Просмотр содержимого документа
«Мен осы мамандыққа лайықпын»
Эссе
Мен осы мамандыққа лайықтымын!
Тілім менің тірегім,
Тілімде бар тілегім.
Мәңгілік Ел тамыры,
Тіліммен өмір сүремін...
Менің тілге деген қызығушылығым сөз өнеріне деген сүйіспеншіліктен туды. Сөз өнері - өнердің құдіреті. Ең қарулы да, ең саналы да, ең киелі де, ол –сөз. Сондықтан да мен қазақ тілі мен әдебиеті факультетін таңдаған болатынмын.
Адам баласы дүниеге келген соң өніп-өсуді армандайды. Яғни білген үстіне біле берсем деген құштарлық. Өмірде экономикалық және саяси көзқарастар өзгеріп отырады. Уақыт талабына қарай өзіңді ортаға бейімдеу үнемі ізденісті қажет етеді. Бүгінгі таңда білім саласында да ауқымды өзгерістер болып жатыр.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңгі болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деген сөзінде терең мән жатыр.
Менің түсінігімде ұстаз болу – бұл шеберлік және өскелең ұрпақ үшін үлкен жауапкершілік. Ұстаздық мамандық кез келген адамның қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, шығармашыл адамға тән қасиет.
Ұстаздық жолды мен өзім таңдадым. Оқуды сырттай оқып жүріп, Амангелді негізгі мектепте еңбек жолымды бастадым. Басында «бұл мамандықты игеріп әкете аламын ба?» деген ой қатты толғандырды. Сондықтан да оқушылармен ортақ тіл табысуға, қиындық туса оңтайлы шешім қабылдауға, шыдамды болуға тырыстым. Оқушының сенімді досы да, ақылшысы да, қамқоршысы да болу менің міндетім деп түсіндім. Іздене жүріп тәжірибемді шыңдадым. «Көз - қорқақ, қол - батыр» деген осы. Бүгінгі күні бұл мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Өмірде болып жатқан жаңа құбылыстардың сырын ашу үшін Кембридж бағдарламасы бойынша біліктілігімді арттырдым. Оқытудың жаңа бағыты маған жаңа серпіліс әкелді. Заманауи әдіс-тәсілдерді меңгере отырып өз тәжірибемде қолдана бастадым. Қазіргі таңда техниканың дамуы сапалы білім беруге өз септігін тигізуде. Ақпараттық коммуникативтік технология сабақ үрдісін қызықты етіп, жеткізу, меңгерту жолының тиімді әдісіне айналды. Мен оқушыны тек біліммен ғана шыңдамай, оған жан-жақты тәрбие беруге тырысамын. Өз тәжірибемде ұлттық адами құндылықтарды бала бойына сіңіруді мақсат деп білемін.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, коммуникациялық желілерге шығу» делінген.
«Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман» - деген өткен ғасырдағы қанатты өсиет бүгінгі таңда да өзекті. XXI ғасыр – білімділер заманы. Сондықтан көштің басы болу үшін үнемі ізденісте болуымыз қажет.
Қазақ тілі мұғалімі болғандықтан оқушының сөйлеу мәдениетіне ерекше көңіл бөлемін. Әр бала күнделікті қолданыстағы сөздерді ана тілінде дұрыс айтуға бейімделуі қажет. Себебі, тілдің тіршілігі – қолдануында.Тілде рух бар. Сол рух сөйлеу арқылы сақталады. Тіл - болашақтың күре тамыры екенін ұғынуын мақсат етемін. Оқушы бойына рухани құндылықтарды сіңіруіне жол ашамын.
Әрбір оқушының жүрегіне жол таба білу,оны қызықтыра білу, жігерлікке, батылдыққа, қажырлыққа, тәртіптілікке,еңбек сүйгіштікке , көпшілдікке,
мәдениеттілікке тәрбиелей білу-ұстаздың шеберлігінің жемісі деп білемін. Мен ұстаздық мамандықты таңдағаныма қуаныштымын. Өзімді осы мамандыққа лайықтымын деп санаймын.