Просмотр содержимого документа
«Внеклассное мероприятие "Жасай бер, ана тілі - ?аза? тілі" 7 сынып »
«Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, құрмет сезімін, мақтаныш сезімін ояту.
Қазақ халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін, тапқырлығын, шешендігін билердің шұрайлы шешендік сөздері, ақын – жазушылардың майы тамған әсем ән – жырлары арқылы насихаттау.
Ана тілінің өміршендігін, адам өміріндегі маңызын жеткізу.
Сәлеметсіздер ме! Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
ҚР – ның Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі», «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген болатын. Мемлекеттік тілді, үйрену, білу, дамыту – баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз саналады.
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін – демекші Ә.Тәжібаев атамыз.
Бүгінгі сайысымызды бастайтын болсақ, сайсымызға екі топ қатысып отыр, олар: «Тапқырлар», «Зеректер». Енді біз қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады.
Әділ қазылар алқасын сайлау.
«Қайырлы таң» бекеті. Өлең. Сұрақтар.
1.Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1989ж 22 қыркүйек)
2.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі)
3. Бейне сұрақ (Атамекен)
4.Өнер алды - ... (қызыл тіл)
5.Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (тоғыз)
6. Бейне сұрақ (Адай күйі)
7. «Паспорт» сөзінің жаңа атауын атаңыз (төлқұжат)
8. Қазақстанның рәміздерін атаңдар (әнұран, елтаңба, ту)
9. Бейне сұрақ (Атамекен)
10. Қазақстанның бірінші астанасы қай қала? (Орынбор)
11. Дастарханға айтылатын тілекті не дейді? (Бата)
12. Құс сияқты, құс емес,
Самғап ұшқан биікке
Қақпайды бір қанатын,
Жүрсе де тым биікте (Ұшақ)
13. . «Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)
14. Абай Құнанбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген (1845ж Семей қаласында)
15.Бейне сұрақ (ән «Түркістан»)
16. Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз)
2. «Үміт» бекеті. Мақал-мәтелдерді жалғастыр:
1.Өнер алды қызыл тіл.
2.Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ..
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Басқа бәле тілден.
6.Туған жердей, жер болмас
Туған елдей, ел болмас
7.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық
8.Жері байдың – елі бай
9.Отан – оттан да ыстық
10.Білекті бірді жығар
Білімді мыңды жығар
11.Өзге елде сұлтан болғанша
Өз елінде ұлтан бол
12.Отан үшін отқа түс күймейсің
13.Отансыз адам, ормансыз бұлбұл
14.Ағаш көркі жапырақ
Адам көркі шүберек
15.Әдепті бала – арлы бала
Әдепсіз бала – сорлы бала
16.Жері байдың – елі бай
3. «Қайрат» бекеті . Қызықты грамматика.
А) Мына сөздердің ішінен диалект сөздерді көрсет: : кино, ұлыма, сіріңке, мылжың, ақ саусақ, ой - пікір..
В) Тұрақты сөз тіркесінің синонимін атаңдар(бетіне оты шығу, көз қорқақ, қол батыр, ойыннан от шығу, ит өлген жер)
Г) Тілдік бөлшектерді үлкеннен кішісіне қарай ретімен жаз: текст, буын, дыбыс, сөз тіркесі, сөз, сөйлем.
Д) Әзіл сұрақтар:
Айнаға қай кезде өкпелеуге болмайды?
Қорқақ неден қорқады?
Тауық түс көре ме?
Тастың жеңілі бола ма?
Ауыз бен қолды қандай жерде тыю керек?
Қандай кілт аспанда болады?
4. «Жазушы» бекеті.
Ақ киімді денелі, ақ сақалды
Соқыр мылқау танымас тірі жанды (А.Құнанбаев)
Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін! (М.Жұмабаев)
Ең бірінші бақытым – Халқым менің
Соған берер ойымның алтын кенін (М.Мақатаев)
Кел, балалар оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық (Ы.Алтынсарин)
Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба (А.Құнанбаев)
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін (Ә.Тәжібаев)
5. «Арман» бекеті.
Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш:
Қас пен көздің арасында (лезде)
Қара қылды қақ жару ( әділ)
Төбе шашы тік тұрды (шошыды)
Тайға таңба басқандай (анық)
Аузына құм құйылды (үндемеу)
Көзге түртсе көргісіз (қараңғы)
Тонның ішкі бауындай (тату)
Бет моншағы үзілу (ұялу)
Жарғақ құлағы жастыққа тимей (мазасыздану)
Күн тигізбей өсірген (мәпелеу)
6. «Шешен» бекеті. Жалғастыру.
Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды.
Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды.
Сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.
Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.