Тақырыбы | Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану. |
Мақсаты | Мұғалімдер оқу үдерісінде сын тұрғысынан ойлауды дамытудың негізгі әдістерін анықтайды. |
Оқу нәтижесі: | Мұғалімдер өз пәні бойынша сын тұрғысынан ойлауды дамытуға ықпал ететін үш түрлі тапсырма әзірлейді. |
Түйінді идея | Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді. |
Ресурстар | АКТ, таныстырылымдар,бейнеролик, А -3 , А-4, фломастерлер, Үлестірме материалдар, мұғалімдер, |
Дереккөздер | «Тәжірибедегі рефлексия»кәсіби даму бағдарламасы, Тренерлерге арналған нұсқаулық , Үлестірме материалдар 193 бет, Мұғалімге арналған нұсқаулық 43-48 бет, |
Сабақ барысы: |
Бастапқы модуль 10 мин | Көңіл-күй орнату. Тренинг: «Мен елімді сүйемін» Егер сіздің көршіңіз болса, көршінің басын сипаңыз. Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз. Егер сіз иттерді жақсы көрсеңіз, көршілеріңізді құшақтаңыз. Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз. Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз. Егер сіз мені жақсы көрсеңіздер, алақандарықызды соғыңыздар. Рахмет!!! Топтың ережесін еске түсіру |
10 мин Зейінді шоғырландыру. | Бейнежазба қарау «Болашақтың мектебі». Бейнежазба мазмұны бойынша ой бөліседі. |
Тақырыптық модуль Ақпарат 25 мин | Миға шабуыл «Ассоциация» әдісі «Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз...» Ақпарат ресурстары: 1. Сын тұрғысынан ойлау туралы жалпы түсінік. 2 Сыныптағы балалар мен жасөспірімдердің сын тұрғысынан ойлауы. (Білім беру платформасын қара). 3 Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауы.Рефлексиялық оқыту. 4топ.Баланың не үйренгендігі туралы сын тұрғысынан ойлау |
Тәжірибе 20 мин | Жеке жұмыс: «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құралдарын өзімнің пәнімде қалай қолданатын боламын?» |
5 мин. Зейінді шоғырландыру | «Не өзгерді?» ойыны Мақсаты: Оқушының танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту. Тапсырма заттың орналасуының өзгергенін табу болып табылады. Заттың қандай тәртіппен орналасқанын есінде сақтауы ұсынылады, ал кейін ойынды жүргізуші бірнеше заттың орнын ауыстырады да, не өзгеретінін табуды ұсынады. |
|
Кері байланыс 10 мин | «БББ» кестесін толтыру Сауалнама алу Мен бүгін не үйрендім? _____________ Маған ұнағаны/ ұнамағаны __________ Мен ертең нені пайдалана аламын?____ Менің ұсынысым ___________________ |