«Кітап-сенің ақылгөй, адал досың, өмірлік есті жолдасың. Сен ерінбесең, ол саған ақыл айтудан ерінбейді, жалықпайды. Сен ала білсең, ол бере біледі. Кітап-барлық заманғы, барлық адам баласының ғажайып білім қазынасының қоймасы»-дейді Өтебай Тұрманжанов.
Ия, шынымен де кітап еңбек пен білімнің, ынтымақ пен ырыстың асыл қазығы, алып арнасы. Құнды мұрамыз кітапты қызыға оқуға оқушыларды бағыттау, ұлттық құндылықтарымызды кітаппен достасып танып - білуге, оқушылар мен кітапхана арасын нығайту мақсатында К.Меңдәлиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде 3-4 сыныптар арасындағы « Ең үздік оқырман-2016» байқауы ұйымдастырылды.
Байқау 4 кезеңнен тұрып, қатысушыларымызға әділқазы алқасы төрелік етті.
Просмотр содержимого документа
«Ең үздік оқырман-2017»
Ең үздік оқырман-2016
«Кітап-сенің ақылгөй, адал досың, өмірлік есті жолдасың. Сен ерінбесең, ол саған ақыл айтудан ерінбейді, жалықпайды. Сен ала білсең, ол бере біледі. Кітап-барлық заманғы, барлық адам баласының ғажайып білім қазынасының қоймасы»-дейді Өтебай Тұрманжанов .
Ия, шынымен де кітап еңбек пен білімнің, ынтымақ пен ырыстың асыл қазығы, алып арнасы. Құнды мұрамыз кітапты қызыға оқуға оқушыларды бағыттау, ұлттық құндылықтарымызды кітаппен достасып танып - білуге, оқушылар мен кітапхана арасын нығайту мақсатында К.Меңдәлиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде 3-4 сыныптар арасындағы « Ең үздік оқырман-2016» байқауы ұйымдастырылды.
Байқау 4 кезеңнен тұрып, қатысушыларымызға әділқазы алқасы төрелік етті.
2. Бәсекеде біліктілік (Оқушылар интерактивті тақтадан қазақ әңгімелері мен ертегілерінен, кейіпкерлермен т.б. бағытта сұрақтарға жауап берді)
3. Мақал-мәтелдер (үміткерлер кітап, білім, ғылым туралы мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, өздерінің мақал-мәтелге кенде емес енендігін көрсетті)
4. Үй тапсырмасы ( қатысушыларымыз ең сүйікті кітабын шиырма етіп қорғап, таныстырып шығады)
Таныстыру кезеңінде үміткерлер өздерін әртүрлі бағытта таныстырды. Бірі қара өлеңмен таныстырса, енді біреулері слайд-шоу , отбасылары туралы видео-роликтарды қолдану арқылы таныстырып өтті.
Бәсекеле білімділік кезеңінде де оқушылардың барлығы да өздеріне тиесілі сұрақтарға жауап беріп , әділқазы алқалары мен көрерменнің көңілінен шықты. Сұрақтар оқушылардың өздері оқыған кітаптары бойынша оқушы формулярымен сәйкестендіріліп дайындалды.
Білім әлеміндегі оқушылардың тілге, сөзге жүйріктігін үшінші кезеңде анық байқадық. Оқушылар кітап, білім, ғылым саласына қатысты мақал-мәелдердің екінші жартысын тауып, еш жаңылмай, көрермен ықыласына бөленді.
Ал, соңғы кезеңде оқушыларға алдын-ала оқушыларға оқыған кітаптарының ішіндегі ең сүйікті кітабын таңдап алып, шиырма жасап қорғау тапсырылды. Оқушылардың барлығы да бастауыш сынып деңгейлеріне қарамастан бұл кезеңге аса қызығушылықпен, ерекше дайындалған.
Байқау соңында әр кезең бойынша әділқазы алқалары қорытындылап, оқушыларды марапаттады. Нәтижесінде, 4а сынып оқушысы Рафихова Айнамкөз «Ең үздік оқырман-2016» бағамын жеңіп алса, 3а сынып оқушысы Абатова Фариза І-орын, 3б сынып оқушысы Махмудова Айдана ІІ-орын («Үздік шиырма» бағамы бойынша да) , 3б сынып оқушысы Қабиден Бекнұр ІІІ-орынмен марапатталды. Батырбеков Әділхан, Хамза Айдар сынды талантты оқушылар белсене қатысқандары үшін марапатталды.