kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?Л?АНЫ? АДАМГЕРШІЛІК НЕГІЗДЕРІ

Нажмите, чтобы узнать подробности

??рметті ?ріптестер, сіздерді 2015-2016 жа?а о?у жылымен ??тты?таймын! ?р ?ашан шы?армашылы? табыс тілей отырып, ?зімні? 10-сыныпта, Адам. ?о?ам. ???ы? п?ні бойынша ?ткізген саба?ымны? жоспарын ?сынып отырмын. ?о?амны? белді м?шесі болу ?шін о?ушыны адамгершілік ?асиетке, ?айырымдылы??а т?рбиелеу ?стазды? ата-ананы? басты міндеті. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?Л?АНЫ? АДАМГЕРШІЛІК НЕГІЗДЕРІ »

Қазалы қаласындағы Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп.

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің мұғалімі Жанар Көптілеуова

Сыныбы: 10 «б»

Сабақтың тақыры: Тұлғаның адамгершілік негіздері

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Тұлғаның адамгершілік қағидалары туралы толық түсінік беру

дамытушылық: Жүйелі ойлау, талдау, бірлесіп жұмыс жасау дағдысын жетілдіру

тәрбиелік: Ұлттық мәдениетті құрметтеуге, қорғауға тәрбиелеу, рухани байлығын көтеру

Сабақтың әдістері: топтастыру, СТО. Сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, кеспе қағаздары

Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, әдебиет

І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасау;

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

Сабққа қатысымын тексеру;

Оқушыларды 3топқа бөлу.

1-топ. «Адамгершілік» тобы

2- топ. «Сыйластық» тобы

3- топ. «Ізеттілік» тобы

Тобымызды анықтап алсақ, үй тапсырмасына көшейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырма Қоғамның рухани құндылықтары. Үй тапсырмасын әр топ жеке қорға йды. Бағалап отыру үшін топ басшыларына бағалау парағы беріледі (белсенділігі, сабаққа қатысымына қарай бағалайды)

  • Рухани құндылықтарға біз нені жатқызамыз?

  • Рухани мұра дегеніміз не?

  • Адам өмірінде және қоғамда руханилық пен адамгершіліктің ара қатынасы қалай көрінеді?

ІІІ. Қызығушылығын ояту.

«Ой шақыру» (адамгершілік қасиетке байланысты бейнетаспадан үзінді)

  • Мына бейнетаспаны көргенде, тыңдағанда ойларыңа не келеді?

  • Адамгершілік дегеніміз не деп ойлайсыздар?

Өз ойларын ортаға сала отырып жаңа тақырыпты өз беттерінше ашатын болады «Тұлғаның адамгершілік негіздері»

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру

Тақырыпты 3 топқа бөліп беремін.

І топ. Тұлғаның адамгершілік негіздері

ІІ топ. Тұлғаның адамгершілік қағидалары

ІІІ топ. Тәрбие мен білімнің адамгершілік қызметтері

Оқушылар тақырыпты оқып, топта талқылайды, бір-біріне түсіндіреді. Кейін түсініктерін айтады.

Сонымен балалар «тұлға» деп өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз мінін өзге міннен ажыратып есейіп, өзбетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни белгілі мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірбиесі, дүниетанымы мен сенімі бар адам.

Қосымша мәлімет

Тұлға – жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым.


Тұлғаның адамгершілік негіздері







Рухтандырушылық

Адамгершілік








V. Мағынаны тану

(Әңгімені жалғастыр)

«Екі өлік»......әңгімесінің қалған бөлігін өз ойларымен аяқтайды.

VІ. Ой толғаныс

Жағдаяттан шығу

  • Ғалым тек қана үйде емес, барлық жанға жанашырлықпен қарайды. Мұнысы іс-әрекетінен көрініп ақ тұратын. Көбінесе сыныпта құрбыларына құрақ ұшып, көмекке дайын тұрады. Ғалымның бұл әрекеттерін сыныптастары келмемежге айналыдыратын. Оны байқаған ол, кейде ұялатын еді.

  • Ғалымның өз ісінен ұялып, қысылуы орындыма?

  • Сыныптастарының әрекетін қалай бағалар едіңіз?

  • Осы жағдаяттан қандай қорытынды жасар едіңіз?


  • Айтмұхамбет қария-сөзге тоқтайтын, сөздің төркінін байқайтын, сөз түсінетін кісі. Оның бойын ауыр дерт меңдеп жақанына біраз айдың айнасы болды.


Ассалаумағалейкум. Қалайсың, шал, тәуірмісің?-деді бір жолы ол кісіге ауылдың бір жас жігіті табалдырықты аттар-аттамастан. Бетін қабырғаға беріп, өзімен-өзі хал үстінде жатқан қарт мына сөзден кейін бетін бері қарай жалт бұрып:

Не халімді сұрайсың, көріп тұрған жоқсыңба?! – деп қария кейіп қалды.


  • Жігітті өзі тудырған ыңғайсыз жағдайдан шығарудың жолын табыңыздар.

VII. Бекіту

Ойлан,тап!

Мемлекет билігінің қайнар көзі?

ҚР азаматы екінші басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма?

Әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар ма?

ҚР-ның азаматы болуға қай кезден бастап құқылысыз?

ҚР төл мейрамдарын атаңыз

ҚР-ның БҰҰ кірген жылы айы?

ҚР бала құқығы туралы заңы қай жылы қабылданды?

ҚР Жоғары өкілетті органы?

ҚР атқарушы билін жүзеге асырушы

Дүние жүзінде тұңғыш Конституция қай жылы, қай елде пайда болды?

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің туралы кесте толтыру

Рефлексия «Бүгінгі сабақтан...»

VIII. Қорытынды: Оқушылар бүгінгі біздің сабағымыз Тұлғаның адамгершілік негіздері тақырыбы төңірегінде болды. Адамның асыл қасиеті адамгершілік қасиетімізді ешқашан жоғалтпйық! Тәуелсіз елдің рухы биік азаматы болайық!


ІХ. Үйге тапсырма.

Тақырыпты түсініп оқып келу және «Игі іс» тақырыбында эссе жазу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Т?Л?АНЫ? АДАМГЕРШІЛІК НЕГІЗДЕРІ

Автор: К?ПТІЛЕУОВА ЖАНАР

Дата: 22.09.2015

Номер свидетельства: 232887

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Та?ырыбы: Абайды? «Отыз бірінші ?ара с?зі»"
    ["seo_title"] => string(35) "takyrybyabaidynotyzbirinshikarasozi"
    ["file_id"] => string(6) "268354"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450619918"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Отыз бірінші ?ара с?з "
    ["seo_title"] => string(23) "otyz-birinshi-k-ara-soz"
    ["file_id"] => string(6) "184223"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426006988"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Абайдың 31 қара сөзі"
    ["seo_title"] => string(21) "abaidyn_31_k_ara_sozi"
    ["file_id"] => string(6) "453992"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1517428629"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства