Көлік - экономиканың «қан жүргізетін» жүйесі. Көліктің негізгі міндеті - жүк пен жолаушы тасымалдау. Көлік – экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол өндіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет көрсетеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Көлік - экономиканың «қан жүргізетін» жүйесі. Көліктің негізгі міндеті - жүк пен жолаушы тасымалдау. Көлік – экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол өндіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет көрсетеді.
Көлік 4 құрамдас бөліктен тұрады. 1). Көлік құралдары. 2). Жолдар. 3). Ұйымдар. 4) Тиеу-түсіру пункттері. Сол себепті ол тек экономика саласы ғана емес, күрделі кешен болып есептеледі. Осыған байланысты оның жеке салаларға, немесе көлік түрлеріне бөлінеді.
Темір жолдар Қазақстанда XIX ғасыр аяғында пайда болды. Оның аумағынан тұңғыш ірі жол - Орынбор-Ташкент жолы өтті. Ал негізгі жол желісі кеңес кезеңінде қалыптасты. Оның негізін елдің бірнеше бөліктерін қосатын ірі магистральдар құрайды. Қазақстан темір жолының «келбетін» меридиан бойымен бағытталған 3 магистраль: Орынбор-Ташкент, Түркістан-Сібір, Трансқазақстан және ендік бойымен өтетін 2 магистраль: Орта Сібір мен Оңтүстік Сібір бейнелейді. Олар қосылып, Қазақстанның «үлкен темір жол сақинасын» құрайды. Оған басқа да «болат артериялар» келіп тоғысады. Темір жол көлігі тасымалдайтын жүктің 3/4 бөлігін көмір, кен, мұнай және құрылыс материалдары құрайды. Бұл жүк ағынының географиясында көрінеді. Бәрінен де Оңтүстік Сібір және Трансқазақстан магистральдарының жұмыстары өте қауырт. Жолаушы тасымалының жартысынан астамы салалардың үлесіне тиеді. Темір жол көлігінің дамуы: 1)жаңа жолдар салуды; 2) өткізу қабілетін екі есе арттыру үшін оларды электрлендіруді; 3) жоғары жылдамдықты магистральдар салуды; 4) контейнерлік жүк тасымалын қалыптастыруды қарастырады. Егер темір жол көлігі - көлік жүйесінің «қаңқасы» тәрізді болса, автомобиль жолдары оларды байланыстыратын негізгі буын болып табылады. Автомобильдер аралық кідіріссіз тауарды «есіктен есікке» дейін жеткізеді. Олардың, әсіресе, қалаларда, қала маңы мен таулы аудандарда рөлі зор. Алыс магистралдік жүк тасымалын қуатты, жылдамдығы жоғары жүк машиналары атқарады. Бірақ автокөлік қымбат әрі экологиялық жағынан «лас» көлік түрі. Автомобиль көлігінің жұмыс тиімділігі жолдардың жиілігі мен сапасына байланысты. Автомагистральдардың жалпы ұзындығы 93 мың километрдей. Елдегі жол желісі әр түрлі. Ол негізінен темір жолдар географиясын қайталайды. Автомобиль жолдары өте жиі болып келетін аймақ - Солтүстік Қазақстан. Батыс пен Орталықта жолдар саны одан екі еседей аз. Біздің елімізде автомобиль бұрыннан бері ең жаппай қолданылатын көлік құралына айналды (2008 ж. - 3,2 млн астам бірлік) ал автокөлік жүк (3/4) және жолаушы (99%) тасымалының талассыз көшбасшысы болып табылады. Өндірістік көліктің рөлі басым болып саналатын тау-кен және металлургиялық облыстар (Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қостанай) тасымалданатын жүк массасы жөнінен ерекшеленеді. Құрлық жолдары көлігінің арнайы маманданған түрлері - құбыр және электрондық көліктер. Құбыр жүйелері мұнай мен газ айдап, мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркәсіптерімен бірлесіп жұмыс істейді. Оларды да кез келген бағытта жүргізуге болады, әрі темір жолдан қысқа болып келеді, ал құрылысы кеп арзанға түседі. Бір бағытта, тұрақты жерде кеп мөлшерде жүк «жіберіледі». Сондықтан құбыр жүйесі ең арзан көлік түрі болып саналады.
Құрлық көлігі– біздің құрлықтық елімізде – негізгі көлік түрі болып саналады.Темір жолдар – алыс қашықтықтардың еңқолайлы, әмбебап көлігі. Ол барлық жүк түрлерін тасымалдауға жарамды, ал «болат» артерияларды кез-келген бағытта жүргізуге болады.
Қазақстанның автомобиль көлігі бірнеше бағыт бойынша дамып келеді. Қолданыстағы жолдар жөнделіп, жаңа магистральдар салынуда. Ауылдық жерлерде жолдар іске қосылуда.
Құрлық жолдары көлігінің арнайы маманданған түрлері – құбыр және электрондық көліктер. Құбыр жүйелері мұнай мен газ айдап, мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркәсіптерімен бірлесіп жұмыс істейді.
Оларды да кез келген бағытта жүргізуге болады, әрі темір жолдан қысқа болып келеді, ал құрылысы көп арзанға түседі. Бір бағытта, тұрақты жерде көп мөлшерде жүк «жіберіледі». Сондықтан, құбыр жүйесі ең арзан көлік түрі болып табылады.
Қазақстандағы ең құбыр жүйесі дамыған аймақ – Батыс, одан мұнай мен газдың қуатты ағындары таралады. Олардың басты торабы Атыраудан мұнай құбырлары тармақталып таралады. Осы өлке арқылы қуатты транзиттік «Орта Азия – Орталык» және «Бұқара – Орал» газ құбырлары жүргізілген. Орталық облыстарды солтүстіктен оңтүстікке қарай «Омбы-Павлодар-Шымкент-Чаржоу» газ құбыры желісі басып етеді. Батыстан оған Құмкөл «бұтақшасы» келіп қосылады да, ал одан шығысқа, Қытайға қарай «құбыр» кетеді.
Электрондық көлік электр энергиясын электр жеткізу желілері (ЭЖЖ) арқылы тасымалдайды. Олар елдің ірі өнеркәсіпті орталықтарын байланыстырып, ауылдық жерлерді электр энергиясы мен қамтамасыз етеді.
Ірі қалаларда жолаушыларды экологиялық жағынан таза электр көліктері троллейбустар (Алматы, Петропавл, Астана, Тараз жөне т.б.) мен трамвайлар (Павлодар, Алматы, Өскемен, Қараганды) тасымалдайды.
Құрлық көлік түрлері су көлігімен тығыз байланысты.
Су көліктері негізінен құрал-жабдықты көп кажет етпейтін табиғи жолдарда жұмыс істейді. Оларға отын аз жүмсалады (1 т. жүкке есептегенде), әрі көлемді тауарларды тасымалдаудың өзіндік құны да төмен. Бірақ, оның қозғалыс жылдамдығы төмен, көбінесе маусымдық жұмысқа ғана жарамды, оның үстіне кеме жүретін жолдар қажетті бағыттарға үнемі сәйкес келе бермейді.