Просмотр содержимого документа
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары Коучинг»
Тақырыбы:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
жолдары.
Жалпы мақсат:
Міндеті:
Оқушының оқу сауаттылығын арттыруда коллабаративті орта, дағды қалыптастыруына бағыт беру. Сын тұрғысынан ойлауды іс-тәжірибесіне енгізуге ықпал жасау; 1.Пайымдау, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу, рефлексиялық тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау.
2.Тренингтер мен ойын түрлерін, тапсырмаларды талқылау үшін тыңдаушылардың топтарда бірлесе жұмыс істеуі.
3. Әр тыңдаушының тапсырманы орындау негізінде ойларын, сезімдерін білдіруі.
Сілтеме:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 41-49-бет. .
Оқу нәтижесі
Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздеуі; Сыни ойлау арқылы бірлескен топтық жұмыста шешімін анықтауға үйренеді.,бағдарлама негізінде мәтінді жаңа форматта талдауға үйренеді.,істі тәжірибесінде пайдалануға қадам жасайды.
Түйінді идеялар:
Әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру; Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау; Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін өмірде қолдана алуына бағыттау.
Сабақта қолданылатын материалдар:
А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта, маркер, қалам, Сэндвич бағалау парақтары.
Оқыту әдістері:
АКТ
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, көшбасшылық
1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3. Топтық жұмыс
Дерек көздері:
Тапсырмалары , материалдар.
Тапсырмалар:
Трениг, ой шақыру , топтық тапсырма және қорғау, рефлексия, логикалық,
есте сақтау қабілеттерін тексеретін тапсырмалар.
Оқуға арналған тапсырма:
Мұғалімге арналған нұсқаулық.41-49 беттер.
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
Коучтың іс-әрекеті
Мұғалімдердің іс-әрекеті
(3 мин)
«Комплимент» тренинг
Мұғалімдер шеңбер болып тұрады, өздеріне комплимент айтады.
(3 мин)
«Жемістер бағы» алма апельсин, банан шағын топқа бөлу.
Үш түрлі жеміс атауларын атап топта араласады Сол араласқан жемістерді тұру бағытымен 3 топқа бөлініп отырады.
(20 мин)
Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауын қадағалап үйренуіне жол ашу
Презентация «Функционалдық сауаттылық»
Шағын бейне жазбасын көру, белгілі жерінде үзіп, ой шақыру.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқуға ынтасын арттыру, нәтижеге жетуіне мүмкіншілік жасау, жауапкершілікті сезіндіру. әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойларын пісіру”.
Проблемалық сұрақтар
Маркер, желім, қайшы қолдану
Проблемалық сұрақтарға
ой қозғайды.
(10 мин)
Тапсырмаларын орындау нәтижеге жетуіне мүмкіншілік жасау, жауапкершілікті сезіндіру.
Постерге түсіру
Маркер, түрлі түсті қаламдар қолдану.
Бағалау
(5 мин)
Топта бірлесе отырып, « Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» тақырыбы бойынша не үйренгенін қорытындылайды.
Кері байланыс:
«Сэндвич» тәсілі
Әріптестерімнің біліктілік деңгейін бақылау үшін «
Сэндвич» тәсілі арқылы теориялық білімді меңгергенін бақылаймын.
Қызыл түсі- түсінбедім
Сары түс- әлі сұрақтарым бар
Жасыл түсі- маған бәрі түсінікті
Стикердің біреуін сэндвич парақшасына жапсырады.
Рефлексивтік есеп коучинг «Функционалдық сауаттылық»
«Ұстаздың қолында адам өмірінің
келешектегі тұтас тағдыры тұр»
В.Г. Белинский
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та- ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себептігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс- тұрысы, жинақы іс- әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады, - дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін- өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты - саяси – экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан- жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педогогикалық шеберлік қажет. Педогогтік шеберлік - дарынды талант емес, үйрену,ізденудің нәтижесі.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында жетекші роль атқарады, сондай – ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы – ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енген. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда. Оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар әсер етеді: 1) білім беру мазмұны; 2) оқыту нысандары мен әдістері; 3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі; 4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары; 5) мектепті басқару моделі; 6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы; 7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі. Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде берілген пәндік БЕД жатады, ал ұйымдастыру формасына – проблемалық жағдайлар жатады. Осыған байланысты, ойлау дағдыларының өзі БЕД-тердің құзыреттілікке көшуінің құралы ретінде қызмет атқарады, яғни функционалдық сауаттылығы.
Тақырыбы: Дарынды және талантты оқушы деген кім? Мақсаты: а) Қазіргі заманғы мектептің ең бір өзекті мәселесі –дарынды оқушыны анықтауға жағдай жасау жолдарын түсіндіру. ә)Баланың ақыл ойын, әлеуметтік белсенділігін жетілдіру, дамыту. б) Білім мен тәрбие арқылы баланың рухани әлемін тәрбилеу, адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру. Көрнекілігі: интерактивті тақта (слайд) Түрі: Тренинг Әдісі: Түсіндіру, баяндау.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық. ІІ. Кіріспе:
Дарынды оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудағы мақсаттар: 1. Жеке тұлғаның іс-әрекетіне мән беру 2. Дарындылық қабілетін анықтау 3. Білім деңгейін кеңейту 4. Жеке тұлғалық іс-әрекетін дамыту 5. Логикалық ойлау қабілетін дамыту 6. Әр түрлі шараларға (дебат,олимпиада, ғылыми сайыс) қатыстыру. 7. Өз бетімен тапсырмаларды орындауға үйрету ІV. 1. Қызығушылығын ояту . (ой тастау) - Дарын , дарындылық дегеніміз не ? (әріптестердің пікірін тыңдау , пікірлерімен келісу). - Дарындылық ережесін шығару Адам психикасының өмір бойы жүйелі түрде дамып, басқалармен салыстырғанда адамның бір немесе бірнеше іс-әрекет төңірегінде әдеттен тыс, сирек кездесетін жоғары нәтижелерге жету мүмкіндігі. 2. - дарынды баланың бойында қандай ерекшеліктер болады? (пікірлерін тыңдау) Дарынды балалардың ерекшеліктері: а) Қиыншылықтан қорықпайды ә) Сөздік қоры мол б) Есте сақтау қабілеті жоғары в) Әділетті,әзілқой г) Танымдық қасиеті жоғары V. -Дарынды баланың ерекшелігін анықтайтын , бойындағы бар қасиетін әрі қарай дамытатын , ықпал ететін кімдер деп ойлайсыңдар ? (пікірлерін тыңдау) VІІ. Дарынды оқушыны айқындап , дамыту үшін қандай жол таңдар едіңіздер? ( пікірлерін тыңдау). 1. Айқын дарындылық: - дарынды оқушының жетістіктерінің айқындығы соншалық, «бұл бала дарынды» деген қағидаға еш күмән жоқ. 2. Жасырын түрде кездесетін : - дарындылық баланың іс-әрекетінің нәтижесі көбінде жасырын түрде байқалады. Дарынды балаларды айқындау мен дамытудың тиімді жолдары : 1. Бақылау әдісі 2. Арнайы бағдарламалар 3. Мұғалімнің және ата-ананың эксперттік бағалауы 4. Психо-диагностикалық тренингтер 5. Олимпиада, конференция, фестиваль, КҒА т.б 6. Психо-диагностикалық зерттеу 7. Эксперттік бағалау (әдіскер, ғалым т.б.) Сұрақ - барлық оқушы дарынды болуы мүмкін бе? VІІ.Өз тәжірибеме тоқталу . Дарынды балаларды анықтау мақсатында алынған тренингтер: 1. Математикалық қабілетін анықтау мақсатында (логикалық есептер) 2. Тізбектерден сөз құрастыру 3. Есте сақтау қабілетін білу үшін цифрлар көрсету 4. Сөзді жатқа жазу. (20-25 сөз) VІІ . Жеткен жетістігім (әр түрлі танымдық , интеллектуалдық сайыстарда ) VІІІ. Қорытынды : Дарынды және талантты бала дегеніміз - өз қатарларынан әлде қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктерімен дараланатын бала!
Халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстарының барысы туралы
Анықтама
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр.
Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзыреттіліктерді қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым бағыттарының бірі болып табылады.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – бұл жеке тұлғаның әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық салаларында белсене араласуы және өмір бойы білім алуына негіз салу, заман ағымына ілесе алатын, меңгерген білімін күнделікті тұрмыс тіршілікте өз керегіне жаратып, өмірге дайын болу.
Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді. Сондықтан, қоғамдағы өмірлік пен практикалық іс-әрекеттердің дағдылары мен әлеуметтік іс-тәжірибені меңгеру үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс. Функционалдық сауаттылыққа бейімделу, оның қалыптаса бастауы бастауыш мектептен бастау алады. Қазірде олар оқитын пән оқулықтарының мазмұны көбіне алғашқы сауаттылықтан басталып, әрмен қарай дамып, жүйелене түседі. Алайда, оны алдымен пән ұстазы ескеріп: «Игерілетін білім, білік, дағдылардың қайсылары функционалдық сауаттылыққа жол ашады? Олардың басқалардан ерекшелігі неде?» деген сүрақтарға өздері жауапты қарап, шәкірттердің санасына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жан-жақты қолдануды басшылыққа алуы орынды.
Жалпы алғанда, оқыту түрлері: сабақта білім алу, эксперименттер немесе практикалық жұмыстар жасау, есептер шығару, жаттығулар орындау т.б. бәрінің басын біріктіріп, жүйелі ойлап дұрыс шешім қабылдауға әкелетін де функционалдық сауаттылықтар, өйткені нағыз білім саналы түрде жауаптылықпен қабылдап, түсініп, оны орнымен қолданудан туады.
TIMSS халықаралық зерттеудің әдіснамалық негізі К.Трэверсом мен А.Вестбэри әзірлеген Оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудың тұжырымдамалық моделі болып табыладыTIMSS зерттеуінің халықаралық үйлестіру орталығы Бостон колледжі (ISC – International Study Center, Boston College, АҚШ) болып табылады. Зерттеуге танымал ұйымдардың қатысуы тек өткізілетін зерттеудің жоғары сапасын қамтамасыз етіп ғана қойған жоқ, сонымен қатар, эксперименталдық сыналған халықаралық стандарттардың негізінде оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудағы инновациялық тәсілдерді әзірлеуге де ықпал етті
Білім алушылардың білім жетістіктерін анықтау үшін жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша тестілер мен тестілік тапсырмалар, фондық ақпараттың нақты параметрлері анықталады.TIMSS- зерттеуінің тест тапсырмалары 4,8 сыныптар үшін математика, жаратылыстану бойынша әзірленген.TIMSS зерттеуінің негізгі компоненті ретінде 4 және 8 сыныптар оқушыларының оқу жетістіктері қаралады. 4-ші сынып оқушыларының тестік тапсырмаларының әр варианты 44-50 тапсырмадан тұрады. Онда жауаптар әртүрлі болуы мүмкін. Тапсырманы орындау үшін 4-ші сынып оқушыларына 72 минут уақыт бөлінеді. Бағалау диапазоны 0-ден 1000 балл аралығында болады, орташа статистикалық балл 500 баллды құрайды.Тестілеу тапсырмаларын бағалау төрт деңгейде жүзеге асырылады:
Қазіргі таңда оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру бағытындағы тапсырмалар көбіне математика-жаратылыстану бағытында ұсынылып отыр. Сондықтан оқушылардың математика пәнімен қатар,дүниетану пәнінен де логикалық ойлау қабілеттерін арттыруға сұраныс күшейіп отыр.
Бастауыш сатыда математика пәні ең қиын да, қызықты пәннің бірі. Пәнді жан-жақты меңгерту үшін мұғалімнің білімі терең, жан-жақты дамыған, ойлау құзіреттілігі жоғары деңгейде дамыған, педагогикалық шеберлігі болуы – басты мәселе. Егер мұғалімнің педагогикалық шеберлігі болмаса, жаңа ізденіске талпынбаса оқушы да сол бағытты ұстайды және пәнге деген қызығушылығы болмайды. «Математика және информатика» білім саласындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығы олардың мәліметтерді құрылымдай білу; математикалық қатынастарды бөлу; математикалық модельдерді құру және оларды талдай білу және түрлендіре білу; алынған нәтижелерді түсіндіріп беру; ақпараттық-коммуникативтік технологияның мүмкіндіктерін шығармашылық-пен және өнімді пайдалана білу қабілеттерімен анықталады. Басқаша айтқанда, оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығы күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешу үшін математика мен ақпараттық технологияны тиімді қолдана білуге мүмкіндік жасайды. Бұл саладағы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін білім беру деңгейлеріндегі математика және информатика пәндерінің мазмұнына әрекеттік сипаттағы келесідегідей білімдерді кіріктіру қажет:
қажет жағдайда анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеу құралдарын пайдаланып дәрежелерді, радикалдарды, логарифмдер мен тригонометриялық функцияларды қамтитын формулалар бойынша практикалық есептеулерді шешу;
математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу;
нақтылы тәуелділіктерді функцияның көмегімен сипаттау және зерттеу, оларды графикалық түрде көрсету;
нақтылы үдерістерді графиктермен түсіндіру;
геометриялық, физикалық, экономикалық және басқадай қолданбалы есептерді, соның ішінде математикалық анализ апаратын қолданып ең үлкен және ең кіші мәндерді табуға арналған есептерді шешу;
диаграмма, графиктер түрінде берілген нақтылы сандық мәліметтерді талдау, статистикалық сипаттағы ақпараттарды талдау;
оқыған формулалар мен фигуралардың қасиеттері негізінде күрделі емес практикалық жағдайларды зерттеу (моделдеу);
қажет жағдайда анықтамалық материалдарды және есептеу құралдарын пайдаланып практикалық есептерді шешу барысында нақтылы объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу;
қолданбалы сипаттағы математикалық есептерді шешу құралы ретінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды меңгеру;
жазбаша жұмыстарды, практикалық, зертханалық тәжірибелерді, түрлі біліктерді, құзыреттіліктерді қажет ететін өздік жұмыстар мен тапсырмаларды іс жүзінде орындау.
Оқушылар сабақта ойын немесе жұмыс үстінде ойлау, өлшеу, есептеу, табу, зерттеу сияқты процестермен кездесіп отырады. Оларды ұштау, жетілдіре дамыту мұғалім міндеттерінің бірі. Осы міндеттерді үнемі шебер ұйымдастырған жағдайда ғана пәнді оңай жолмен меңгертуге болады.Мысалы: TIMSS тапсырмаларында математикадан төмендегідей тапсырма болды.
Бұл тапсырмалар күнделікті сабақта бағдарлама бойынша кездеспейді. Бірақ өмірде күнделікті қолданылып немесе кездесетін жайттар.Сол сияқты 1 сыныптан бастап оқушының алған білімін өлшеу, анықтау немесе білім біліктілігін тест жұмысын ұйымдастыру арқылы үнемі күтілген нәтижені анықтап отыру қажет. Көп жағдайда тест жұмысын жүйелі жүргізу немесе түзету жұмысын нақты жүргізбеу кесірінен жұмысымыз аяқсыз нәтижесіз болып жатады. Сондықтан мұғалім әр өткен тақырыптар бойынша нақты жұмыс жүргізіп оқушының алған ұпайын үнемі бақылап технологиялық карта жасап отырса, төмен меңгерген тақырыптар бойынша коррекциялық жұмысты нәтижелі жүргізе алады.
Функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған тест жұмысын жүргізген соң міндетті түрде талдау жасап рейтинг жүргізген тиімді. Қорытындысы бойынша оқушыларды топтап қосымша сабақ ұйымдастырса оқушылардың білімдері кеңейе түседі. Өйткені оқушы өз мінезіне немесе меңгеруіне қарай жай қабылдайтын оқушы болады. Мұндай оқушыларды үнемі анықтап ілестіріп отырмаса одан әрі меңгеруі қиындай түседі және оқушының да қызығушылығы мүлдем жойылып, құлқы болмайды. Функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған тест жұмысын үнемі ұйымдастыру оқушының ойлау, есте сақтау қабілетін арттыра түседі және өз бетімен жұмыстануға, өздігінен білім алуға, өзіне деген сенімділігін арттыра түседі.
Зерттеуге дайындық барысында оқушылардың білім, білік дағдысын, логикалық ой-өрісінің дамуы, ақыл-ой құзыреттілігінің жақсарғаны байқауға болады. Балалар өз білімдерін өмірде қолдана алуға, проблеманы шешу жолдарын табуға дағдыланады. Әрине, оқушының функционалдық сауаттылығының қалыптасуы, оны жете меңгеруі мұғалімнің шеберлігіне және оқулықтағы тапсырмалардың құндылығында екенін практика дәлелдеп отырады.
Оқушыларға берілген функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған тест тапсырмаларын орындау кезіндегі кездесетін қиындықтар:
Оқулықта функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған тест тапсырмалардың жүйелі берілмеуі ;
Мұғалімнің оқулықтан тыс қүрделі тапсырмаларды жие пайдаланбауы;
Оқушының ой-өрісінің қажетті деңгейде дайындалмауы;
Оқушының үйге берілген тапсырманы орындауымен шектелуі
Сыныптағы оқушылардың ойлау деңгейінің әртүрлілігі
Оқушылар арасында жолдастық көмектің дұрыс ұйымдастырылмауында.