. Балаға ізгілік тұрғысынан қарау. Оқыту мен тəрбиенің бірлікте бірлігін қалыптастыру. Ерекшелігі:
мұғалім де, оқушы да субъект болады;
басымдылық көрсетілмейді;
бірлік одақта қызмет етеді;
мектеп ұжымы арасында өзара ынтымақтастық орнайды;
балаға жеке ізгілік қарым-қатынас тұрғысынан қарау;
қоршаған орта педагогикаланады.
Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш. А. Амонашвили бойынша). Білім беруді ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш. А. Амонашвили. Мақсаты: баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тəрбиелеу. Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту, білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасау. Ерекшеліктері:
ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;
бала психикасы дамуға, есеюге жəне еркіндікке құштарлы- ғын қалыптастыру;
əсемдікті, əдемілікті сезіну, қабылдау;
рухани жетілдіру;
ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау;
ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;
оқыту мен тəрбиелеудің бірлігі.
Проблемалық оқыту технологиясы.
Проблемалық оқыту технологиясының негізгі мақсаты – оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық жəне шығармашылық икемділіктерін дамыту. Проблемалы оқыту технологиясының ерекшелігі де оқушының белсенділігін арттыру жəне оқу материалдарын баланы қызықтыратындай құпиясы бар мəнге жеткізу. Себебі, оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.
Тірек сигналдары бойынша оқыту технологиясы (В. Ф. Шаталов бойынша) .
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В. Ф. Шаталов. Мақсаты: əр оқушының білім, білік, дағдыны қалыптастыру, жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық балаларды оқыту, жеделдете оқыту. Технологияның мазмұндық ерекшелігі:
материалдар ірілендіріп беріледі;
блоктық түрде беріледі;
оқу материалын тірек сызбалары – конспектілеу арқылы беру;
берілетін ақпаратты, ойды айқын бейнелейтін тірек конспектісі.
Ұжымдық оқыту технологиясы. Мақсаты: əр оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тəрбиелеу. Өзін-өзі басқаруға, байқампаздыққа жетелеу.
Ерекшелігі:
Жекелей оқыту.
Жұптық оқыту.
Топтық оқыту.
Ұжымдық.
Оқушы-оқушы, оқушы-оқытушы, оқушы-үйретуші міндеттерін атқарады.
Талаптары:
– Əр оқушының еңбегі пайдалы болуы керек.
– Өзінің ғана емес, басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау.
– Өзі оқи отырып өзгені оқыту.
– Түсінбегенді түсіндіру, меңгергенше меңгерту.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.
Деңгейлеп саралап оқытуда негізделген технология дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын белсенділігін дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Мақсаты: əр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту. Оқытуды оқушының əр түрлі топтарының ерекшелігіне сəйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Ерекшелігі:
Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан əрі бекіте түседі, əлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
Білім дəрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.
Саралап оқыту технологиясы.
Саралап оқыту – бұл:
– оқу үдерісінде мұғалімдердің, оқушылардың білімдерін есепке ала отырып, жұмыс істеуі;
– əр түрлі топтарды оқыту үдерісінде жалпы дидактикалық жүйенің бөлімі;
Саралап оқыту əдісі оқу үдерісінің белгілі бір білігін қамтитын саралап оқытуды ұйымдастырудың, құралдары мен əдістерінің жиынтығы болып табылады. Оқыту жүйесінің кез келгенінде қандай да болсын оқушыларды саралауы жүзеге асып отырады. Сондықтан саралап оқыту əдісінің өзі əр түрлі əдістемелік құралдарды қолдану арқылы енген. Сипат бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
– жас ерекшелігі бойынша;
– жынысына байланысты;
– қызығушылығы бойынша;
– ақыл-ой деңгейінің дамуы бойынша;
– тұлғалық-психологиялық типтері бойынша;
– денсаулық деңгейі бойынша.
Мақсаты: əркімді мүмкіндігіне сай оқыту. Əр түрлі топтағы оқушыларды ерекшелігі бойынша оқуға бейімдеу.
Ерекшелігі:
– үлгерімі жақсы оқушыға көңіл бөлініп, нашар оқушыларға көмектесу мүмкіндігі туады;
– қиын балалармен тиімді жұмыс жүргізу мүмкіндігі болады;
– жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
– оқушылар қабілеті артады;
– əлсіздер оқу мүмкіндігіне ие болады;
– деңгейлері бірдей оқушыларды оқыту мен тəрбиелеуде қиындық кездеспейді.
Жаңа материалды түсіндіру кезінде мұғалім мынадай мəселелерге көңіл аударады.
І. Ең басты негіз, ядро – білім мазмұны, пəннің теориялық мəні, тірек мəліметтері.
С. Н. Лысенкованың технологиясы Тірек сигналдарын пайдалана отырып перспективалық – жеделдете оқыту.
– мұғалімге оқушыны үйретуге, ал оқушының үйренуіне мүмкіндік берілуі.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (Эрдниев технологиясы.) Мақсаты: математикалық білімнің оқушылардың интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытудың басты шартын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін жасау.
Ерекшелігі:
Өзара байланысты амал операциялар, тақырыптар, бір мез- гілде беріледі.
Есеп құрастыру, шығару, практикалық жұмыстарды жүргізу бірлікте қамтамасыз етіледі.
Тура есептерді кері есептермен байланыстыру.
Жүйелі де тиянақты білім беру.
Берілген тапсырманы баланың ойлау қабілетін дамытуға ықпалын қамтамасыз ету.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
Қызығушылықты ояту ( «көпір жасау», ой қозғау);
Мағынаны тану (мағынаны ажырату);
Ой-толғаныс (рефлексия, жаңа білім құрастырылады).
Білім берудің маңызды шарты оқу үдерісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тəн деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балаларың да бұл жұмыста дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сəйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік береді. Атақты қытай ойшылы Конфуций «танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы – тəжірибе, ең мəртебелісі – ойлау» деген екен. Демек, сол əдіс-тəсілдерді меңгертіп, ішінен қажеттісін таңдау арқылы əр сабақтың мақсат- міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Дамыта оқыту жүйесі сияқты «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының да негізгі қағидалары мен мақсат-міндеттері дамытып-тəрбиелей отырып, шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған.
Модульдік оқыту технологиясы.
Модульдік оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың əдісі мен тəсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген оның мақсаты – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тəсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету. Бұл технологияның ерекшелігі – тұлғаның танымдық үдерісін дамытуға бағытталған.
Модульдің көптеген анықтамалары бар:
– модуль – біліктілік мінездемесінің талаптарына жауап беріп, мамандық бойынша оқу пəндерінің жиынтығын ұсынатын мемлекеттік білім беру стандарт бірлігінің үлесі;
– модуль – пəнаралық əдістемелік ұйымдастыру құрылымы болып, əр түрлі оқу пəндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты меңгеруді жəне оқу үдерісіне пəнаралық қатынасты қамтамасыз етеді;
– модуль – бір ғана оқу пəнінің шеңберіндегі ұйымдастыру əдістемелік құрылымының бірлігі.
Оқу модулі үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлесу жəне қорытынды бөлім.
Оның мазмұнына:
1) оқытудың жалпы мақсатын қою;
2) жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3) оқушылардың білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;
4) оқыту əрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
5) нəтижені бағалау енеді.
Осының арқасында оқу үдерісі «модульдік» сипат алып, құрылымыортақ, бірақ мазмұныəр түрліжеке блоктардан жасалады. Модульдік оқыту технологиясының осы нұсқасын құруда толық меңгеру əдістемесінің негізгі шарттары, құрылып жатқан педагогикалық технологиялардың негізгі қағидалары ескерілді. Осыдан келіп мұғалімнің оқу үдерісін құрудағы жұмысының өзгертуі туындайды. Модульдік оқыту XX ғасырдың 60 жылдарының аяғынан бастап ағылшын тілді елдерде дами бастаған. Оның негізгі мəні – сабақтың жоспары, ақпараттар банкі жəне сабақтың дидактикалық мақсаттарына қол жеткізуге бағыт беретін əдістемелік нұсқаулардан тұратын жеке оқу бағдарламасын оқушылардың өзіне ұсынып, сол бойынша оларға өз бетімен жұмыс жасату.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсаты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден – бір шарты – оқу орындарындағы бңлңм беру процесіне жаңа инновациалық технологияларды еңгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми- техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
– әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
– білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
– өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;