kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Презентация "Жамбыл"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы  февраль айы екен.Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Презентация "Жамбыл"»

АҚЫН ӨМІРІ

Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы  февраль айы екен.Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды.  

Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. Бала кезімде мен тентектеу болдым. Қарттарды да, әкемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға жіберетін, мен бармай қоятынмын. Маған отын тер дейтін — мен тіл алмай қасаратынмын. Менің ағам, әкемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде барлық тентектікті ұмытып, бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағанда дауысым бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім.   Он төрт жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладым.

Ораза кезінде үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сипат көрсете бастады.   Он беске толғанда мен атақты ақын Сүйімбай тұратын ауылға келдім. Домбырамды ұстап оның үйіне таяп келдім де, мен әндете бастадым. Өлеңіме риза болған Сүйімбай мені үйіне шақырып алып:   — Сенің ақындық дарының бар екен, дауысың да жақсы, ұнайсың жігітім,— деді Сүйімбай.  Қарт ақынның тілеуі бойынша мен көптеген әндерді құйкылжыта айтып бердім. Оның біреуін сол үйде отырып шығардым. Сүйімбайдың ақындық шеберлігіне бас иіп, қошеметімді өзімнің жастығым мен тәжірибесіздігімді өлеңге қосып, Сүйімбайды аспан әлемін нұрға бөлеген таң шапағына, жарық жұлдызға теңеп, өзімді ақынның інісімін деп атап, көмегін, қолдауын сұрадым.  Ол уәде берді. Бұл менің өмірімдегі еқ бақытты минуттердің бірі еді. Сүйімбай түні бойы ақындық шеберлік жайында әңгімеледі. Сөйтіп мен оның шәкірті болдым, оның өлеңдерін жұртқа тараттым.   Тек он алты жасымнан бастап қана мен өз бетіммен жырлауға бел байладым, бірақ көрнекті, тәжірибелі ақындармен айтысқа түспедім. Қазақ даласында айтыста жеңілу—ақынның өлгенімен теқ саналатын. Сондықтан да мен алғашқы кезде тек жас, онша әйгілі емес ақындармен сөз таластырып жүрдім. Мен Шу өзенін бойлап көшіп-қонып жүрген ауылдарды аралап, оларға халық өлеңдерін, ертегілерін, қиссаларын, атақты ақындардық өлеңдерін, өз өлеңдерімді айтып беріп жүрдім. Ғасырлар бойы қалыптасқан жәйт: суырып салма ақын — рулар мен тайпаларды, ру ақсақалдарын, атақты адамдарды, оқиғалардың бәрін білуге тиіс еді. Ол барлық жаңалықтарға үн қосып, жағдайды ескере білуге тиіс еді.

Ақын тілінің өткірлігі қысылтаяңда тапқырлығы, тез де ұтқыр жауап беруі арқылы бағаланады. Ол әріптесін күлкі, сықақ уытына бөлеп, өзі байсалды, ұстамды болуға тиіс еді.   Мен осының барлығын үйрендім. Қазақ және қырғыз даласының көптеген қарт та даңқты ақындарымен кездестім. Оларды мұқият тыңдадым, үйрендім, солар сияқты болуға әзірлендім.  Кедейшілікті көре жүріп,- мен халықты жақсы түсіндім. Мен еңбекші халық жайында ғана шынайы сыр шертетін едім. Ақынның жалған айтып, екіжүзді болмауға тиіс екенін ұғып, тек шындықты жыр еттім.  Менің өлеңім самғаған құстай бүкіл Жетісуды шарлады. Ыңыршағы шыққан ат үстінде мен ауылдан ауылға жорттым. Қайғы мен қасірет әнін шырқадым.   Мен Жетісуда, Қырғызстанда болдым,. Қарағандыға бардым, Шығыс Қазақстанды қыдырдым. Не туралы жырладым? Мен өзімнің тапшылық көрген, қасірет шеккен халқым туралы, зәбір шеккен Отаным жайында, даңқты батырлар жайлы жырладым. Түні бойы өлең айтып, сыйға тиын-тебен алған күндерім де болды. Осылай бір кезде мен атақты ақын Құлмамбетті жеңдім, сөйтіп, Жетісудың үздік ақыны атандым. Құлмамбетті жеңгендігім туралы хабар Жетісудың шегінен шығып, тіпті бүкіл қазақ ауылына тарады.  Осыдан кейін мен көптеген үлкен айтыстарға қатынастым, бірақ жеңіліп көрген емеспін. Сахарадағы жыр — үлкен күш. Дауылды тоқтата алмайтындай, оны ешнәрсемен тоқтата алмайсъің. Байлар мен манаптар менен және менің батыл жырларымнан сескенетін-ді. Елу бес жасқа дейін мен осылай өмір сүрдім, келе-келе нашарлап кеттім.

Бұл халге мені кәрілік емес, ауыр тұрмыс душар етті. Кәрі бүркіттей көздерім бұлдырлайтын болды, даусым да бәсеңсіп кетті. Домбыраның орнына қолыма асатаяқ ілікті. Кең сахараның орнына тар төсек келді. Мен семіп бара жаттым, жырлауға дәрменім жетпеді. Қазақтар 1916 жылы патшаға қарсы көтерілгенде ғана күреске шақырған бірнеше өлең айттым, бұлар сахараға тарап кетті.   Мен жетпіске келгенде жаңа өмірдің жарық таңын көрдім. Мен Ұлы 'батыр Лениннің есімін естідім және Қызыл Армияның жеңімпаз салтанатын көзбен көрдім. Менің айналамда өмір қазандай қайнады, алтын түс көргендей мен мұны өзімнің ең жақсы өлеңдерімде жыр еттім. Жаңа күш қосылғанын сезініп, мен тағы да домбыраны қолға алдым! Менің жастығым қайта оралды, мен жыр шерттім.  Айналама көз тігіп, мен таныс сахарамды танымай қалдым. Ауылдарды аралап жаңа өмірді жырлай бастадым. Әрқашандағыдай, мен өз халқыммен бірге болдым. Советтік Қазақстанның — қазақтардың бүтін ұрпақтары арман етіп, үздік ақындар жырлаған еркін, тамаша дәуірдің туғанын көзбен көрдім. Мен үшін өмір жаңадан басталды. Жиырма жастағы жігіттей — жап-жас, күп-күшті, тасқынды жігермен жырлай бастадым.   Мен колхоз үшін жалынды үгітші болдым.   Колхоз жайында жүздеген өлеңдер айттым, олар сахараны шарлады, өйткені бұлар шын жүректен шыққан өлеңдер еді.   Мен ертегідегі гүлстаннан да тамаша — Москвада болдым... Совет өкіметі өлеңдерім үшін маған Еңбек Қызыл Ту орденін берді. Мен сол кезде былай деген едім және қазір де қайталаймын:    — Мен наградталған жоқпын, Қазақстанның халық поэзиясы наградталды. Мен жыр шертемін, әзірге жүрегім соғып тұрғанда жырлай берем...

Жамбыл Жабаев

  *      *     '*!

1937 жылы бүкіл еліміз Жамбылдың творчестволық қызметінің жетпіс бес жылдығын мерекеледі.  Бұл күндері халық ақыны дүние жүзінің көптеген озат қайраткерлерінен құттықтау телеграммалар алды.  

1941 жылы Жамбылға мемлекеттік сыйлық берілді.  Ұлы Отан соғысы күндерінде Жамбыл өзінің өлеңдерінде Совет халқын Отанды қорғауға, еңбектегі ерлікке шақырды. Совет адамдарының батырлығын, СССР халықтарының мызғымас достығын жыр етті.

  1943 жылы майданда Жамбылдың ұлы Алғадай қаза тапты. Бұл жөнінде ақынға хабар жеткенде, ол біраз үнсіз отырып барып, қайғылы хабарға өлеңмен жауап берді.  Жамбылдың ақырғы жыры

1945 жылы 9 майда айтылды. Бұл неміс фашистерін біздің халқымыздың қаһармандықпен жеңгендігіне арналған еді. Жүз жасқа небәрі бірнеше ай қалғанда,

1945 жылы 22 июньде Жамбыл дүние салды.     

1946 жылы февральда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Юбилейіне қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған.

АҚЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 15-16 жасында Шағым өлеңі жарық көрді.  Шағым Оқымаймын молдадан, Ақ сәлдесі басында, Екі иығын қомдаған. Боз інгендей боздаған Бала келсе сабаққа, Қайтіп сабақ береді, Жем аңдыған дорбадан. Айтқаны ішке қонбаған. Кедей күйі  жоқшылыққа арналып жазылған өлеңі. Кедей күйі Қайтіп жаным ашымас, Неткен заман қатыбас? Еткен еңбек, төккен тер,  Қалай түкке татымас? –

АҚЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

15-16 жасында Шағым өлеңі жарық көрді.

Шағым

Оқымаймын молдадан, Ақ сәлдесі басында,

Екі иығын қомдаған. Боз інгендей боздаған

Бала келсе сабаққа, Қайтіп сабақ береді,

Жем аңдыған дорбадан. Айтқаны ішке қонбаған.

Кедей күйі жоқшылыққа арналып жазылған өлеңі.

Кедей күйі

Қайтіп жаным ашымас,

Неткен заман қатыбас?

Еткен еңбек, төккен тер,

Қалай түкке татымас? –

Мәңке туралы бір болыс жөнінде сатиралық өлең деуге болады.  Мәңке туралы Заңғойдың болысы пысық келеді,  Өнімі азырақ жерде  Мұрындапы пұшық келеді, Үстіне тұз арта келеді. Екі арада ептеп жерінде Ыңыранып Отырып алады, Көздерін қысып келеді. Әр алуан қырға салады... Сөздерін ұзарта келеді, Қалталарын толтырып алады. Өңешін қызарта келеді. Құлмамбетке арналған өлеңі  Құлмамбетке Уа, Құлмамбет, сөз тыңда! Байларым деп алмақтап, Не қыласың құр мақтап Өңкей ақымақ есекті! Елдің сиқын кетірген Кәсіп қып өтірік өсекті.

Мәңке туралы бір болыс жөнінде сатиралық өлең деуге болады.

Мәңке туралы

Заңғойдың болысы пысық келеді, Өнімі азырақ жерде

Мұрындапы пұшық келеді, Үстіне тұз арта келеді.

Екі арада ептеп жерінде Ыңыранып Отырып алады,

Көздерін қысып келеді. Әр алуан қырға салады...

Сөздерін ұзарта келеді, Қалталарын толтырып алады.

Өңешін қызарта келеді.

Құлмамбетке арналған өлеңі

Құлмамбетке

Уа, Құлмамбет, сөз тыңда!

Байларым деп алмақтап,

Не қыласың құр мақтап

Өңкей ақымақ есекті!

Елдің сиқын кетірген

Кәсіп қып өтірік өсекті.

Тарас өлеңі Тарас Шевченконың өмірі туралы айтылған.  Тарас О бір кезде, ақынмын, Сен де іздедің бостандық, Халықпен бірге менде де, Халықта да сенде де Еркіндіктің таңына Күшті еді бізде құштарлық. Ленинградтық өренім өлеңі соғысты хабарлау жайында жазылған.  Ленинградтық өренім Қаласына Лениннің, Жан-жағынан елімнің. Ауыл, қыстақ шаһар да, Ел салмағы қорғасын, Қорғағалы ордасын. Ағытылған от арба, Батырларым жіберген Құйып жатыр қалаға, Деп жауымыз сорласын

Тарас өлеңі Тарас Шевченконың өмірі туралы айтылған.

Тарас

О бір кезде, ақынмын,

Сен де іздедің бостандық,

Халықпен бірге менде де,

Халықта да сенде де

Еркіндіктің таңына

Күшті еді бізде құштарлық.

Ленинградтық өренім өлеңі соғысты хабарлау жайында жазылған.

Ленинградтық өренім

Қаласына Лениннің,

Жан-жағынан елімнің.

Ауыл, қыстақ шаһар да,

Ел салмағы қорғасын,

Қорғағалы ордасын.

Ағытылған от арба,

Батырларым жіберген

Құйып жатыр қалаға,

Деп жауымыз сорласын

Басқа да өлеңдері; Атаның әлдиі   Балаларға   Балама хат   Бесік жыры.   Жастық жыры   Жаңа жыл   Жаңа жыл сәлемі.   Жеңіс жырын сайраңдар.    Жүз жасаған жүректен   Ленин.   Ленинградтық өренім.   Шәкірт балаларға.   Октябрь толғауы.     Сәлем саған комсомол   Сыйлық.   Туысқан ел.   Чапай.     Халық туысқандығы.     Өнердің өсуі есік жыры

Басқа да өлеңдері;

Атаның әлдиі

  Балаларға  

Балама хат  

Бесік жыры.   Жастық жыры  

Жаңа жыл  

Жаңа жыл сәлемі.  

Жеңіс жырын сайраңдар.

  Жүз жасаған жүректен  

Ленин.  

Ленинградтық өренім.

  Шәкірт балаларға.  

Октябрь толғауы.  

  Сәлем саған комсомол  

Сыйлық.  

Туысқан ел.  

Чапай.  

  Халық туысқандығы.  

  Өнердің өсуі есік жыры

АҚЫНЫҢ ШЕБЕРЛІГІ Ол өз өлеңдерінде теңеу, эпитет, метафора, кейіптеу, әсірелеу уөп қолданған. Оның күйлері; Жаз Шын жүректен Көктем даңқы Май Алатау Бесік жыры

АҚЫНЫҢ ШЕБЕРЛІГІ

Ол өз өлеңдерінде теңеу, эпитет, метафора, кейіптеу,

әсірелеу уөп қолданған.

Оның күйлері;

Жаз

Шын жүректен

Көктем даңқы

Май

Алатау

Бесік жыры


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Презентация "Жамбыл"

Автор: Серікболатқызы Сая

Дата: 23.03.2018

Номер свидетельства: 463089

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(157) "Презентация по казахской литературе на тему "Жамбыл Жабаевты? ?мірі мен шы?армашылы?ы" "
    ["seo_title"] => string(100) "priezientatsiia-po-kazakhskoi-litieraturie-na-tiemu-zhambyl-zhabaievtyn-omiri-mien-shyg-armashylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "206609"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1430227735"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) ""Конспект урока музыки, презентация для урока...""
    ["seo_title"] => string(49) "konspiekt-uroka-muzyki-priezientatsiia-dlia-uroka"
    ["file_id"] => string(6) "340308"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1471874105"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Ленинградты? ?ренім. Жамбыл Жабаев "
    ["seo_title"] => string(39) "lieninghradtyk-orienim-zhambyl-zhabaiev"
    ["file_id"] => string(6) "207172"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430367483"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Презентация на тему Жамбыл Жабаев "
    ["seo_title"] => string(41) "priezientatsiia-na-tiemu-zhambyl-zhabaiev"
    ["file_id"] => string(6) "214563"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1432357218"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "презентация к уроку "Жамбыл Жабаев" "
    ["seo_title"] => string(40) "priezientatsiia-k-uroku-zhambyl-zhabaiev"
    ["file_id"] => string(6) "182785"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1425612761"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства