Коучинг тақырыбы: Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары
Коучинг тақырыбы: Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары
Аудандық семинар аясында өткен коучинг. PISA бағдарламасы бойынша мұғалімдерге оқушының оқу сауаттылығын арттыруда коллабаративті орта, дағды қалыптастыруына бағыт беру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Коучинг тақырыбы: Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары»
Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары
«Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыбы бойынша Исмагулова Н.Т. Шындаулетова Л.Т. қысқа мерзімді коучинг жоспары
11.12.2015 жыл
2 апта
5-күн
Сабақ тақырыбы:
Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары
Жалпы мақсат:
Міндеті:
PISA бағдарламасы бойынша мұғалімдерге оқушының оқу сауаттылығын арттыруда коллабаративті орта, дағды қалыптастыруына бағыт беру.PISA бағдарламасын орындауда сын тұрғысынан ойлауды іс-тәжірибесіне енгізуге ықпал жасау; 1.Пайымдау, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу, рефлексиялық тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау.
2.Тренингтер мен ойын түрлерін, тапсырмаларды талқылау үшін тыңдаушылардың топтарда бірлесе жұмыс істеуі.
3. Әр тыңдаушының тапсырманы орындау негізінде ойларын, сезімдерін білдіруі.
Сілтеме:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 41-49-б
PISA тапсырмалары
Оқу нәтижесі
Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздеуі; PISA тапсырмаларын сыни ойлау арқылы бірлескен топтық жұмыста шешімін анықтауға үйренеді.,бағдарлама негізінде мәтінді жаңа форматта талдауға үйренеді.,істі тәжірибесінде пайдалануға қадам жасайды.
Түйінді идеялар:
Әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру; Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау; Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін өмірде қолдана алуына бағыттау.
Сабақта қолданылатын материалдар:
А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, Сэндвич бағалау парақтары.
Оқыту әдістері:
АКТ
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,Көшбасшылық,
1. Диалог
2. Жеке жұмыс
4. Топтық жұмыс
Дерек көздері:
PISA тапсырмалары , портал материалдары
Тапсырмалар:
Трениг, ой шақыру ,топтық тапсырма және қорғау, рефлексия, таблицамен жұмыс, логикалық, есте сақтау қабілеттерін тексеретін тапсырмалар
Оқуға арналған тапсырма:
Мұғалімге арналған нұсқаулық.41-49 беттер
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
Коучтың іс-әрекеті
Мұғалімдердің іс-әрекеті
(3 мин)
«Комплимент» тренинг
Мұғалімдер шеңбер болып тұрады, өздеріне комплимент айтады
(3 мин)
«Жемістер бағы» алма апелсин, банан шағын топқа бөлу.
Үш түрлі жеміс атауларын атап топта араласады Сол араласқан жемістерді тұру бағытымен 3 топқа бөлініп отырады.
(20 мин)
Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауын қадағалап үйренуіне жол ашу
Презентация «Функционалдық сауаттылық»
Таблицамен жұмыс
Тапсырмалар
«Урок бабочки» шағын бейне жазбасын көру, белгілі жерінде үзіп, ой шақыру.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқуға ынтасын арттыру, нәтижеге жетуіне мүмкіншілік жасау, жауапкершілікті сезіндіру. әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойларын пісіру”
Проблемалық сұрақтар
1-ші топқа
Біз ұжымдық топтарды қалай құра аламыз? Коллабаративті орта қалыптастыруда топтық жұмыстың түрлері
2-ші топқа Оқушыларға PISA бағдарламасының сауатты оқу тапсырмасына қатысу үшін қандай дағды қажет? Сіз оны қалай ұйымдастыра аласыз?
3-ші топқа PISA бағдарламасының емтиханымен танысу кезінде сыни ойлау дағдыларымызды қалай пайдалана аламыз?
Флипчарт, маркер, желім, қайшы қолдану
Проблемалық сұрақтарға ой қозғайды.
Мәтінді PISA форматында талдауды түсіндіреді
(10 мин)
PISA тапсырмаларын орындау нәтижеге жетуіне мүмкіншілік жасау, жауапкершілікті сезіндіру.
Постерге түсіру
Телефон
Споршы аяқ киімі
Биік ғимараттар
Печенье
Жұмыс күші
Флипчарт, маркер, түрлі түсті қаламдар қолдану
Сергіту
Антидепрессиант
Бағалау
(5 мин)
Топта бірлесе отырып, « Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру» тақырыбы бойынша не үйренгенін қорытындылайды
Кері байланыс «Сэндвич» тәсілі
Әріптестерімнің біліктілік деңгейін бақылау үшін «Сэндвич» тәсілі арқылы теориялық білімді меңгергенін бақылаймын.
Қызыл түсі- түсінбедім
Сары түс- әлі сұрақтарым бар
Жасыл түсі- маған бәрі түсінікті
Стиктің біреуін сэндвич парақшасына жапсырады.
Рефлексивтік есеп коучинг «Функционалдық сауаттылық»
«Ұстаздың қолында адам өмірінің
келешектегі тұтас тағдыры тұр»
В.Г. Белинский
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та- ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себептігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс- тұрысы, жинақы іс- әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады, - дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін- өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты - саяси – экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан- жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педогогикалық шеберлік қажет. Педогогтік шеберлік - дарынды талант емес, үйрену,ізденудің нәтижесі.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында жетекші роль атқарады, сондай – ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы – ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енген. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда. Оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар әсер етеді: 1) білім беру мазмұны; 2) оқыту нысандары мен әдістері; 3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі; 4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары; 5) мектепті басқару моделі; 6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы; 7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі. Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде берілген пәндік БЕД жатады, ал ұйымдастыру формасына – проблемалық жағдайлар жатады. Осыған байланысты, ойлау дағдыларының өзі БЕД-тердің құзыреттілікке көшуінің құралы ретінде қызмет атқарады, яғни функционалдық сауаттылығы.