kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ой толғау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыға хат.

«Азамат болу - парызың». Иә, бұл баршамызға айтылған сөз. Ол еңкейген кәріге де, есейе бастаған жасқа да тән. Осыған орай, әрбір азаматтың алға қойған мақсаты болады.

Біздің заманымыз адамның ардақты атын зәулім биікке көтереді. Мұндай жағдайда адамның қоғам өміріндегі орны өз басының тіршілігіне, еңбегіне байланысты. Былайша айтқанда, бақыт кілті -  әр адамның өз қолында.

Өмір жолы оңай жол емес. Әркімнің өз сүрлеуі бар. Бірақта сол сүрлеу жалпы адамдардың салған сара жолына ұласуы керек. Халық мүддесінен аулақ, жеке жол іздеу, қоғам қорынан үзіп-жұлып күн көру – адамгершілік жол емес.

Ал бақыт дегеніміз – ең алдымен, адамды сүю, Отанды сүю, солардың игілігі үшін жан аямай еңбек ету болып табылады.

Адамның қоғамдық еңбегі алдымен оның адамшылық қасиеттеріне байланысты. Ол үшін адам өзіне қатаң талап қоя білуі керек. Сосын уақытты бағалауы басты шарт. Шығыстың ұлы ақыны Саади «Адам әрбір секундта бір демалады.» деген екен. Ал сол демалудың өмірде санаулы екенін ұмытпау керек.

Жас кездегі басты міндет – білім алу. Ілімге төте жол жоқ. Оған тек ұзақ еңбек жолы ғана апарады. Сондықтан да білімде шек жоқ дейді. Қанша білімді болсаң да, оған қанағат етпей, білген үстіне біле берген жөн.

Өмірдегі ең жаман әдеттерінің бірі – табысқа масаттану, менменсу. Халық әр уақытта қарапайымдылықты, сыпайылықты, әдептілікті жақсы көреді. Кішіпейілділіктен адам кем болмайды, қайта тұлғалана түседі. Кішіпейілділік – адамның көркі.

Бейпілауыз жаман сөздерге әуестену, темекі тарту, арақ ішу сияқты жарамсыз қылықтар адамды тұрпайылыққа, тәртіпсіздікке, қылмысқа апарады. Адам сыншыл, көңілі ашық, жігерлі болуы керек. Әрине, бұл қасиеттер жасанды бояулы болмай, табиғатына біткенде ғана сәнді. Дүниеде жағымпаз болудан жаман жоқ. Кішіпейілділік пен жағымпаздықтың арасы жер мен көктей.

Адамның қасиеттерін нәрлендіре түсетін нәрсе – өзін эстетикалық тәрбиеге бейімдеу. Музыкаға әуестену, музыканы сүйіп тыңдау, жақсы суреттердің мәніне түсіне білу, өлеңге, әдебиетке құлықтану, өткен тарихты білу – адам мәдениетін өсіре түседі.

Өмір жолы жеңіл емес. Бұл жолда кедір – бұдыр да болмайды. Табысқа мақтанбай, қайғыға бағынбай, өзіңді-өзің ілгеріге тарту – адамшылық парызың.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болу қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деген Абай сөзін естен шығармаңдар.

Тіл туралы толғаныс.

.. Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсігүнгі де тағдыры.

. Тіл байлығы – елдің елдігінің айғағы, көркем және ғылыми әдебиеті, өнеркәсібі, мәдениеті, қоғамдық құрылысы, салт-санасы, жауынгерлік дәстүрі, тағы басқа мұрасы қай дәрежеде екенін көрсететін дәлелі, кепілі. Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі. Әр тілдің өз ырғағы бар.

. Біздің тіліміз – көркем, бай. Мәселе соны дұрыс пайдалана білуде. Өз тілінің сұлулығын сезбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну екіталай.

Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының 6 бабында: «Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызу жөнінде қамқорлық жасайды» делінген.

Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді білмеу – үлкен ұят, көпшілік алдында сағың сынады. Өйткені жарқын болашақ сол мемлкеттік тіл арқылы баянды болады. «Өлімнен ұят күшті» екенін жете түсінген әрбір азамат мемлекеттік тілді үйренуге міндетті. Онсыз келешек жоқ.

Әсіресе, мемлекеттік тілдің бүкіл нәрін жас ұрпақтың бойына сіңіру – үлкендердің басты борышы, ұстаздардың қастерлі жұмысы.

«Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады», - деп айтып жатамыз. «Тіл – ұлттың жаны» деген де керемет ұлы сөздер бар. Соны ұқпайынша біз ілгері жылжи алмауымыз әбден мүмкін. Сондықтан қазіргі таңда тіл үйренемін деушілерге жағдай молынан туғызылып отыр.

Мемлекетіміздің бізге артып отырған сенімін ақтайық.

Таным қабілеттерін арттыру.

Сабақ – өте күрделі, сан қырлы. Әрбір сабаққа қойылатын басты талап мыналар екенін білеміз.

  1. Оқушының білімге деген қызығушылығын арттыру.
  2. Сабақтың әдіс-тәсілдерін түрлендіру.
  3. Көрнекі құралдарды тиімді пайдалану, оқушылар сезіміне әсерін білу.
  4. Балалармен ынтымақтасты болу.
  5. Сабақтың өмірмен байланысын нығайту.
  6. Мұғалімнің сабаққа жаңашылдық шығармашылық әрекеті.
  7. Тақырыпты нақты жоспарлауға
  8. Сабақтың типтік әдістерін өзгертіп, проблемалық ізденіс, зерттеу туғызу
  9. Сабақты өмірмен байланыстыру
  10. Қосымша әдебиет, көркем шығармаларды басшылыққа ала отырып, оны сабақтан тыс жұмыстарда жалғастыру. Мұғалім өз пәнін жетік білумен қатар үнемі шәкірттерінен қолдау тапқанда ғана еңбегінің нәтижесі көрінеді.   

Еңбексіз, ізденіссіз тәжірибе немесе әдістеме пайда болмайды. Еңбектің жемісті болуы көбінесе мұғалімнің жеке басына, оның шеберлігіне, іскерлігіне байланысты. Ол үшін көп тер төгіп, ізденіс жасау қажет.

Ізденіс – табыс кілті. Ізденген мұғалім пәнінің төңірегіндегі жаңалықтармен оқушыларды қаруландырады. Оқушының шығармашылықпен жұмыс іздеп, істеп, ізденуіне бағыт береді. Проблемалық оқу-әдісін жүзеге асырудың ең қолайлы жолы – оқушыға проблемалық, логикалық ойлау сұрақтарын беріп шешу.

Ол – оқушыны ойландыра отырып, есте сақтау ынтасын арттыру. Сұрақтарды көбінесе жаңа сабақ бастамастан бұрын, жаңа материалды баяндап болғаннан кейін немесе үй тапсырмасын сұраған кезде іске асырып отыру керек. Сонда біржағынан сергіту, немесе сілкіндіру, әрі тілдік қорын молайтып, ой-өрістерін дамыту.

Қазақ тілін оқыту барысында оқушының өзі ойланып, нақты образдар арқылы терең түсініп, жан-жақты ұғынатын болса, оқушының танымдық қуаты артып, оқу материалын шамалы ғылыми түрде тұрақты меңгеруіне мүмкіндіктер туады. Көрнекіліктер мен сөздіктер арқылы жұмыс істегенде оқушы жаңа сөздерді түсініп қана қоймай, білімін өсіріп, қабілетін жетілдіріп, тілдік қорын молайтып, дүниетанымын өрістетеді. Яғни шығармашылық жетістігіне жетуіне жол табады. Мұғалім мен оқушының арасындағы ынтымақтастықты дамытатын тағы бір жағдай өз бетінше жұмыс істеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ой толғау»

Оқушыға хат.

«Азамат болу - парызың». Иә, бұл баршамызға айтылған сөз. Ол еңкейген кәріге де, есейе бастаған жасқа да тән. Осыған орай, әрбір азаматтың алға қойған мақсаты болады.

Біздің заманымыз адамның ардақты атын зәулім биікке көтереді. Мұндай жағдайда адамның қоғам өміріндегі орны өз басының тіршілігіне, еңбегіне байланысты. Былайша айтқанда, бақыт кілті - әр адамның өз қолында.

Өмір жолы оңай жол емес. Әркімнің өз сүрлеуі бар. Бірақта сол сүрлеу жалпы адамдардың салған сара жолына ұласуы керек. Халық мүддесінен аулақ, жеке жол іздеу, қоғам қорынан үзіп-жұлып күн көру – адамгершілік жол емес.

Ал бақыт дегеніміз – ең алдымен, адамды сүю, Отанды сүю, солардың игілігі үшін жан аямай еңбек ету болып табылады.

Адамның қоғамдық еңбегі алдымен оның адамшылық қасиеттеріне байланысты. Ол үшін адам өзіне қатаң талап қоя білуі керек. Сосын уақытты бағалауы басты шарт. Шығыстың ұлы ақыны Саади «Адам әрбір секундта бір демалады...» деген екен. Ал сол демалудың өмірде санаулы екенін ұмытпау керек.

Жас кездегі басты міндет – білім алу. Ілімге төте жол жоқ. Оған тек ұзақ еңбек жолы ғана апарады. Сондықтан да білімде шек жоқ дейді. Қанша білімді болсаң да, оған қанағат етпей, білген үстіне біле берген жөн.

Өмірдегі ең жаман әдеттерінің бірі – табысқа масаттану, менменсу. Халық әр уақытта қарапайымдылықты, сыпайылықты, әдептілікті жақсы көреді. Кішіпейілділіктен адам кем болмайды, қайта тұлғалана түседі. Кішіпейілділік – адамның көркі.

Бейпілауыз жаман сөздерге әуестену, темекі тарту, арақ ішу сияқты жарамсыз қылықтар адамды тұрпайылыққа, тәртіпсіздікке, қылмысқа апарады. Адам сыншыл, көңілі ашық, жігерлі болуы керек. Әрине, бұл қасиеттер жасанды бояулы болмай, табиғатына біткенде ғана сәнді. Дүниеде жағымпаз болудан жаман жоқ. Кішіпейілділік пен жағымпаздықтың арасы жер мен көктей.

Адамның қасиеттерін нәрлендіре түсетін нәрсе – өзін эстетикалық тәрбиеге бейімдеу. Музыкаға әуестену, музыканы сүйіп тыңдау, жақсы суреттердің мәніне түсіне білу, өлеңге, әдебиетке құлықтану, өткен тарихты білу – адам мәдениетін өсіре түседі.

Өмір жолы жеңіл емес. Бұл жолда кедір – бұдыр да болмайды. Табысқа мақтанбай, қайғыға бағынбай, өзіңді-өзің ілгеріге тарту – адамшылық парызың.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болу қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деген Абай сөзін естен шығармаңдар.






Тіл туралы толғаныс.

..... Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсігүнгі де тағдыры.

.... Тіл байлығы – елдің елдігінің айғағы, көркем және ғылыми әдебиеті, өнеркәсібі, мәдениеті, қоғамдық құрылысы, салт-санасы, жауынгерлік дәстүрі, тағы басқа мұрасы қай дәрежеде екенін көрсететін дәлелі, кепілі. Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі. Әр тілдің өз ырғағы бар.

.... Біздің тіліміз – көркем, бай. Мәселе соны дұрыс пайдалана білуде. Өз тілінің сұлулығын сезбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну екіталай.

Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының 6 бабында: «Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызу жөнінде қамқорлық жасайды» делінген.

Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді білмеу – үлкен ұят, көпшілік алдында сағың сынады. Өйткені жарқын болашақ сол мемлкеттік тіл арқылы баянды болады. «Өлімнен ұят күшті» екенін жете түсінген әрбір азамат мемлекеттік тілді үйренуге міндетті. Онсыз келешек жоқ.

Әсіресе, мемлекеттік тілдің бүкіл нәрін жас ұрпақтың бойына сіңіру – үлкендердің басты борышы, ұстаздардың қастерлі жұмысы.

«Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады», - деп айтып жатамыз. «Тіл – ұлттың жаны» деген де керемет ұлы сөздер бар. Соны ұқпайынша біз ілгері жылжи алмауымыз әбден мүмкін. Сондықтан қазіргі таңда тіл үйренемін деушілерге жағдай молынан туғызылып отыр.

Мемлекетіміздің бізге артып отырған сенімін ақтайық.






















Таным қабілеттерін арттыру.

Сабақ – өте күрделі, сан қырлы. Әрбір сабаққа қойылатын басты талап мыналар екенін білеміз.

  1. Оқушының білімге деген қызығушылығын арттыру.

  2. Сабақтың әдіс-тәсілдерін түрлендіру.

  3. Көрнекі құралдарды тиімді пайдалану, оқушылар сезіміне әсерін білу.

  4. Балалармен ынтымақтасты болу.

  5. Сабақтың өмірмен байланысын нығайту.

  6. Мұғалімнің сабаққа жаңашылдық шығармашылық әрекеті.

  7. Тақырыпты нақты жоспарлауға

  8. Сабақтың типтік әдістерін өзгертіп, проблемалық ізденіс, зерттеу туғызу

  9. Сабақты өмірмен байланыстыру

  10. Қосымша әдебиет, көркем шығармаларды басшылыққа ала отырып, оны сабақтан тыс жұмыстарда жалғастыру. Мұғалім өз пәнін жетік білумен қатар үнемі шәкірттерінен қолдау тапқанда ғана еңбегінің нәтижесі көрінеді.

Еңбексіз, ізденіссіз тәжірибе немесе әдістеме пайда болмайды. Еңбектің жемісті болуы көбінесе мұғалімнің жеке басына, оның шеберлігіне, іскерлігіне байланысты. Ол үшін көп тер төгіп, ізденіс жасау қажет.

Ізденіс – табыс кілті. Ізденген мұғалім пәнінің төңірегіндегі жаңалықтармен оқушыларды қаруландырады. Оқушының шығармашылықпен жұмыс іздеп, істеп, ізденуіне бағыт береді. Проблемалық оқу-әдісін жүзеге асырудың ең қолайлы жолы – оқушыға проблемалық, логикалық ойлау сұрақтарын беріп шешу.

Ол – оқушыны ойландыра отырып, есте сақтау ынтасын арттыру. Сұрақтарды көбінесе жаңа сабақ бастамастан бұрын, жаңа материалды баяндап болғаннан кейін немесе үй тапсырмасын сұраған кезде іске асырып отыру керек. Сонда біржағынан сергіту, немесе сілкіндіру, әрі тілдік қорын молайтып, ой-өрістерін дамыту.

Қазақ тілін оқыту барысында оқушының өзі ойланып, нақты образдар арқылы терең түсініп, жан-жақты ұғынатын болса, оқушының танымдық қуаты артып, оқу материалын шамалы ғылыми түрде тұрақты меңгеруіне мүмкіндіктер туады. Көрнекіліктер мен сөздіктер арқылы жұмыс істегенде оқушы жаңа сөздерді түсініп қана қоймай, білімін өсіріп, қабілетін жетілдіріп, тілдік қорын молайтып, дүниетанымын өрістетеді. Яғни шығармашылық жетістігіне жетуіне жол табады. Мұғалім мен оқушының арасындағы ынтымақтастықты дамытатын тағы бір жағдай өз бетінше жұмыс істеу.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ой толғау

Автор: Жумагалиева Анара Надиршаевна

Дата: 15.10.2016

Номер свидетельства: 349329

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "?деби ертегілер. ?бділд? Т?жібаев. Тола?ай "
    ["seo_title"] => string(45) "diebi-iertieghilier-bdild-t-zhibaiev-tolag-ai"
    ["file_id"] => string(6) "128170"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415451250"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "открытый урок на тему ?. Т?жібаев «Тола?ай» ?деби ертегісі"
    ["seo_title"] => string(51) "otkrytyiuroknatiemutzhibaievtolagaidiebiiertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "293457"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455472329"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Ашы? саба? Тола?ай ертегісі "
    ["seo_title"] => string(32) "ashyk-sabak-tolag-ai-iertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "164543"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422644179"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "6-сынып Сабақтың тақырыбы: Толағай тауы туралы ертегі"
    ["seo_title"] => string(58) "6_synyp_sabak_tyn_tak_yryby_tolag_ai_tauy_turaly_iertieghi"
    ["file_id"] => string(6) "416377"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495038980"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "?.Т?жібаев "Тола?ай""
    ["seo_title"] => string(21) "t-zhibaiev-tolag-ai-1"
    ["file_id"] => string(6) "303861"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457615429"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства