Просмотр содержимого документа
««Тапқыр болсаң, тауып көр»»
Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр болсаң, тауып көр» /сайыс/ Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін сарапқа салу. Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой – өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру. Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу. Түрі: Ақыл - ой зерделі ойын. Жоспары: 1. Бәйге жарысы
2. «Жүйрік болсаң, озып көр» 3. «Тапқыр болсаң, тауып көр» 4. Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот) 5. «Кім епті, еркін ойлы?». 6. Көкпар /ой - толғау/ Барысы: Кіріспе сөз: Елбасының 2030 жолдауы – егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апарар үлкен сүрлеу. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы сендерсіңдер деп білемін. Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында. Ендеше, сендер болашаққа бүгін де өз үлестеріңді қосып, еңбек еткелі отырсыңдар. Сол еңбектеріңді, осы уақытқа дейін информатика пәнінен алған білімдеріңді ұшқыр ойларыңмен, шешендік тілмен өрнектеп ортаға саласыңдар. Сонымен сайысқа қатысушылар, бүгінгі “ Тапқыр болсаң, тауып көр» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайыста әрбір айналымнан сүрінбей, ойланып, нақты жауап берген топ қана “Нағыз тапқырлар” атына ие болады. Ойын айналымнан тұрады. Ал, келіңдер, келіңдер! Біріңе - бірің еріңдер, Біліміңді тексеріп, Ойынға қатысып қөріңдер. Топтарды таныстыру: топ басшысын тағайындау: 1 топ – «Компьютер» Ұраны:
Тетікті бассаң алаңсыз, Жазамыз қалам - қағазсыз. Әрқашанда тездетіп, Есепке шешім табамыз! Бүгінгі жеңіс біздікі. 2 топ - «Принтер» Ұраны:
Компьютермен енеміз, Қағазға басып береміз 3 топ - «Процессор»
Ұраны:
Бәйгеге түсіп жарыспай Жүйріктің бағы жана ма? Бұл бәйге ойдың бәйгесі Кім жүйрік ойға, сол алда.
– дей отырып,
Бәйге кезеңін бастаймыз. Оқушылар берілген сұрақтарға тез жауап беруі керек, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады. Жауап жоқ болса, «келесі» деп айтуы керек. Бәйге жарысы 1) Лездік сұрақтары «Принтер» тобына:
1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны. (файл)
Компьютермен енеді, Қағазға басып береді. (принтер)
Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)
Компьютердің басты бөлігі, миы (процессор)
Батырмасын басасың, Қажетті файлды ашасың. (тінтуір)
Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты? / араб математигі Әл - Хорезми/
Қағаз бетінен алады, Бірден компьютерге салады. (сканер)
Windows - та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? (себет)
Монитор мен адамның арақашықтығы неше см? (60 - 70)
Мәліметті сұраған, Экранға шығарған. (монитор)
Бір - бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі, жиыны. (желі)
Файлдар жиыны. (папка)
Аз батырмалы құрылғы (тышқан)
Компьютердің негізгі электронды құрылғысы (процессор)
2. Жүйрік болсаң, озып көр: - Тор көздегі сұрақтарға, жауап беру, ұпай алу. 40 – Компьютердің атасы /Чарлз Бэббидж/ 40 – Компьютерде орналастырылған барлық жүйелерді, программаларды басқарады және компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. /операциялық жүйе/ 40 – Монитор экранындағы бір нүкте не деп аталады? /пиксель/ 30 - Планшетті, барабанды, қолмен істейтін (ручные) болып үшке бөлінеді. Ол не? /сканер/ 30 - Желі арқылы хабарламалардың алмасу жүйесі. /Электрондық пошта/ 30 – Принтердің түрлері /бүріккіш, лазерлік, матрицалық/ 20 – ДК - дің минимум тізімін ата /жүйелік блок, монитор, пернетақта/ 20 – CD - R мен CD - RW – дің айырмашылығы қандай? /1 рет жазу/көп рет жазу/ 20 – Сыйлық 3. «Тапқыр болсаң, тауып көр». Капитандарға арналаған.
Конвертте жасырылған батырмалар мен құрал - саймандардың қолданылуын атау. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан. 4. Жеті жұрттың тілін біл:
Келді кезек полиглотты шешуге Жауаптарын үш тілінде беруге Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз 40 ұпай шәкірт саған несібе.
Келесі кезең «Полиглот». Бұл кезеңнің ерекшелігі оқушылар берілген сұрақтарға қазақша, орысша жауап береді. Егер тек бір тілде жауап берсе 5 ұпай, 2 тілде 10 ұпай, 3 тілде айтса, 15 ұпай алады. 1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? ( ақпарат, информация, information) 2. Сақталған құжатты ашу командасы? /Файл – ашу, файл - открыть, file - open/ 3. Windows – дегеніміз не? /ОЖ, операционная система, Operation system/ 4. негізделген құрылғы / Тышқан, мышь, Mouse/ 5. Қажет емес символды алып тастау пернесі - (өшіру, удалить, delete) 6. Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған. (себет - корзина - basket) 7. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор. (кітапша - блокнот - notebook) 8. Бір сарайда тұрады екен, Бес атаның балалары. Қыдырмашы біреуі, Бір де бар да, бір де жоқ (пернетақта - клавиатура - keyboard) 9. Биологияда паразит, Көзге зорға көрінер. Информатикада өлшем бірлік, Ақпараттың өлшенер.
(бит - бит - bit) 5. «Кім епті, еркін ойлы?».
Шарты: Берілген сөздерді жұмбақтап, ыммен түсіндіру. Әр дұрыс табылған сөзге – 1 ұпайдан. І топқа: модем, веб - камера, тышқан, процессор, интернет, пуск.
ІІ топқа: кактус, сканер, диск, компьютер, CapsLock, Paint. ІІІ топқа: флешка, пернетақта, колонка, себет,монитор, Word.
6.«Көкпар» Қарама - қарсы пікірлер бойынша ой - толғау: қолдаушы және қарсы пікір. Дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. Тақырыбы: 1) “Компьютердің пайдасы” 2) “Компьютердің зияны” Көрермендермен ойын:
Монитор енгізу немесе шығару құрылғыларының қайсына жатады? (Енгізу)
Компьютерден қағазға басып шығару құрылғысы. (принтер)
Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды. (суды)
Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады? (нөл мен бірлер)
Әділқазылар қорытынды шығарады. Қазылар орнықтырар әділдікті Кімдердің жауаптары кәміл шықты Білім мен тапқырлықты көрсеткен Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты – деп әділқазыларға сөз береміз. “Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында” демекші бүгінгі алған біліміміз ертеңгі байлығымыз, елімізге тигізер үлесіміз. Сондықтан да, білім алудан, оқып - үйренуден жалықпайық демекпін! Марапаттау кезеңі. Сөз кезегі әділқазыларға.