kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кітапхана саба?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

о?ушыларды? аны?тамалы? ??ралдармен, с?здіктермен  ж?мыс істеу білігін дамыту?а ы?пал ету;

о?ушыларды? кітап?а ??ыптылы?пен, ??рметпен ?арауына ?сер ету;

білімге ж?не кітап о?у?а ?ызы?ушылы?ын арттыру?а себеп болу;

о?ушыларды? тез шешім ?абылдау ?абілетін, тіл байлы?ын дамыту. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кітапхана саба?ы »

Тақырыбы: Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйрету, оны қалыптастыру

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

оқушылардың анықтамалық құралдармен, сөздіктермен жұмыс істеу білігін дамытуға ықпал ету;

оқушылардың кітапқа ұқыптылықпен, құрметпен қарауына әсер ету;

білімге және кітап оқуға қызығушылығын арттыруға себеп болу;

оқушылардың тез шешім қабылдау қабілетін, тіл байлығын дамыту.

Сабақ түрі: сайыс-сабақ.

Көрнекілігі: экран, проектор. Кітапхананың іші шарлармен, кітап туралы нақыл сөздермен әсем безендірілген.

«Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді»

Н.Ә.Назарбаев

Нақыл сөздер:

«Кітап - жан айнасы»,

«Кітап - таусылмайтын азық»,

«Кітап – оқу жабдығы, білім сандығы»,

«Кітап – айдың талмас қанаты».


Қатысқандар: 6«а», 6 «ә» сынып оқушылары.


Сабақ-сайыс кезеңдері:

1 кезең. «Кітапхана –кітап үйі» сұрақ-жауап.

2 кезең. «Кім тез?» энциклопедиялармен жұмыс.

3 кезең. Кітапты ұстау бойынша көріністер.

4 кезең. Диалектологиялық сөздігімен жұмыс.

5 кезең. «Кітап - біздің досымыз» тақырыбында шығарма.

6 кезең. Кітап тарихына байланысты сауалнамалық сұрақтар.


Барысы.


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйрету, оны қалыптастыру» атты кітапханалық ашық сабаққа қош келіпсіздер.

Талап қыл артық білуге,

Артық білім кітапта,-

деп Абай атамыз айтқандай ілім - білімнің сарқылмас қазынасын кітаптан аламыз. Адамзат баласының жер басып өмір сүрген уақытынан, бүгінгі күнге дейінгі басты үш құндылығы: білім, ғылым және өнер. Ал осы құндылықтардың қыр-сырын түсінуге қол ұшын беретін алуан түрлі жаңалықтарды ашуға апаратын бірден-бір жолдың ордасы – кітапхана.

Кітапхана сабағы сайыс түрінде өтеді. Қазір алдарыңызға екі топ «Тапқырлар» мен «Білгірлер» шығады. Әр топтың ұраны болады.


ІІ. Топтарды таныстыру.

1 топ - «Тапқырлар» тобының ұраны: « Талап қыл артық білуге,

Артық білім ғылымда».

Абай.



2 топ - «Білгірлер» тобының ұраны:

«Оқу –білім қазығы,

Адамның азығы.

Оқу өмірдің сәні

Тіршіліктің шамы».

С.Сейфуллин.

ІІІ. Әділқазылар алқасымен таныстыру.





1 кезең. «Кітапхана –кітап үйі» сұрақ-жауап.

Слайд көрсетіледі. Екі топқа кезекпен сұрақтар қойылады. Сұрақтар экраннан көрсетіледі. Бірінші топ жауабын білмесе, екінші топ жауап береді. Толық жауапқа - 2 ұпай, толық емес жауапқа – 1 ұпай.

1.Таусылмас байлық, сарқылмас қазына (кітап).

2. Кітап үйі -... (кітапхана).

3. Кітап құрылысы (кітап сырты, мұқабасы, титулдық бет, форзац)

4. Титулдық бетінде қандай мәліметтер бар? (авторы, аты, баспаның аты, шыққан жылы).

5. Аннотация деген не? (кітап туралы қысқаша мәлімет).

6. Аннотациядан басқа тағы қандай кітап туралы мәліметтер бар? (алғы сөз, безендірілуі, мазмұны).

7. Каталог деген не? (Кітапханадағы кітаптар туралы мәлімет жазылған карточкалары салынатын жәшік).

8. Кітапханаларда қандай каталогтар болады? (Алфавиттік, жүйелік, электрондық).

9. Анықтама әдебиеттерінің қандай түрлерін білесіздер? (сөздіктер, анықтама, энциклопедия).

10. Біздің кітапханамызда оқушыларға арналған қандай анықтама әдебиеттері бар? (барлық пән бойынша).

11.Балаларға арналған журналдарды ата («Балдырған», «Айгөлек», «Бала би», «Мөлдір бұлақ», «Ақжелкен», «Балапан»т.б.)
12.Кітап басып шығаратын жер қалай аталады? ( Баспахана )
13.Мектеп оқулықтары қандай баспалардан шығарылады? («Атамұра», «Алматы кітап», «Арман ПВ», «Мектеп», «Бөбек»).
14. Кітапты жазған адам қалай аталады? (Автор)
15. Халықаралық Балалар кітабы күні қай күн? (2-сәуір)
16. Дүниежүзілік кітап күні қай күн? (23-сәуір)


2 кезең. «Кім тез?» энциклопедиялармен жұмыс. «Ол кім? Бұл не?» энциклопедиясынан екі топқа сұрақтар қойылады. Ол үшін экраннан суреттер көрсетіледі. Топ мүшелері сол суреттің атын энциклопедияның қай бетінде екенін тауып, мағынасын айтуы керек. Тез тапқандарға және толық жауап бергендерге 1 ұпайдан қойылады.

1 Піл Т.3. 60бет Ол кім ?Бұл не?.

2.Телефон Т.3. 209 бет. Ол кім? Бұл не?

3.Сиыр Т.3 116 бет. Ол кім? Бұл не?

4.Шахмат. Т.3. 342 бет. Ол кім? Бұл не?

Қазақстан Ұлттық энциклопедия

  1. Бүркіт - б.485 Т2

  2. Арыстан - б.467 Т1

3 кезең. Кітапты ұстау бойынша көріністер.


«Білгірлер» тобының көрінісі

Кітап күнтізбе емес

Ағасы үшінші сыныпта оқитын інісінің ана тілі кітабын көріп таңданды.

- Берік, бері келші

- Не , аға?

- Ана тілі кітабыңның бас жағындағы алпыс бетін кім жыртып тастаған?

- Мен

- Неге?

- Керегі жоқ қой. Өтіп кеткен сабақтар.

- Е, сонда кітап күнтізбе болғаны ма?

- Ия, - деді Берік

- Күнде өткен сабақты күнде жыртып тастаймын. Әйтпесе, кейін қай тақырыпты өттік, қай тақырыпты өтпедік білмей шатысып кетемін.

Ағасы қабағын түйіп:

Бұлай етуге болмайды, - деді.

Ал Берік нық түрде:

Болады, - деді. - Біздің сыныпта балалардың бәрі сөйтеді.

Ағасының көзі атыздай болып кетті.

- Кітапты жыртуға болмайды. «Кітап - біздің досымыз» дегенді білесің бе?

- Білемін

- Сондықтан кітапты күтіп, ұқыпты ұстау керек.

Берік осыдан кейін кітаптарын жыртпайтын болды.


«Тапқырлар» тобының көрінісі

Ескі кітап

Жалпы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталған кез болатын. Оқушылар мектеп кітапханасынан оқулық ала бастады. Ләйлә үшінші сыныпқа көшкен. Ол мектептен оқулықтарын алып үйіне оралды. Анасы оның қабағындағы кірбіңді байқап:

- Қызым не болды? Біреу ренжітті ме?

- Жоқ

- Енді не болды?

- Маған мұқабасын мыж-мыж ескі кітаптар берді. Осындай кітапты оқығым келмейді,- деп көзіне жас алды.

Анасы Ләйләнің қылығына күліп былай деді:

Қызым, оған неге ренжисің, ақылы бар бала, жыртылған жерін желімдеп, тысын қаптап, жаңартып алды. Кітаптың сыртына емес, ішіне үңілу керек. Ол - әр адамның сырлас досы. Сондықтан оны күтіп ұстап, кейінгі іні-сіңлілеріңе берген жөн.

Анасының сөзін мұқият тыңдаған Ләйлә кітаптарын желімдеп ретке келтіре бастады.


4 кезең. Диалектологиялық сөздігімен жұмыс.


Екі топқа диалектологиялық сөздіктен карточкаға жазылып екі сөз беріледі. Сол сөздерді қай беттен тапқандығы, мағынасы туралы айту керек. Дұрыс және тез тапқан топқа 3 ұпай беріледі.

  1. Бошақай – б.178 Ұзындығы бір жарым, екі метрдей ой жерге өсетін өсімдік.

  2. Көбенте – б.354 Кеудеге киетін сырып тіккен сырт киім

  3. Дөғалай – б.226 Үш-төрт айлық лақ

  4. Пәтірек - б.554 Пияз бен жүгері ұнын қоса отырып қазанға пісірілген нан.



5 кезең. «Кітап - біздің досымыз» тақырыбында шығарма. Топтық жұмыс. Екі топқа таза парақ беріледі. Бірінші бала бір сөйлем жазып бастайды, сосын келесі бала екінші сөйлемді жазады. Барлығы бір-бір сөйлемнен жазып шығуы керек. Аяғында байланысқан мәтін шығады.


Кітапханашы: Екі топ шығарма жазғанша, көрермендер сіздерге мынадай тапсырма: Мына екі түрлі оқулықты ұстаған оқушыға ризасыңдар ма? Қай оқулыққа жандарын ашиды? Оқулықтың қай жері ауырады? Бұл оқулықтарды қандай оқушы ұстаған? Енді осы оқулықты ұстаған оқушыға қандай жаза қолданамыз.

Кітапханашы: Балалар, кітапхананың өз ережесі бар, білесіңдер ме?

-Иә, қанеки, ережені айтып өтейік

- Кітапханаға сөмкемен кіруге болмайды. Әдеби кітаптар үйге он күнге беріледі. Жоғалтқан кітаптың орнына сол бағаға басқа кітап сатып алынып өткізіледі.

- Алған кітапты уақытында қайтару керек, өйткені басқа оқырмандар тосып отыр.

- Оқу залынан кітап үйге берілмейді. Оқу залында айғайлап шулауға, кітаптарды рұқсатсыз алуға, жаздырмай алып кетуге болмайды.

- Кітапханадан үйге берілген кітап таза, жыртылмаған күйінде, ескертусіз қайтару керек екенін ұмытпа.

- Кітапхана мүліктерін шимайлап сызуға болмайды.

- Компьютермен жұмыс жасағанда абай бол, техника қауіпсіздік ережесін сақта.

- Балалар, Кітапты ұқыпты ұстаңыздар, кітап – білімнің қайнар көзі екенін ұмытпаңыздар!

- Ұқыпты ұсталған кітаптың өмірі де ұзақ болады. Кітаптың парақтарын бүктеуге, жыртуға, кітаптағы мәтіндерге белгі соғуға, сызуға болмайды.


Видео: «Кітаптың шығу тарихы»

6 кезең. Кітап тарихына байланысты сауалнамалық сұрақтар. Екі топқа кезек–кезек сұрақтар қойылады. Сұрақтың жауабын таппаса, келесі топ жауап беруге болады.

1. Папирус деген не? (жапырақ парақ).

2. Ерте заманнан бері адамдар жазуға қандай материалдарды қолданған? (тас, балшық, қағаз, папирус, пергамент).

3. Баспа станогын ең алғаш ойлап тапқан кім, қашан, қайда? (15 ғасырда, Германияда, Иоганн Гутенберг).

4. Ең алғаш Русьте кітап басуды ойлап тапқан кім? (Иван Федоров).

5. Қазақстанда қандай кітап баспалары бар? (Атамұра, Рауан, Мектеп, Аруна, Шакура, Алматыкітап, т.б).

6.Ежелгі Египеттегі ең үлкен кітапхана қай қалада орналасқан? (Александрия қаласында. Онда 70 мыңнан астам түтікке оралған ленталар сақталған. Ол папирусқа (жапырақ парақ) жазылған).

Кітапханашы: Осымен бүгінгі біздің «Білім көзі кітапта» атты сабағымыз аяқталды. Сайыстардың қорытындысын шығару үшін сөзді әділқазыларға береміз. (Қортындыны айту және марапаттау).

Кітапханашы: Сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін рахмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!



Кітапханашы: Енді балалар кітаптың шығу тарихы туралы білесіңдер ме?
Алғашқы кітап осыдан бірнеше жылдар бұрын пайда болған. Ол біздің қолымыздағы кітапқа ешқандай ұқсамаған. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған. Жұмсақ балшыққа үшкір затпен жазып, оны кептіріп, сосын күйдірген. Ол кірпіш сияқты болған. Ал Қытайда бамбук деп аталатын өсімдіктен таяқшалар әзірленіп, соған да жазған. Одан кейін папируска қамыс сияқты өсімдіктің жапырағын бір – біріне желімдеп, соған жазған. Ондай кітаптардың ұзындығы бірнеше метрге жеткен. Ондай кітаптарды шиыршықтап орап, түтікшеге салып қойған. Греция, Рим 2 мың жыл бойы осындай кітаптар шығарып келген. Біздің заманымыздың ІІ ғасырында Кіші Азияның солтүстік батыс жағында Пергам патшалығында кітап жазуға тағы да бір материал дүниеге келген. Жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып, кітап соған жазылған. Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болған. Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған. Алғашқы кітап басылымы ағаштан жасалды. Ал 1045 жылы шың елінің өнерпазы Би Шен құймалы әріптерді (Литер) жасап шығарған. Еуропада тұңғыш рет ХV ғасырда неміс өнертапқышы И.Гутеньерг баспа станогын жасады. Русьте тұңғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван Федоров пен Петр Мстиславец басып шығарды.1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады.
Қағаз туралы түсінік. Қағаздың негізгі материалы – ағаш. Ағаш орманнан кесіледі, жүргізушілер жүк машиналарымен фабрикаға жеткізеді, фабрика жұмысшылары ағашты өңдеп одан қағаз жасайды. Дайын қағаз кітап шығарылатын баспаханаларға жеткізіледі.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Кітапхана саба?ы

Автор: Тулебаева Бибигуль Умурзаковна

Дата: 22.11.2014

Номер свидетельства: 133969

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Кітап о?итын адам"
    ["seo_title"] => string(15) "kitapokitynadam"
    ["file_id"] => string(6) "339135"
    ["category_seo"] => string(3) "ork"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1470999216"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) "Барыс  септік "
    ["seo_title"] => string(15) "barys-sieptik-1"
    ["file_id"] => string(6) "212192"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431778848"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства