Методы привития интереса к изучению специальных дисциплин
Методы привития интереса к изучению специальных дисциплин
Арнайы пәндерді оқытуда шығармашылық тапсырмалар арқылы студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, жан-жақты ізденушілік қабілеттерін дамыту жолдары.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Методы привития интереса к изучению специальных дисциплин»
Шығармашылық жұмыстар арқылы студенттердің арнайы пәндерге қызығушылығын арттыру
Қазіргі кезде қазақ тілінің қолданылатын өрісі барған сайын кеңейе түсуде. Сондықтан, колледж қабырғасында қазақ тілі пәнінің оқытылу жайы мен оны шәкірттердің меңгеруі туралы көптеген пікірлер айтылуда. Студенттердің қазақ тілі пәнін оқып-үйренуге деген ынтасы мен ойлау қабілетін арттыру үшін оқытушы оқу үрдісін үнемі жетілдіріп , түрлендіріп отыруы керек. Студенттің қазақ тіліне ынтасын дамыту – оқытушының негізгі мақсаты. Сонымен бірге, студенттің пәнге қызығушылығы – оны табысты да түбегейлі игерудің негізгі шарттары.
Пәнге қызығұшылықты дамытудың үш шарты бар. Біріншісі – мазмұнның жаңғыртылуы, бұрын жария етілген фактілерді жаңаша сипаттап, хабарланып отырған материалға тарихи бағдар беру, ілімнің практикалық мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтары мен табыстарын жүйелі баяндау. Екіншісі – өзбетінше жұмыс істеудің әрқилы түрлеріне, оқытудың проблемалық тұрғыда қолға алған материалдарын зерттеу негіздеріне және оқушының шығармашылық, практикалық жұмыстарына бағытталған оқыту тәсілдері.Үшіншісі –баланың қабілетін ұштауға мұғалімнің дайын тұруы, олардың бар мүмкіндіктерінің ашылуына қолдау көрсетіп, талап қоюшылық пен адалдық танытуы , көтермелеу арқылы өз ара бәсекелестікке тәрбиелеу.
Сабақтың тиімділігін арттыру және оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын тудыру жолдарының бірі – сабақ барысында баланың алған білімін баяндауға ынталылығын және қазақ тілінің тарихының элементтерін енгізе отырып, есептің текстік мазмұнының тартымдылығын арттыру керек. Оқу үрдісі оқушыны қанағаттандыратындай ұйымдастырылуы керек. Оқушы назарын аударатын, ойына түрткі болатын қазақ тілі туралы қызғылықты материалдар мен әр түрлі қызықты да тартымды жаттығулар, ойындар сабақ үстінде өзінің орнын табуы керек. Мұндай жаттығулар оқушылардың тілге деген ынта-ықыласын арттырып, жаттығуларды өздігінен орындауға итермелейді, логикалық ой-өрісін дамытады. Пәнді оқып-үйренудегі оқушылардың саналылығын және тапсырмаларды өзбетімен орындай білуін жетілдіруге үй тапсырмаларын орындатудың маңызы зор. Баланың үй тапсырмасын ерінбей орындауы – өзбетімен жұмыс істеудің белгісі. Үй тапсырмасын орындау сыныпта басталған жұмыстың жалғасы болады. Оқушының өзі орындайтын үй тапсырмасы – оқу-тәрбие үрдісінің ең маңызды және негізгі бөлігі. Оны орындау негізіндегі алған білімі пысықталып, дағдылары қалыптасады. Үй тапсырмасының көлемі мен қиындығы оқушының шамасына қарай лайықталып, олар меңгере алатындай мөлшерде берілуі тиіс. Үйге берілген тапсырманы қандай түрде болмасын, оқытушы уақытында тексеріп отыруы керек. Оны күнделікті тексеру нәтижесінде студенттердің білім мен дағдысындағы байқалған олқылықтарды болдырмау үшін, оқытушы өзі берген тапсырмаларды бұлжытпай орындап отыруға баланы үйретуі тиіс.
Тілді оқыту үрдісін жетілдірудің көптеген факторлары бар. Солардың ішінде кейбіреулеріне ғана тоқталайық. Осы жұмыстардың ең негізгісі – қазақ тілі пәні оқытушысы оқытудың ғылыми және әдістемелік дәрежесін үнемі жоғары сатыға көтеріп, сонымен қатар, әрбір оқушының жеке басына қамқорлық жасап, ұқыпты түрде қөңіл бөлуі керек. Қазақ тілі пәнін оқыту үрдісін жетілдірудің басты мақсаты – шәкірттердің жаттығу орындау қабілетін арттыру екені түсінікті. Үй тапсырмаларын ойдағыдай орындап , сыныпта сабақты мұқият меңгерген студенттің қазақ тілін де оңай игеретіні белгілі.
Оқытушының негізгі мақсаты – ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқуға үйрету. Ол үшін оқушылар білім негіздерін оқытушының басшылығымен іздестіре отырып, өздері одан әрі ғылымның терең қатпарларына үңілуі тиіс. Оқу үрдісі осылай ұйымдастырылған жағдайда ғана студенттердің ойлау қабілеті кеңейіп, сабаққа деген ынтасы артады. Қорыта келгенде айтарым, оқытушы өзінің пәнге деген қызығушылығын өз студенттерінің бойына сіңіре білуі қажет.