kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Доклад по теме ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР –ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ МАЗМҰНДЫ ІСКЕ АСЫРУ ҚҰРАЛЫ

Нажмите, чтобы узнать подробности

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР –ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ МАЗМҰНДЫ ІСКЕ АСЫРУ ҚҰРАЛЫ

        ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған Қазақстан Республикасының білім беру саласының алдында болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту ісіне берілетін білімнің сапалы болуы,ең жаңа әдістемелермен меңгерілуі жалпы білім беретін орта мектептің басты міндеті.Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына,тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білумен өлшенеді деп тұжырымдалады.ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы түсініктемеде «Білімді,білік –дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды қуат көзі болатын,жедел өзгеріп отыратын жағдайда дамитын және өзін-өзі ашып көре алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады » делінген.Бұл тұжырым- білім берудің басты философиясы.олай болса,оны орындау үшін оқытудыңжаңаша әдіс-тәсілдерін,яғни инновациялық технологияларды қолдануды талап етеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Доклад по теме ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР –ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ МАЗМҰНДЫ ІСКЕ АСЫРУ ҚҰРАЛЫ»

«Үшжарма орта мектебі

мектепке дейінгі шағын

орталығымен»

мемлекеттік мекемесі



ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР –ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ МАЗМҰНДЫ ІСКЕ АСЫРУ ҚҰРАЛЫ


ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған Қазақстан Республикасының білім беру саласының алдында болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту ісіне берілетін білімнің сапалы болуы ,ең жаңа әдістемелермен меңгерілуі жалпы білім беретін орта мектептің басты міндеті.Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына ,тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білумен өлшенеді деп тұжырымдалады.ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы түсініктемеде «Білімді ,білік –дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды қуат көзі болатын ,жедел өзгеріп отыратын жағдайда дамитын және өзін-өзі ашып көре алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады » делінген.Бұл тұжырым- білім берудің басты философиясы.олай болса,оны орындау үшін оқытудыңжаңаша әдіс-тәсілдерін,яғни инновациялық технологияларды қолдануды талап етеді.

Оқыту әдістері дегеніміз-мұғалім мен оқушылардың жұмыс тәсілдері.Әр оқушы сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай ,соны өзі игеріп,ізденіп,талдап,пікір таластыру деңгейіне жетіп,үнемі даму үстінде болуы қажет.

Қоғам сұранысы мен қажеттілігіне сәйкес әлемдегі және бүгінгі озық тәжірибе ,жаңа технологиялар ,оқыту формалары жаңарып заман талабына сай өзгеріске түсіп отырады.Қазіргі кезде мамандардың құзыреттілігін қалыптастырудағы мектептің алатын орны ерекше.Осыған байланысты мектептегі әдістемелік қызмет мұғалімнің орнығып қалыптасуы ,кәсіби өсуі шеберлігі күнбе –күнгі педагогикалық жұмыстың барысында пайда болады.Қазіргі заман мектебінің басты мақсаты –күннен күнге дамып,нығайып келе жатқан мемлекетімізге әлемдік құндылықтарды игеру арқылы рухани баю мен дамуға бағыт алған, ұлт мәдениетін жетік меңгерген,адамгершілік қағидаларын берік ұстаған жас ұрпақты тәрбиелеу.Бүгінгі таңда еліміздің мектептерінде оқытылып жатқан әр пәнді үйрету барысында қолданар озық үлгідегі әдіс –тәсілдер қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа технологияларын, ақпарат құралдарын кеңінен қолдану арқылы ғана заман талабына сай білім бере алады.Өзіндік пікірін ашып айта алатын, ақпарат құралдарын жетік меңгерген ,болашақ мамандығына тек тиімділік тұрғысынан ғана қарайтын бүгінгі күннің балаларын белгілі пәнге қызықтыру,дұрыс таңдау жасалған жағдайда,оның өміріне тигізер зор пайдасын ұғындыру технология пәнінің алдында тұрған үлкен міндет.

Технология пәнін оқытуда еңбек етудің алғы шарттарын үйрету арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді.Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім –тәрбие үрдісін жетілдіру,жұмыс мәдениетін,адамдар арасында адамгершілік қарым-қатынастарды жаңарту,еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуге негізделген.Бүгінгі таңда олар үлкен өзгеріске ұшырап отыр.Осыған орай түрлі педагогикалық технологиялар мектепте қолданылып отыр.Мұғалімдер мен оқушыларға дидактикалық материалдармен қоса техникалық құралдар,қашықтан оқыту көмекке келді.Техника, технология сөзі грек тілінен аударғанда «шеберлік»ұғымын білдіреді.50-жылдары оқыту үрдісіне техникалық құралдардың келуіне байланысты «білім беру технологиясы» деген сөз енсе,50-60 жылдары ол терминді «педагогикалық технология» деп атаған.

«Педагогикалық технологиялар» терминіне Б.Т.Лихачев арнайы лайықталған әдістер, тәрбие құралы түріндегі психологиялық –педагогикалық қондырғы деп анықтама берсе, ал В.М.Монахов оқыту үрдісін жобалау ,ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі деп сипаттама береді.Орыс ғалымы Беспалько «тәжірибесінде іске асатын нақты педагогикалық жүйе,жоба»,-деп атап көрсетті.

Г.К.Селевко мен В.М.Шепель анықтамаларындағы ойлары ұштасып жатыр.Жаңа техналогияны енгізу барысында төмендегі ережелер басшылыққа алынған жөн:

- оқушы мен мұғалім арасында шығармашылық қарым-қатынас қалыптастыру:

- оқушы алдына мақсат қоюға, оны орындауға үйрету:

- әр оқушыны мүмкіндігі мен қабілет деңгейіне қарай оқыту.

Жаңа технологияны қолдану төмендегі кезеңдерді қамтиды:

І-кезең –оқып –үйрену ІІІ-кезең –енгізу

ІІ-кезең –меңгеру ІҮ-кезең –дамыту

Дүние жүзі бойынша оқытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру жұмыстары соңғы кезде кең көлемде жүріп жатыр.В.Ф.Шаталовтың ұсынған әдісі негізінде тірек-конспект, диаграмма, график,логикалық тірек-сызба арқылы теориялық материалдарды блокпен оқытып,дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушылардың әр түрлі кезеңдерде үздіксіз білім алуына жағдай жасап,оқыта отырып дамытуға,екіншіден,өз бетінше өмірге бейімделуіне ықпал жасау.

Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы аса зор.Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды,оның шешу жолдарын іздейді.Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады,пәнге қызығуын арттырады ,өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Әрбір сабақ өздерінің жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді,әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне,қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады.Тиімді жақтарын жетілдіре түседі » деп атап көрсеткен.Олай болса,мұғалімнің әрбір сабағы қызықты өтуі шарт.Осыған қол жеткізгенде ғана мектеп оқушы үшін рухани өмірдің түлеген ошағы ,ал мұғалім осы ошақтың құрметті иесіне айналады.Сабақтар қызықты болғанда ғана,мұғалімнің өзіндік ізденістері, қолданған әдіс -тәсілдері арқылы ерекшеленіп шәкірт жүрегінен орын алады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында: «Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек» - деген болатын. Елбасымыздың алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар – жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар, салауатты тәрбие беру әрине, Мағжан Жұмабаев айтқандай мектебіміз бен ұстаздарға байланысты. М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім» - деп атап көрсеткеніндей, еліміздің болашақта ілгері басуы үшін ең алдымен білім қажет. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана-болашақты гүлдендіреді.
Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз.Сол мақсатқа жету үшін сұрақтар туындайды.
Сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Мектептен шыққан оқушы бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек?Осы сұрақтарды шешудің бір жолы –оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану.Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу ,жаңалық әкелу,жаңа әдістеме мен жаңа технология.Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын.Көрсеткең,мүмкін есімде сақтармын.Қатысушы болсам,мен түсінемін » делінген .Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады.

Жаңа инновацияны пайдаланудың әдістері неде?

1)қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты.Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз.Бұған оқыту үрдісіде сәйкес болуы керек.

2)жаңалықты пайдалану оқушының оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп,алдын ала болжам жасауға үйретеді.

3)инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері.
Жаңа оқыту технологиясының түрлері көп. Кейбіреуін атап айтатын болсақ, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (оқушылардың белсенділігі жоғарылап, өздерінің күштеріне деген сенімдері арта бастайды),М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» (оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық потенциалын дамытуға бағытталған),Ж.Қараев пен Ж.Кобдикованың«Үш өлшемді әдістемесі»
Оқушы –тіршілік иесі ретінде биологиялық тұрғыдан дамып қана қоймай, танымдық іс-әрекет субьектісі ретінде үздіксіз дамиды.Олай болса, оқушыға білім бере отырып, оны дамытуымыз қажет.

«Нашар мұғалім шындықты айтып жеткізеді, ал жақсы мұғалім –сол шындықты таба білуге баулиды» деген екен.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Технология сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте технологины оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. «Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі- жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн.

Бүгінгі ұрпақтың ертеңгі жемісі –білім. Білімсіз жанға қазіргі таңда нан табу өте қиын.Заман талабына сай болу үшін ,көп үйрену керек.

Білімге үйрететін – мұғалім.Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру технология пәні мұғалімдерінен мақсаттары мен міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Оқушыларға білім,білік және кәсіптік бағдар беру барысында мұғалім ір оқушының алдында оның келешегіне шын мәнінде жауапты екенін сезіну керек.Осы үлкен міндетті атқару үшін технология пәнінің мұғалімінің өзі білімді, білікті ,мәдениетті, жаңашыл болуы қажет деп ойлаймын.Әрине,көптеген мектептерде бұрынғы ізбен еңбек сабағы деп көңіл бөлмеуі де мүмкін, бірақ өз пәнін жоғары бағалайтын мұғалім міндетін ұмытпауы керек.Сол себептен әр сабағын жаңашаландырып өткізуді мақсат етіп, күрделі дайындықпен сабақты өткізуге қалыптасқан жөн.Сабақтың сапасы- ол білімділігі ,біліктілігі,мәдениеттілігі.Бұл салада бірінші сәттілік –мұғалім проблемасын анықтап,алдына мақсат қояды.Екіншісі –тақырыптық календарлық бағдарламаны жан-жақты зерттеп, мектеп ерекшелігін ескере отырып,дұрыс құруы мұғалімнің мақсатына жету жолының ашықтығы.Ресейде педагогикалық технологияны толық зерттеп,әдебиеттерге енгізген академик В.П.Беспалько болды.Сабақтарда кеңінен пайдаланып жүргенжаңа технология элементтерінің бірнешеуіне тоқталып өтейін:

1.Проблемалық оқыту әдісі.Бұл әдіс күнделікті сабақта қолданылатын әдіс.Тақырып бойынша оқушыға сұрақ беру ,жаңа сабаққа ойын аудару,осыдан келіп сабақтың соңында эверестикалық әдіс қолданылады, яғни оқушыныңөзі сабақты қорытады.

2.Дьяченконың жұптап оқыту әдісі-баланы бір- біріне үйрету,бірінің білім деңгейін біріне бағалату.

3.Канаржевский әдісі.Жаңа сабақ мазмұнынан 1сюжетті оқып беру, тақырыпты жасырын ұстау немесе жұмбақ шештіру арқылы назарын сабаққа аудару.Мен осы әдісті өз сабақтарымда көп пайдаланамын.

Қорыта келгенде жас ұрпақты оқытуда осы айтылған инновациялық технологияларды пайдалану –шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби өсуінің тура жолы.



Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға

арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

«Қазақстан -2030» жолдауы.
3. Қабдиева С. //Бастауыш мектеп – 2004 - №2 – 21б.
4. Қазанғапова Л. //Бастауыш мектеп – 2001 - №2 – (3-9б)
5. Сеңкібаев С. //Ұлт тағылымы – 2001 - №2 – (14-19 б.)
6. Мектептегі технология 2011-№9- 32 б





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Асетов Канат Сарсенбекович

Дата: 01.03.2017

Номер свидетельства: 396894


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства