kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Менің Тәуелсіздігім – менің болашағым»

Нажмите, чтобы узнать подробности

кккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккк

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Менің Тәуелсіздігім – менің болашағым»»

5 орта мектеп





«Менің Тәуелсіздігім – менің болашағым» 

(Тәрбие сағаты)




Өткізген: Сальменова Гулия Темирбековна

Класс: 6 «В»











2016-2017 оқу жылы






14.12.2016

Тақырыбы:   «Менің Тәуелсіздігім – менің болашағым»

Фанфары

Видеоролик

Монтаж

  1-БӨЛІМ « Қазақстан тәуелсіздігіне – 25 жыл!»

1-жүргізуші:

Армысыздарқадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!

Биыл 2011 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 30 жыл болды. Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына  25 жыл толған мерейлі тойына арналған «Менің Тәуелсіздігім – менің болашағым» атты жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.



2-жүргізуші:

Шарықта, шарла көкті көк байрағым,

Арманым,  Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным

Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.

  «Әнұран» 

 

1-жүргізуші:

Мен қазақпын, бір биік белеспін мен,

Еуропада,  Азияда емеспін мен.

Аралықпын жетінші материктей,

Бірақ барша адаммен тең өстім мен.



2-жүргізуші:

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.

  

1-жүргізуші:

Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында  қаншама қан төгілді,

қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл,  бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы  арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы  бір зер салайық.

(видеоролик)

2-жүргізуші:

Өздеріңіз көріп отырғандай қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәмілсенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

І ж:   1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.

ІІ ж:   1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.

І ж:    1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

ІІ ж:    1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

І ж:    1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.

ІІ ж:    1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.

І ж:    1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.

ІІ ж:    1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.





1-жүргізуші:

Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 25 жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз. 

   

2-жүргізуші:

Озбырлық күшпен  тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп, елдің еңсесін

Жаншыды-ау жанын батпан күн!



1-жүргізуші:

Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның  алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова,Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды ексе алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

 

2-жүргізуші:

Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.



«Желтоқсан желі»поэзия Бекзат 



3-жүргізуші:

Республика! Ерікті ел – Қазақстан! 
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан. 
Келді алыстан аңсатып, армандатып, 
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан. 
Мен айғақпын, ұстамын ертегіге, 
Мен басымды иемін бүгінім, ертеңіме. 


4-жүргізуші:

Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. 


3-жүргізуші:

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. 
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. 







4-жүргізуші:

1991 жылы 1-желтоқсанда республикада бүкіл халықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ КССР-нің Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 
Республика тарихында халық саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. 


3-жүргізуші:

Елбасы Н.Ә.Назарбаев – сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, саңлақ шыққан сарабдал саясаткер, әлемдік деңгейде өзіндік орны бар үлкен тұлға, қажырлы мемлекет қайраткері. Алғырлығы мен көрегендігі, ептілігі мен тектілігі, батылыдлығы мен өжеттілігі, мейірімділігі мен қайырымдылығы, алымдылығы мен шалымдылығы қатар жүретін нағыз марқасқа. Біздің Президент күнделікті қызметімен қоса домбыра тартып, ән айтатын, вальс, танго секілді би өнерін де керемет меңгерген, ақын, шебер шаңғышы, теннисші, ат құлағында ойнайтын спортшы. 


4-жүргізуші:

Қазіргі кезеңде жер жүзіндегі 200-ге тарта мемлекеттерді ішінде Қазақстан әлем таныған алдыңғы қатарлы елдердің бел ортасында келеді. Дүние жүзілік бірқатар ықпалды ұйымдарға мүше болып, мемлекетіміздің мерейін асырып, іргесінің нығая түсуіне Елбасымыздың ат үстінде жүріп, ел үшін еткен еңбегі ұшан-теңіз. 


3-жүргізуші:

Күнісіз қазақ көгінің,

Шуағын шашқан халқына.

Қазығы бостандығымның,

Қажымас қайсар нар тұлға,

Ұшырдың алыс айға адам

Халқымның  мақсат арманын,

Түсінер сіздей қайда адам?!

Бес қару белге буынып,

Қол бастар көсем өзіңсің,

Жаныңды қиып бересің,

Қазақтың байтақ жері үшін.



4-жүргізуші:

Күй «Әлқисса» орындайтын Шынұзақов Жандәулет

3-жүргізуші:

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың біз үшін Тәуелсіздіктің 25 жылындағы ғаламат көшбасшылығымен қол жеткізілген Қазақстанның тамаша табыстарын айғақтайтын аса жарқын жетістіктерге назар аударайық.

 
4-жүргізуші:

- Біздің еліміз әлемдегі аса дамыған 50 елдің қатарына енді; 
3-жүргізуші:

- Республика бойынша 4000 жаңа балабақшалар, 350 мектеп, 50 колледж салынды. 
4-жүргізуші:



-Жаңа Назарбаев Университеті, болашақтың Интеллектуалдық мектептер жүйесі құрылды


3-жүргізуші:

Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде  білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде.





4-жүргізуші:Тәуелсіздік таңы.Тәуелсіздігімізді алғалы осыншама жетістікке жеткеніміздің бірден –бір айғағы Елбасымыздың алға қойған мақсаттары мен жолдамалары.
3-жүргізуші:Елбасының биылғы жылғы тағы бір ерен жеңісі , Қазақстанның кезекті биік белесі: Астананың  ЕХРО-17 халықаралық көрмесін өткізу. Бұл дүниежүзілік көрме өткізу арқылы  еліміздің  беделін тағы бір рет  барша әлемге танытатын боламыз.Астана  тағы да әлемнің 160 мемлекетінің бірауызды ықыласты қолдауына ие болды.Батыс пен шығыс өркениетін жалғастыратын алтын көпір атанған ару Астана өзінің тарих сахнасында салтанат құрған осы бір ғұмырының ішінде талай-талай аламан бәйгелерге ат қосып, талай жаһандық биіктерді бағындырды.


4-жүргізуші:Әлем жұрты дәл қазір Қазақстан десе –Астана , Астана десе – Назарбаев дейтін болды. Астана – бүкіл Қазақстан халқының  мерейі мен мәртебесі.Алғашқы күннен мемлекеттік құрлымның керуен көшін түзу жолға салған президенттің көрегендігі елдік тұғырымызды шайқамай , өркендеудің озық үлгісі негізінде бүгінгі күнге жеткізді. Дүние жүзі қазақты таныды.

3-жүргізуші:Осы шақта бізде ойымыз толып, бойымыз өсіп, санамыз жетіліп келеміз. Сыныптың, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысамыз. Бос уақытымызда спортпен шұғылданамыз. Сабақты жақсы оқимыз. Олай болса жиынымыздың келесі бөлімін назарларыңызға ұсынамыз.

2- БӨЛІМ. «Білім жолы нұрлы жол»

3-жүргізуші: Енді осы Тәуелсіздігімізге байланысты ауыл аға-апайларымыздың сөзін тыңдайық.

(Алдын –ала дайындалған видео-сюжет.)

Сұрақ.

1.Сіз өз балаларымыз бен немерелеріңізді сонау алыс болашақта қандай күйде көргіңіз келеді? 
2. Сіз 30 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетесіз? 


4-жүргізуші:

Осындай қарыштап дамып келе жатқан   Мемлекетімізді көркейту үшін “біз кімбіз” және қандай үлес қосамыз ?

ОҚУШЫЛАР ЖАУАБЫ:

-Тәртібімізбен, сапалы білімімізбен  үлес қосамыз.

-Озық технологиялармен жабдықталған мектепке қол жеткізген ұрпақтармыз.

-Интернет  жүйесіне қосылуға мүмкіндік алған ,  білімге құштар оқушылармыз.

-Ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор оқушымыз

-Үш тілді жетік меңгеретін ұрпақтармыз

-Біз спортты сүйетін, салауатты өмір салтын сақтайтын дені сау оқушылармыз.

-Біз Тәуелсіздік тірегіміз.

Ендеше біздің сыныпта тәуелсіздігіміздің мерейлі тойына өз үлесімізді қосу үшін 16 қараша мен 16 желтоқсан аралығында «25 жылдыққа 25 бестік» акциясы жарияланған болатын.Ортаға комиссия мүшелерін шақырамыз.

Ата-аналар комитеті

Сынып басшысы

Оқу секторы

Марапаттау сәті

Қазақ биі. орындайтын «Жұлдыз»тобы
1. Қазақстан! Туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

 

2.Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік- ел бақыты, ертеңі,

О, халайық, құтты болсын қуаныш!

 

  3. 25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін

Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім

Бодандығым ғасырларға жалғасқан

Қазір, міне артта қалды келмес күн

 

4. Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,

25 жасың құтты болсын нұр елім.

25 жылда шықтың талай белеске,

Қазақстан жасай берші гүл елім

 

1.Әрқашан да мақтанамын жеріме,

Қазыналы, дархан, байтақ еліме.

Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,

Тілеймін мен бейбітшілік еліме.

 

2.Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.



3.Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

 

Ән: «Өз елім»

 

 Қорытынды
Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің  күші  мен найзаның  ұшы  керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант  пен талап керек.
Қазақ елінің абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын  қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді  сезінейік
“Сен де бір кірпіш  дүниеге ,
Кетігін тап та бар қалан!”-  деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
«Менің Тәуелсіздігім – менің болашағым»

Автор: Сальменова Гулия Темирбековна

Дата: 09.01.2017

Номер свидетельства: 377012

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(131) "Внесклассное  мероприятие на тему:  «Т?уелсіздік – те?десі жо? байлы?ым» "
    ["seo_title"] => string(77) "vniesklassnoie-mieropriiatiie-na-tiemu-t-uielsizdik-tien-diesi-zhok-bailyg-ym"
    ["file_id"] => string(6) "229169"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1441636296"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Т?уелсіздік те?десі жо? байлы?ым"
    ["seo_title"] => string(40) "t-uielsizdik-tien-diesi-zhok-bailyg-ym-1"
    ["file_id"] => string(6) "317237"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460305368"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым""
    ["seo_title"] => string(40) "t_uielsizdik_tien_diesi_zhok_bailyg_ym_1"
    ["file_id"] => string(6) "452824"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1517038148"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) ""Мені? елім-мені? болаша?ым" "
    ["seo_title"] => string(31) "mienin-ielim-mienin-bolashag-ym"
    ["file_id"] => string(6) "191296"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427290639"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "?аза?станны? т?уелсіздігі "
    ["seo_title"] => string(29) "k-azak-stannyn-t-uielsizdighi"
    ["file_id"] => string(6) "244354"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1445927635"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства