kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Эссе "Адамгершілік – адамдықтың айнасыі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адам бойындағы адамгершілік қасиеттің маңызы айқын екені баяндалады. Бұл қасиет арқылы әр адамның мінез құлқын көруге болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Эссе "Адамгершілік – адамдықтың айнасыі"»

Эссе

Адамгершілік – адамдықтың айнасы

... Адамгершілік – ең ұлы адами қасиеттердің биігі. Ол – шыңырау ой мен салиқалы танымның үндестігі.

Адамгершілік! Бұл сөздік қорымыздағы сөлі ерекше, мәні мәңгілік айқын, адамның ең асыл қасиеттерін айқындайтын бірден-бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін төрттағандап ұстап тұрған ең ұлы принцип. Өйткені, адамгершілікке негізделген жерде не нәрсеге де құдірет даритындығы мәлім.

Иә, осынау рухани-адамгершіліктің негізі – «Өзін-өзі тану» бағдарламасы дәл осындай құндылықтарды дәріптейді. Мұстафа Шоқай да бір кездері:

«Адамгершіліктен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды», - деген түйінді ой-пікірі кім-кімге де үлкен ой салады. 25 жылға қадам басқан Қазақстан елі мен оның этнопедагогика саласына да ең қажеттісі – ең алдымен адамдық пен адалдық болмақ.

Айналайын мектеп-ай! Сен бәрін оқытасың. Бірақ біз мына өмірде оқығанды оқымағандай, естігенді естімегендей жүре береміз.

Әлем қазір дағдарысқа қарсы неше түрлі бағдарламалар, жобалар қабылдап жатыр. Ол – мемлекеттік, трансұлттық құрылымдардың амалы. Ал қарапайым халық пен өскелең жас ұрпақ үшін қарапайым бағдарлама қажет. Осынау біз оқытып отырған «Өзін-өзі тану» пәні осы қарапайым, түсінікті, рухани дүниемен үндеседі.

Сондай жобалардың бірі – тарихи «Асан мен Үсен» әпсанасы. Біздің санамыздағы, бәлкім қанымыздағы Асан: «Елді, мұны жолды, бағытты, ертеңгі күнді қайдан табамыз?», - деп кейін тартады, тіпті шошиды, жылайды.

Ал біздің санамыздағы, бәлкім қанымыздағы Үсен: «...Әкем: үйрек, қаз – адал құстар. Бойыңда адамгершілік қасиеттің кішкене ұшқыны болса, оларды ешуақытта байлап-матап әуре етпе», - дейтұғын. Міне тәрбие, тек деген қандай жақсы: адамдық пен обал-сауапты ойлатады. Екеуінің көшкен елдің жұртында қалуы - сынақ.

Мұндай сынақтан бай-бағылан да, кедей-кепшік те, адамгершілігі молы да, жоғы да өтеді. Кейде ойланам: «Мына замандағы дағдарыс та бізге не Үсен, не Асан бол!»- деп тұрғандай. Басында Асан болдық делік, кейін Үсен сияқты болып кетсек те жаман емес. Себебі, нарық жөнінде, дағдарыс туралы оқып туған жоқ қой.

Иә, маған ой үстіне ой келе береді... Соның бірі: - Жетім қозы неге маңырайды?

16 миллионға жуық халқы бар Қазақстан мемлекетінде – 46 мыңнан аса әлеуметтік жетімдер бар екен. Аз ба, көп пе білмедім?!

Қазақ қасқырды жақсы көреді. Жыртқыш болса да! Себебі, оның эпикалық санасында «құндақтаулы бабам бір тамыш сүтке зар болып, шырқырап жатқанда бөлтірігінен айырылған бөрі емізген» деген ақпар бар. Қасқыр, Құртқа (бөрінің аналығы) – арғы қазақтың тотемі, культі. Біздегі осынау жетімдердің қай-қайсысы да анасын іздейді. Ұлардай шулайды. «Жетім қозы тасбауыр, маңырар да отығар». Суық қабырғалы жетімхана оларға мәңгілік пана болмаса белгілі. Оларды уызға жарытатын да, қабырғасын қатайтып, иманын түзейтін де – адамгершілігі мол адамдар ғана! «Қоғам!»десек – жалпылау, «Адам!» - десек нақтылау.

Жердегі жетімдерді ойлай келе, көк аспандағы көгершінге көзім түсті... Былай қарағанда, бейкүнә құс. Бірақ бізді бірде-бір мәдени мұрамызда «көгершін – бейбітшілік құсы, адамгершілік пен имандылықтың жәндігі» деген ұғым, бейне т.б кездеспейді.Құс па – құс, есебі жоқ кәдімгі құстардай өмір сүре берсін. Яғни, ауызша жеткен мұраларда ешқашан көгершінге акцент жасалынбаған.

Қазіргі ірі мәдениет ошақтарында кептердің суреті жиі салынады. Ал, шындығында қазақ кептер асырамайды! Кептер деген құсты асырап ұшырсаңыз, ол бір айналып келгенде өзімен бір топ кептерді ала келеді. Яғни, біреудің адал малы ойда-жоқта сіздің қораңызға кіре қалды. Сіз оның кімдікі екенін білмейсіз. Сондықтан, Алланың алдында сіздің іс «арам жолмен мал табу» болып есептеледі. Біздің ұлттық тәрбиеміз – адамгершілік, ақиқат пен адалдықты ту етеді емес пе? Байқасаңыз, кептер басын жиі шайқайды. Қазақ мұны жаман ырымға балап: «Барлық ақ ниетті бұзып жатыр» деп асыратпайды.

Және зоологиялық тұрғыдан неше түрлі жұқпалы ауруларды таратушы – негізінен тышқан мен көгершін екен. «Жартылай шындық өтіріктен де жаман» деп жатады. «Көгершін – христиандардың құсы» деген сөз жиі ұшырасады. Иисус Христостың жаны кептер кейпінде аспанға ұшқан деседі. Ең өкініштісі, аузына зәйтүн жапырағын қыстырған ақ кептер қонған жерінде, адамгершілік пен мейірімнің дәнін, татулық пен бірліктің өскінін қыршып үзіп жібереді екен.

Сыныптағы шәкірттерімнің:

«Ақ көгершін, көгершін,

Қол қанат құс сен едің...» болып әуеленіп жырланған әніне құлақ түріп, қалың едім.

Адам санасында адамгершілік қасиеттер ерте кезден-ақ қалыптасқан. Зәбірленушіні қорғау, бостандыққа ұмтылу, ұлттың, ұлыстың адамгершілік рухын нығайтып, ынтымаққа жол ашу, елін, жерін қорғау – биік адамгершіліктен туатын қасиеттер.

Абайда «адам болу», «жарым адам», «толық адам», «адамның адамдығы», «адамшылық», «толық инсаният», «инсанияттың кәмалаттығы», «бенделіктің кәмалаттығы» тәрізді адамшылық, арлылық мәселесіне қатысты терминдер де бар. Шығыс ақыны, Абайға үлгі болған Саади әлемдік әдебиетте «адамият» ұғымын енгізген. Міне бұл ұлы тұлғалар адам дамуындағы адамгершілік сезімнің ең жоғарғы құбылыс екенін айтады. Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқын аздырып бара жатқанын, әсіресе жастарды адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды. Абай адамгершілік қасиеттер ретінде туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылықты т.б атап айтты.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру барысында «Қаза елі» жобасы – жаңа заман талабы» атты тұжырымдама – сол ұлы Абай ұлықтаған ұлы құндылықтардың жалғасы іспетті.

Біз – анықтауышты қажет етпейтін елміз. Адамгершілікті – елдіктің тұтқасы еткен жерміз. Асыл құндылықтарды – адамдықтың шарайнасы еткен Қазақ ұлтымыз!





«№1 мектеп-гимназиясы» КММ

өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Байгелді Гүлнұр Төлегенқызы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Эссе "Адамгершілік – адамдықтың айнасыі"

Автор: Байгелді Гүлнұр Төлегенқызы

Дата: 17.04.2017

Номер свидетельства: 409804

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Саба? жоспары 10-сынып ?аза? ?дебиеті "Ш. ??дайберді?лы  шы?армашылы?ы" "
    ["seo_title"] => string(79) "sabak-zhospary-10-synyp-k-azak-diebiieti-sh-k-u-daibierdiu-ly-shyg-armashylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "212867"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431945378"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Адам болам десе?із... (т?рбие са?аты)"
    ["seo_title"] => string(30) "adambolamdiesieniztrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "303119"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1457435369"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства