Просмотр содержимого документа
«К?з - берекем, К?з - мерекем»
Хлебодаровка орта мектебі
Дайындаған: Ж.М.Қожахмет
2015-2016 оқу жылы
КҮЗ – БЕРЕКЕМ, КҮЗ – МЕРЕКЕМ
Мақсаты: «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып күз байлық, береке, молшылық, шаттық, қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу; өздеріне ерік бере отырып ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа, еңбекке баулу.
Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз – кең даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз – байлық, молшылық, береке, шаттық, қуаныш.
2-жүргізуші:
Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпеннен ортақтассын.
Мінекей, табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз сары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын, берекелі мезгіл күз айы келді. Берекелі де мерекелі Алтын күз құтты болсын.
Тәжібай Әйтекенің орындауында (Табылды Досымовтың әні) «Сәйгүлік» қарсы алыңыздар.
1- жүргізуші: Күз айы – мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімі себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жеткізіп отыратын қасиетті ай. Ендіше, Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін демекпіз.