«Қазақ, Алаш» сөздері синоним. XV ғасырда Қазақ хандығы тарих сахнасына шықты. 300 жыл бойы екі империяның ортасында тұрып, көршісі жоңғарлармен жайылым жер үшін соғысып, жеңіске жетіп, Жоңғар хандығы Цин империясына жұтылып кеткенде, аман қалған мемлекетіміз XVIII ғасырда Тәуке өлгеннен кейін, үшке бөлініп, «бөлінгенді бөрі жейді» деп Кіші жүз орыс бодандығын қабылдап, Ұлы Жүз «Аңырақай шайқасынан» кейін Жоңғардың, Қоқанның, орыстың бодандығына қолдан-қолға өтіп ақыры бодандықтың салдарынан саяси биліктен айрылдық.
Биылғы жылы Алаш қозғалысына 90 жыл толып отыр. Мектебімізде осы мерейтой аталып өтуде, біздің бүгінгі ойтолғауымызда Алаш зиялылары және Әлихан Бөкейханов туралы ортақ ойлар, пікірлер талқыланбақ. Ойтолғаудың қадірменді қонақтары: тарих пәнінің мұғалімі Төлеген Құдайберген Төлегенұлы мен информатика пәнінің мұғалімі Әбдірахманова Мейрамкүл Тұрғынбайқызы, практикант апайларың Аджиханова Ақмарал мен Жолбарысова Әйгерім. Оқушылар, сендер бұ тақырып жайлы бір аптадай деректер жинақтадыңдар, оқыдыңдар, таныстыңдар. Ендігі кезекте осы жинақтаған білімдеріңді көпшілікпен әрқайсысың бөлісіңдер, ортаға салыңдар. Алғашқы сөзді үкімет пен партиядан бастасақ.
III. Ой бөліс: А)Алаш партиясы, Алашорда үкіметі, «Қазақ» газеті туралы өз ойларымен сынып оқушылары Әсел, Айнұр, Самархан бөліседі.
Ә) Әлихан Бөкейханов деген кім? Өмірбаянымен таныстырушылар: Айдос пен Азамат. Б) Алаш зиялылары жайлы өз ойларымен Ұлпан, Жәния, Арман, Қаһарман, Нұргүл, Жантөре, Әлібек, Мұрат, Ерден бөліседі. В) Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабынан Алаш зиялылары туралы үзінділермен таныстырушылар: Нұржан, Нұрбол, Ерік, Задыкерей, Еркебұлан. Г) Слайдтармен жұмыс: суреттерге қарап отырып, сол кездегі жұмыс мазмұнын, саясат жайлы мұғалімнің қосымша түсіндірмесі.
IV. «Мәнерлеп оқу» сайысы.
Оқушылар өздеріне ұнаған Алаш зиялыларының өлең жолдарын жатқа мәнерлеп оқыды. Өзгелеріміз оны тыңдап, әділ бағасын бердік.
Оқушылар Алаш қозғалысының жұмысы, сипаты туралы қонақтарымызға бірнеше сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.
V. «Жұлдызды сәт» ойыны:
Сұрақтар оқушыларға ортақ қойылады, әр дұрыс жауапқа бәр ұпайдан беріледі.
1. Алаш партиясы қашан құрылды? (1917 ж)
2. Алаш партиясының үнқағазы болған қай газет? («Қазақ»)
3. Алашорда үкіметінің төрағасы кім? (Әлихан Бөкейханов)
4. «Маса» өлеңдер жинағының авторы (А. Байтұрсынов)
5. Алаш партиясының бағдарламасы неше бөлімнен тұрады? (10)
6. «Оян, қазақ» өлеңдер жинағының авторы кім? (М.Дулатов)
7. Алашорда үкіметінің күншығыс орталығы қай жерде орналасқан? (Семейде)
8. Күнбатыс орталығы ше? (Оралда)
9. «Қазақ» газетінің редактор кім? (А. Байтұрсынов)
10. 1930-40жылдары репрессияға ұшыраған зиялыларымызға қандай жала жабылды? (Халық жауы)
11. Қазақстандағы лагерлер (Карлаг, Алжир, Степлаг )
12. 1937-38 жылдары қанша қазақстандықтар репрессияға ұшырады? (101000)
13. Алаш қозғалысы қай жылы басталды? (1905 жылы)
14. Түркістан автономиясының төрағасы кім? (М. Шоқай)
15. Тұңғыш әліппені жазған кім? (А. Байтұрсынов)
Соңында мұғалімнің қорытындысы:
Оқушылар, ойтолғау барысында Алаш қозғалысы жайлы біраз мәліметтермен таныс болдық. Тарихшы ағайымыздығ сараптамасына көп рахмет. Сөзімді Ә.Бөкейхановтың мына сөзімен аяқтағым келіп тұр: «Әр ұрпақ өзіне артқан жүкті жетер жеріне апарып тастауы керек». Аға ұрпақ жүкті өз жеріне апарды. Ендігі сендердің міндеттерің: Қазақстанды батыс елдерінің қатарына қосып, тәуелсіздікті нұрландыру, еліміздің өркендеуіне өз үлестеріңді қосу.