kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лы Же?іске 71 жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

Міне, ?лы Отан со?ысыны? же?іспен ая?тал?анына бірнеше жыл ?тті. Б?л сол кездегі ке?ес хал?ыны? ерж?ректілігі мен т?зімділіктерін паш ететін, тарихта м??гілік ?алатын к?н. Б?л к?нді со?ысты? ал?ы шептерінде ?айсарлы?пен шай?ас ж?ргізіп, ерлікті? сан ?лгісін к?рсеткен ардагерлер тойлайды. Б?л мейрамды ?здеріні? тылда?ы ?ажырлы е?бегімен же?істі шы?да?ан, станокты? ?асынан, егін даласында, к?ні-т?ні мал ба?ып, тынымсыз ж?мыс істеген ж?мысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Б?л мейрамды бізді? аяулы да да??ты ?йелдеріміз - ?здеріні? ?келерін, ерлерін, ?лдарын ж?не с?йіктілерін к?зінен жасы сор?алай ж?ріп т?зімділікпен к?ткен, оларды? орнын жо?татпа?ан аналар мен ж?байлар, ?алы?ды?тар мен ?ыздар тойлайды. Б?л мейрамды ?здеріні? ?келері мен а?алары ?анын т?гіп, жанын ?иып ба?ытты ?мірін ?амтамасыз еткен ?лы же?істі? ??рдастары тойлайды. ?лы Же?іс к?ні елі мен жері ?шін жанын пида еткен, ту?ан-туыс?андарына, жа?ын-жарандарына, ту?ан жеріне, ауылына оралмай ?ал?ан ?а?арман ерлерді б?кіл елі болып еске т?сіреді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лы Же?іске 71 жыл»

Ұлы Жеңіске 71 жыл

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!

соғыс – күйретуші күш!

Дәл солай!

Барды жоқ ететін, тауды жер ететін.

Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал.

Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіпкүштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Биылғы жыл Кеңес Одағының батыры атағын кеш алған Бауыржан Момышұлы атамыздың жүз жылдық мерейтойы жеңістің алпыс бес жыдығымен қатар келіп тұр. Торқалы тойдың қуанышы өзі сүйген халқы үшін ерекше болмақ. Найзағайдай жарқылдаған отты ой бар қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Бауржан Момышұлы есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. "Ер есімі – ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Биыл Ұлы жеңіс мерекесінің 70 жылдығы тойланып жатыр. Осы шараға сәйкес біздің сыныпта «Сен құрметте оны, түсіндің бе қарағым» деген тақырыпта ашық сынып сағаты өтті. Сыныбы мыздың ұл балалары көкіректеріне қызыл қағаздан жасалған қалампыр гүлдерін тағып, ерлік рухын жалғастырушы ұрпақ екендіктерін танытты. Бүгінгі бейбіт күннің оңайлықпен елмегендіктерін оқушылар өздері жаттаған өлең-тақпақтары, еліміздің қаһарман батырларының ерліктері туралы атқан мәтіндері арқылы барынша жеткізуге талпынды. Жеңіс күнін бүкіл халық тойлайды. Ардагерлерді құрметтеу- біздің міндетіміз. Жеңіс үшін аштыққа да, ауыр жұмыстарға да, тіпті өлімге де қарсы тұра білді. Қаншама азапты күндерді басынан кешіріп, бүгінгі көк аспанында ақ көгершіні қалықтаған бейбіт күнді сыйлады. Сол үшін ардагерлерімізге рахмета айтқымыз келеді. Олар әкелген тыныш өмірдің тұнығын лайламауға біз сөз береміз.

Бүгін - Ұлы Отан соғысының басталғанына 70 жыл: қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы табандылықтары ешқашан да ұмытылмайды!Бүгін - Ұлы Отан соғысының басталғанына 70 жыл. 22 маусым - барлық посткеңестің елдердің тарихындағы ең қайғылыдатаның бірі.Осыдан 70 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған.Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастапжұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209-шы Зайсан, 219-шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14100 жүк және жеңіл автокөлік, 1 500 шынжыр табанды трактор, 110400 жылқы, 16200 арба жөнелтілді.Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда.Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.Соғыстың тек майдан даласында ғана емес, тылда жүргені мәлім. Гитлерліктер КСРО-ның батыс аудандарын басып алғаннан кейін, Сібір мен Қазақстанның ел экономикасындағы маңызы күрт артқан. Жаудың қолына бермеу үшін соғыстың алғашқы айларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығы тылға көшіріле бастады. Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстанның аумағына 142 кәсіпорын жайғастырылды, 532506 адам көшірілді. Оған қоса, жаңа өнеркәсіптік нысандардың құрылыстары жеделдетілді. Соғыстың алғашқы 1,5 жылында Қазақстанда 25 кен орны пен шахта, 11 кен байыту фабрикалары, 19 жаңа көмір шахтасы, 3 разрез, 4 жаңа мұнай кеніші мен Гурьевтегі мұнай өңдеу зауыты іске қосылды.Темір жол құрылысы жалғасты. 1942-1943 жылдары Мақат-Орск, Ақмола -Магнитогорск желілерінің құрылысы аяқталды. Соғыс жылдары Қазақстан жалпыодақтың мыс құймасының 30 пайызын, марганец кенінің 60 пайызын, мыс кенінің 50 пайызын, металл висмуттың 65 пайызын, полиметалл кендерінің 70 пайызын, мырыш өнімінің 85 пайызын берді. Қорғаныс өнеркәсібіне қажетті мыстың үштен бірі Қазақстанда өндірілді, сондықтан да соғыс жылдары әрбір 10 оқтың тоғызы Қазақстанда құйылды.Республикада танк және ұшақ жасауға ақша жинау қозғалысы жүрді. 1941 жылдың күзінде Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағы(ВЛКСМ)атындағы танк дивизиясын құруға қаржы жинала бастады да, бір жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде армия қазақстандық комсомолдардан 45 жаңа танк алды. Кейінірек халық қаражатына тағы 10 танк колоннасы, бірнеше авиациялық эскадрилия, торпедо катерлер мен атаулы ұшақтар жасалды. Соғыс жылдары Қазақстан халқы жауынгерлік техникалар жасауға 480,3 миллион рубль жинап берді.Жеңіске Қазақстанның ауыл шаруашылығы да өз үлесін қосты. Атап айтқанда, еліміз 30,8 миллион пұт астық, 14,4 миллион пұт картоп және көкөніс, 15,8 миллион пұт ет, 3194 мың центнер сүт, 17,6 мың центнер жүн берді. Бұл соғысқа дейінгі бес жылдағы көрсеткіштен бірнеше есе көп. Республиканың барлық экономикасы әскери «рельске» қойылды: бейбіт мақсаттағы шығыстар барынша қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті. Ер азаматтардың бәрі армия қатарында болғандықтан, зауыттарда әйелдер, қариялар, жасөспірімдер еңбек етті. Еңбек тәртібі қатайтылды, жұмыс уақыты ұзартылды. Алты апталық, 23 сағаттық жұмыс күні бекітілді, демалыстар тоқтатылды. Бірақ ешкім қынжылған жоқ. Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті.КСРО-ның батыс өңірлерінен көшірілген халықпен қоса, 1941 жылдың күзінде Қазақстанға Полвольжеден жүздеген мың немістер мен поляктар жер аударылды. 1942-1944 жылдары 507 мың балқар, қарашай, ингуш, шешен халқы, 110 мың түрік-месхетиндер, 180 мың қырым татарлары күшпен жер аударылды. Оған қоса, күн сайын Қазақстанға жаралы жауынгерлер мен офицерлер тиелген пойыздар ағылып жатты. Әскери госпитальдердің көбісі Алматыда құрылды.Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген мәліметтер бойынша, адамзат тарихындағы бұл ең зұлмат соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды. 1710 қала және 70 мыңнан астам село-деревнялар, 31850 өнеркәсіптік кәсіпорын, 65 мың шақырым темір жол, 4100 теміржол стансасы, 36 мың пошта-телеграф мекемесі, телефон стансасы және басқа да байланыс бекеттері жермен-жексен болған немесе жартылай қираған. 40 мыңдай аурухана немесе басқа да емдеу мекемелері, 74 мың мектеп, техникум, жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу институттары, 42 мың кітапхана және басқа да көптеген нысандар жойып жіберілген, тоналған.Ашық аспан, бейбіт өмір. Бүгінгі ұрпақ қазіргі тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешуде. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады. Биыл Ұлы Жеңіске – 70 жыл. Осынау датаға орай, ақпан айы Кеңес Одағының Батыры Мұқат Мұсаев пен «Даңқ» орденінің толық иегері Гавриил Петрович Шаминнің өмірі мен ерлігін насихаттауға арналып отыр.Сонау Жер-ананы өрт шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін, ұрпағының болашағын қорғаған, Отанға бейбіт өмірді тарту еткен, қан майданда от кешкен ержүрек жауынгерлер - бүгінгі ақ сақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар әрқашан жоғары құрметке лайық екені даусыз. Сондықтан да, оларға деген ыстық ықылас пен құрмет, алғыс ешқашан толастамайды, керісінше «тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші, уақыт өткен сайын еселене бермек.Кеңес әскері қатарына 1941 жылы шақырылған Мұқат Мұсаев 1944 жылдың мамыр айынан бастап 2-Украина майданы 53-армия 228-атқыштар дивизиясы 795-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. Кескілескен ұрыс даласы жас жауынгерді ұршықша иіріп, шыңдады. Әсіресе, Венгрияны азат етуде аянып қалмады. 1944 жылдың 25 қазанында қатардағы жауынгер М.Мұсаев Тисафюред қаласындағы Тисса өзенінен алғашқылардың бірі болып тез жүзіп өтіп, пулеметтен оқ жаудыру арқылы ротаның оң жағалауға өтуіне ықпал жасады. Өзеннен өткен соң фашистердің 18 қарсы шабуылына тойтарыс берген пулеметші қазақ жігіті жаудың 60 солдаты мен офицерін, үш пулемет ұясын жойған. Соғыс кезінде алған ауыр жарақатына қарамастан ұрыс даласын тастамай, ақырғы оғы қалғанша шайқасты.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен 1945 жылдың 24 наурызында ерлігі және соғыс тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін Мұқат Мұсаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен және «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды.Оқ пен от ортасынан оралған Мұқат Мұсаев Астрахан облысы Наримановск ауданы Буруны ауылында жұмыс жасап, түйе шаруашылығын меңгерді. 1954 жыл 3 мамырда өмірден өтті. Қазір Астрахан облысында ол тұрған ауылда батыр есімі көшеге берілген.Көзсіз ерлік жасаған Гавриил Шамин де - ер етігімен су кешіп, жеңісті жақындатқан жандардың бірі, «Даңқ» орденінің толық иегері. Ол 1923 жылы Индер ауданының Ынтымақ ауылында дүниеге келген. Кен ошағында ағаш шебері болып еңбек еткен. 1941 жылы әскер қатарына алынып, полк мектебін бітірген соң майдан шебіне жіберілді. Барлаушылар ротасының 433 бөлімінің барлаушысы, сержант Г.Шамин 1944 жылы Псков облысы, Пустошкинский ауданына қарасты Островок ауылында бірнеше фашистің көзін құртып, бесеуін тұтқынға алған. Бұл ерлігі үшін ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды.Ол барлаушы ретінде ірі шайқастарда ерен ерлік көрсетеді. 1944 жылдың 18 қарашасы болатын. Латвияның Салдус қаласының оңтүстік-шығысында маңызды мағлұмат алып келе жатқан «тілді» ұстау тапсырылады. Барлаушылар тапсырманы орындауға қараңғы түсе аттанады. Қажетті аймақты тып-тыныш миналаған сержант Шамин, қатардағы жауынгерлер Русаков пен Тукаевтармен бірге жаудың пулеметшілер окопын басып алады. Шайқас басталып кетеді. Үш неміс солдаты өліп, жау тұтқынға алынды. Осылайша бұйрықты орындап, «тілді» ұстағаны үшін ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені иегері атанады.Жалпы, Гавриил Петровичтің ерлік жолы Сталинградтан Прагаға дейінгі аралықты қамтиды. Берлин түбіндегі ұрыста Шамин барлаушылар тобымен бірге «тіл» әкелуге бұйрық алады. Батыл барлаушы жау ортасына граната тастап, фашист жауынгерін тұтқындап, өз бөлімшесіне алып келеді. Бұл 1945 жылы 4 мамыры еді. Осынау батылдығы мен батырлығы ескеріліп, Гавриил Петровичке І дәрежелі «Даңқ» ордені табысталды. Соғыс жылдары «Даңқ» орденінің толық иегері атанды.Соғыстан елге оралған соң бейбіт еңбекке белсене араласты. «Индер борат» руднигінде жүргізуші, автомеханик болып қызмет етті. 1969 жылы отбасымен облыс орталығына көшіп келіп, жиырма жылдай әскерилендірілген транспорт бөлі-мінде командирдің көмекшісі де болып жұмыс жасады. 1995 жылы 17 шілдеде 72 жасында дүниеден өтті. Атырау қаласында Г.Шамин есімі көше атауына берілді.Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес әскерлері 1418 күн мен түн бойына шайқасып, жеңіске қол жеткізіпті. Үлкен қиындықпен, қанмен келген ұлы күннің қаһармандарын қанша дәріптесек те артық емес.Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат - екінші дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі, соғыс-уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап. Бұл тақырыпты шын мәнінде ашу үшін сол сұрапыл соғысты өз көзімен көрген адаммен сұхбаттасқанды жөн көрдім. Жеңіс үшін өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан-жылға, күннен-күнге азаюда, олардың тірі қалғандары, арамызда жүріп Жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен санарлықтай. . «Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу - қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге болмайды», - деп Баубек Бұлқышев айтқандай, жаратылысынан ақкөңіл, ақжүрек, батыр, намысты халық өз мүддесінен Отан мүддесін артық қойып, өмірін құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ екенін, Отанға деген махаббатын осылай дәлелдей білді. Қазақ деген-батыр халық. Ол еңкейгенде еңкейеді, шалқайғанда шалқаяды. Шірене қалса, асқар-асқар тауларына сүйенеді, еңкей қалса, азаматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді. Сөйлесе Қазыбек данадай шешендігі бар, Төле бидей көсемдігі бар, айтыса қалса, дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар, Қабанбайдай ірілігі бар, қолынан қиыстырып жол табар Абылайдай тірілігі бар ел. Қазір өз алдымызға

мемлекет, тәуелсіз ел болсақ та, ол кездегі Кеңес Одағы барлық халықтардың ортақ мемлекет болып есептелгендіктен, батыстан жау шапқанда Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауда жаппай ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Даламыз қандай кең болса, пейілі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттері сынға түсті. Осы жолда қанша ардагер әкелеріміз, аталарымыз бен апаларымыз қанын төкті, жанын пида етті десеңші! Осылайша, біздің халқымыз соғыс барысында бүкіл әлем алдында бар ұлылығымен көрінді. Сол кездегі Кеңес Одағы халықтарының тұтасқан бірлігі мен мызғымас достығы, халық пен әскердің жаппай ерлігі Жеңісіміздің кепілі болды. Басынан аяғына дейін құрыштай қаруланған гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай самолетті, 3700-дей танкті, 50 мыңнан астам қару мен минометті шабуылға шығарды. ССРО жеріне басып кірген жау әскерлерінің жалпы саны бес жарым миллион адамға жетті. Оған дейін 12 мемлекетті басып алған және 14 одақтасы болған жау Баренцов теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықтағы зор майдан шебінде соғыс ашты. Гитлер және оның төңірегіндегі дүлейлер Кеңес елін «тұтқиыл» шабуылмен талқандап, әлемдегі тұңғыш социалисті мемлекетті құртып жіберуді, совет адамдарын құлға айналдыруды, Кеңес елін герман империализмінің отарына айналдыруды ойлады. Бірақ, совет халқы міз бақпай, анталап келген жауға айбындылықпен қарсы тұрды. Халық Коммунистік Партияның басшылығымен өзінің Отанын қорғауға батыл бел буып шықты, әділетті азаттық соғысқа жұп жазбай тұтаса көтерілді, бұрын болып көрмеген табандылық пен қайсарлық танытты. Осындай сұрапыл соғыс күндерінде халқымыз майдан мен тылда жеңіс үшін керекті жағдай жасаудың ауыр жүгін көтерді. Майданға кеткен талай мыңдаған жұмысшылар мен шаруалардың орнына шексіз қиын, ұйқысыз, ас-сусыз еңбек вахтасында әйелдер мен балалар, мүгедектер мен зейнеткерлер тұрды. Әр отбасының басшысы майданда болды. Сондықтан, сол кездегі адамдарға тәулік бойы жұмыс істеуге тура келді.. «Бір минут ішінде сен соғысқа дейін бір сағатта істегеніңді істеуге тиістісің!» деген ұранды ұстанған адамдар қатал тәртіп пен еріксіз жұмыс істетулерге қарамастан, асқан шыдамдылық танытып, ешқандай қысым көрсетусіз-ақ ұйымшылдықтың асқақ үлгісін көрсетті. Осынау қиын күндерді қазір 89 жасқа келген әжемнің айтқан әңгімелерінен де естіп, заманның сыры мен үнін көз алдыма елестетемін. Бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін, - деп халық ақыны Нұрпейіс Байғанин елді майдан үшін еңбек етуге үндегендей, тылдағы жұмысшылар Республикамыздың ауыр өнеркәсіп саласында да адам айтқысыз жетістіктерге қол жеткізді. Мәселен, осындай қысқа мерзім ішінде Қазақстанның түсті металлургия саласында ондаған рудниктер, шахталар мен байыту фабрикалары ашылды. Содан кейін Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Теміртаудағы металлургия зауыты, Гурьев мұнай айдау зауыты іске қосылды. Кенді Алтай өнімдері, Шымкент қорғасыны, Балқаш мысы, Ақтөбе ферроқорытпалары, Қарағанды көмірі, Ембі мұнайы - осылардың бәрі майдан қажеті үшін жөнелтіліп жатты. Осындай сұрапыл жылдарда да қонақжай, адал ниетті, ақкөңіл, меймандос халқымыз ізгілік сипатын, адами қасиеттерін жоғалтып қоймады. Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан, басқа да республикалардан келген баспанасыз миллиондаған адамдар мен жетім-жесірлерді халқымыз құшақ жая қарсы алып, шын жүректен бауырына басты. Босқындармен өз баспанасын да, қолындағы соңғы тілім нанын да бөлісіп жеді. Әрине, мұның бәрі де мақтан тұтарлық әрекеттер, Жеңіске жетуіміздің бірден-бір себепшісі. Батырлығын жауына татырды анық, - деп ақындар жырына арқау болған халқымыздың батырлығы, ерлігі қан майданда талай рет дәлелденді. Дүниені дүр сілкіндірген осы алапат соғыста қазақтың 497 азаматы Кеңес Одағының Батыры атағын алды, тарихта өшпестей із қалдырды. «Ел шетіне жау тиді» дегенді естігенде Қабанбай, Бөгенбай, Амангелді батырлардың ұрпақтары қолдарына қару алып, бір кісідей кеуделерін оққа тосуға әзір екендіктерін білдірді, елі үшін өлуге, елін қорғауға ант берді. Қазақ халқынаң ой-сезімін Шығыс Қазақстан облысындағы «Еңбек» ауыл шаруашылық артелінің колхозшысы Рақым Қондыбаевтың: «Фашистік құзғындар еркіндік сүйгіш халықты құлдыққа түсіруге, жерімізді, малымызды тартып алып, мойнымызға арқан салуға тырысады. Бұлай болмақ емес! Қазақ халқы бойындағы Амангелдінің айбынды рухы өлген жоқ. Біздің даламызда ержүрек жігіттер мен сәйгүлік аттар қашан да бар. Отан соғысында қазақтар құлдыққа түсірушілерге қарсы қасық қаны қалғанша шайқасады деп ант етеміз!» деп қасиетті жерімізге шабуыл жасаған фашистік хайуандардың сұмдық арсыздығынан сырт қала алмайтындығын, басқыншы жауға туған жер топырағын таптатпайтындығын айтқан жалынды сөздерінен көре аламыз. Жау жағадан алғанда елін қорғау өмірлік парызы деп білген, елін ерлерше қорғап, Отан соғысының лаапылдаған отының ішінде қаза тапқан жалынды публицист, ер жүрек жауынгер Баубек Бұлқышев Отанды қорғауды азаматтық борышы деп түсінді. «Өмір сүргім келеді» деп шырылдаған небәрі жиырма сегіз жастағы жауынгер өзінің ерен еңбегі мен керемет батырлығының арқасында дүние жүзіне танылып, үлкен құрметке бөленді. Жауынгер қаламынан шыққан жалынды үн жерлестерінің жанын тебірентіп, отты жылдарда өз рөлін атқарды, болашақ ұрпаққа айнымас ұран болып қалды. «Біз-кеңес адамдарымыз, біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол - Отанға деген сүйіспеншілік», - деп еліне, жеріне деген шексіз махаббатын, құрметін майданда дәлелдеген, бүкіл әлемді шошытқан халқымыздың біртуар азаматы, қайталанбас тұлға Бауыржан Момышұлының ел үшін еткен еңбегін айтпай кеткен мүмкін емес. Даңқы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысудан басталған Б.Момышұлы тарих сахнасына шықты. Атақты әскер қолбасшысы Б.Момышұлы жарық жолын Жетісудан бастап, Европаның төріне - Берлинге барып ат басын тіреді. Баукең - соғыс өнерін жетік меңгерген, әскери қимылдарға әзірліктің және оны жүргізудің теориясы мен практикасын, әскери стратегияны, оперативтік өнер мен тактиканы ұтымды қолдана білген қолбасшы. Ол - 207 рет соғысқа қатысқан қаһарман батыр. «Халқымның қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен» дейтін өмірлік ұстанымынан бір мысқал да ауытқымаған, бойында иненің жазуындай жалғандығы жоқ, бір өзіне ғана жарасар ерлік пен өрлік бар, төрт жыл сыз жастанып, жер кепе мен окопта ұйқысыз, мазасыз түндерді, кескілескен шайқастарды басынан өткізген қайсар да қайтпас ер есімі қазірде батырлықтың символына айналды. Баукеңнің ел алдындағы биік бағасы, сіңірген еңбегі, өнегелі өмірі, қатал да суық мінезі, алмас қылыштай қиып түсер өткірлігі, айта берсек таусылмайтын, қайта жыл өткен сайын жаңарып отыратын жақсы қасиеттерді Табиғат-Ана біртуар жанның басына үйе салғаны қандай ғанибет! «Есімі ер жүрегінде сақталған ер ғана бақытты» деп Баукеңнің өзі айтқандай, оның есімі ел жүрегінде мәңгіге сақталды. Ендеше, Бауыржан батыр шын мәнінде бақытты ер! Майданда шайқасып, жеңілістің ащы дәмін де, жеңіс қуанышын да татқан жерлестеріміздің бірі, ротаның саяси жетекшісі - Василий Клочков. Оның «Россия кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва!» деген жалынды сөздері бүкіл әлем жұртшылығына тарап кетті. Ол жетекшілік еткен 1075-атқыштар полкінің танк жоюшылар тобының 1941 жылғы 16 қарашада Дубосеково разъезі түбінде жаудың он сегіз жауынгерлік машинасын жойып, оны шығысқа жібермеген өшпес ерлігі бүкіл дүние жүзіне мәлім. Сондықтан да, 28 батырдың бейнелері әндерде, дастандарда, аңыздарда айтылып, мәрмәр тастарда қашалып, бояулармен бейнеленіп мәңгілікке қалдырылды. Рейхстаг баспалдақтарының кіре беріс бағанына бірінші болып шабуыл туын қадаған Ақмола қаласының Қырыққұдық деген жерінде туып өскен Қазақ лейтенанты Рахымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер, вяткалық орыс Григорий Булатов еді. Бұл туралы 1945 жылдың 3 мамырында Берлинде шыққан «Воин Родины» газетінде: «Они отличались в бою! Родина с глубоким уважением произносит имена героев.. Над цитаделью гитлеризма они водрузили знамя Победы. Запомним имена храбрецов: Рахымжан Кошкарбаев, красноармеец Григорий Булатов» деп жазылған еді. Сол майданда біздің аруларымыз да талай қиындықтарды бастан кешті. Қолдан келместей көрінгенімен, сол кездері нәзік жанды әйелдер кез келген батырдың өзін қайыстыратын жүк көтерді. Олар өздеріне ешқандай жеңілдікті талап етпестен, қашан да жауынгерлермен бір сапта тұрды. Тіптен, дәл осы қыздардың бар болуы жауынгерлерді рухтандырып, оларға күш-қуат берді. «Майданға жіберетін ешкімім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуді өтінемін» деп Алматыдағы медицина интитутының жас түлегі Мәншүк Мәметова Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен қосылғысы келетінін білдірген болатын. Жас қыздың қайтпас қасарлығы таң қалдырмай қоймайды. Сол секілді мергендігімен талай жаудың көзін құртқан Әлия есімі тарих парақтарында алтын әріппен жазылып қалды. Мәншүк пен Әлиядан басқа халқының абыройын асырып, елінің даңқын шығарған, от пен оқтың арасында жүріп, жаралыларды өлімнен құтқарған көптеген Қазақ қыздары майдандағы ерліктеріне лайық орден, медальдармен, бас қолбасшының алғыс хаттарымен марапатталған. Алайда, осы сұрапыл қанды қырғында өмір мен өлімнің арасында жас өмірін сарп еткен Қазақ қыздары жөніндегі деректер өте аз, олардың көбісінің есімдері де белгісіз. Мұны майдангер Қазақ қыздары кешіре қоймас! Әлеуметтік-тарихи өзгерістер мен құбылыстарға қашанда алдымен үн қатуға, өз үнін білдіруге әзір елгезек халық ақындары мен жазушыларының шығармалары бұл жылдары ерекше шабытқа толы болды. Олар жазушылар мен ақындардың туған халқына қалтықсыз қызмет етіп, соның мұңын мұңдап, жырын жырлауының айқын айғағы еді. Бұл шығармаларда неміс фашистеріне деген кек пен өшпенділік, халықты ізгі күреске шақыру, үндеу сарыны көрінді. Әсіресе, Отанға төнген қауіп 96 жастағы қарт ақын Жамбылды тыныш жатқызып қоймады.Соғыстың алғашқы төрт жылында ол үш мың жолдай жыр төкті. Олардың ішіндегі ең көркемі әрі құндысы «Ленинградтық өренім» толғауы еді. Бұл өлең 1941 жылы 900 күн, 900 түн қоршауда қалып, елден бөлініп, қиын шақты басынан өткізген қаһарман ленинградтықтарға арналған болатын. Осындай сұрапыл жылдары бір қолына қару, бір қолына қалам ұстаған өршіл рухты, сыршыл батырымыз, жан дүниесі шымырлатқан шерге толы ақынымыз Қасым Аманжолов болды. Буырқанған була күшке, екпінді еркелікке толы, шиыршық атып, бұлқына ойнап тұрған айбынды, қайраты, тепсініп темір үзердей ішкі қуаты сапырылыса, шайқала шапшыған ақын өлеңдерінде Отанға деген шексіз махаббатын керемет суреттейді. Ақынның осындай отты, өршіл шығармаларының бірі - «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы. Басқыншы зұлым жауға ең соңғы оғы қалғанша берілмей соғысып, ажалмен бетпе-бет тұрған, ерлікпен қаза тапқан жауынгер ақын Абдолланың ерлігін, батырлығын суреттейтін бұл шығарма керемет ұлтжандылықпен, ерекше айбындылықпен жазылған.

Қасиет-күші ұлы Отанның,

Қанатын бер қыран құстың!

Ашуын бер арыстанның,

Жүрегін бер жолбарыстың! - деген поэма үзіндісі «ата жаумен арпалысқан ұланды ұлы ететін, жаужүрек батыр ететін - оның Отанына деген махаббаты» дегенді дәлелдейді. Шынымен де, елін, жерін тебірене сүйген адам ғана батырға айналады! Махаббат пен ашынудан серпіліп тұрған сұрапыл жігер-қайратты өр кеудесіне сыйғызған жас батырға арналған поэма - ақынның қасқырдай анталаған жауға қарсы ашынуы, айбары, дос туралы жан азасы еді... Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбектерімен жеңісті шыңдаған шаруалар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен аналар мен қыздар тойлайды. Осынау Ұлы Жеңіс күнінде Отанымыз үшін өзінің жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, тамыр-таныстарына қайтып оралмай қалған қаһарман ерлерді ел болып еске түсіреміз. 9 мамыр – фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиғандарды еске алу күні. Бұл күні аналар мен жесірлердің жүрегі осыдан 65 жыл бұрынғыдай сыздайды. Бүгін жеңімпаздардың, олардың балаларының, немерелерінің жүрегі мақтаныш сезіммен лүпілдей соғады! Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Сол сұрапыл соғыста батырларымыздың сақтап қалған байтақ жеріміз бүгінгі күні дүние жүзі таныған, әлем мойындаған мемлекет болып қалуы біз үшін үлкен мақтаныш, жетістік. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қазір Республикамыздың дүние жүзінің алдыңғы қатарындағы мемлекеттердің бірі болып, ең бастысы, елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың өріс алып, халқымыздың тыныштықта бейбіт өмір сүріп келе жатуы - тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың адал да ұтымды тактикасының, үлкен парасат пен биік талғамының арқасында. Сондықтан біз, ХХІ ғасыр жастары, осындай байтақ елде тұрып жатқанымызға бақыттымыз!




























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
?лы Же?іске 71 жыл

Автор: Муханбетова Кабира Хисметовна

Дата: 15.05.2016

Номер свидетельства: 326920

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "?лы Же?іске -70 жыл! "
    ["seo_title"] => string(26) "u-ly-zhien-iskie-70-zhyl-3"
    ["file_id"] => string(6) "195673"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427954291"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Шы?арма "Же?іске 71 жыл!""
    ["seo_title"] => string(29) "shyg-arma-zhien-iskie-71-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "301822"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456996557"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Ма?ала. "?лы Же?іске 70 жыл!" "
    ["seo_title"] => string(32) "mak-ala-u-ly-zhien-iskie-70-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "214643"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1432389221"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "«?лы Же?іске  - 70 жыл» "
    ["seo_title"] => string(26) "u-ly-zhien-iskie-70-zhyl-6"
    ["file_id"] => string(6) "245898"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1446229056"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Қасірет шегіп, қан кешіп, Жеңіске жеткен күн еді…"
    ["seo_title"] => string(62) "k_asiriet_shieghip_k_an_kieship_zhien_iskie_zhietkien_kun_iedi"
    ["file_id"] => string(6) "396742"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1488307441"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства