Просмотр содержимого документа
««Үш тілді білу – заман талабы»»
№200 орта мектебінде «Үш тілді білу – заман талабы»
тақырыбындағы отырыста қабылданған ұсыныстардың
орындалуы туралы мәлімет.
№200 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің және сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Үш тілді білу – заман талабы» тақырыбына сәйкес ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Онда ХХІ ғасыр ғылым мен техника дамыған, мемлекетаралық қарым-қатынастардың қалыптасқан заман екендігіне тоқталып, үш тілді қатар меңгерудің басты құралға айналарының сөзсіздігіне тоқталынды. Отырыс соңына қарай ата-аналарға, сынып жетекшілері оқушылар арасында сауалнама жүргізіліп, сауалнамаға қатысушылардың көпшілігінің қолдайтындығы анықталды. Ата-аналар тарапынан тіл білімдері пәндері бойынша үйірмелер мен факультатив сабақтар көбірек қарастырылып, балаларының қамтылуы сұралды.
Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын, орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша апталықтар өткізілді. Оқушылар тарапынан мұндай іс-шараларға қызығушылықпен қатысу байқалады. Қазақ тілі апталығында оқушылар арасында мақал-мәтелдер сайысы, «Болашақтағы Қазақстан» тақырыбына қабырға газетін шығару, «Қазақтың салт-дәстүрлері» тақырыбына суретшілер сайысы, жоғарғы сынып оқушылары арасында «Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, ана тілін білмеу қандай заңдылық!?» тақырыбында эссе жаздырылып, қанша тілді меңгерсе де ана тіліне деген сүйіспеншіліктің жоғары тұруы насихатталды.