Просмотр содержимого документа
««Елін қорғау - ерге серт»»
Фанфары: Фон
М.Талмағамбетұлы:
Қара жер қаны сіңген бабалардың,
Қорғауға шақырады балаларын.
Сапқа тұр, сарбаздары туған елдің,
Қиынға қайыспайтын қара нарым.
Қырандай түлеп ұшқан арманымыз –
Біз бүгін өркен елдің сарбазымыз.
Ант алып ар алдында сапқа тұрып,
Қорғайтын туған жердің ар-намысын.
Армысыздар, құрметті қонақтар мен ұстаздар және оқушылар! 7 мамыр – Отан, мемлекеттік мүдде, саяси қауіпсіздік пен дербестікті қорғайтын Отан қорғаушылар күні. Бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн.
Ж.К.Амандосова:
День защитника Отечества - важный праздник для каждого гражданина нашей страны. В этот день мы не только чествуем наших военных и вспоминаем ратные подвиги соотечественников. День защитника Отечества – это праздник настоящих мужчин, обладающих мужеством и самоотверженностью, любящих Казахстан, уважающих его историю. Этот праздник воодушевляет воинов нашей независимой страны, повышает уважение народа к военнослужащим, содействует воспитанию подрастающего поколения в духе патриотизма и в стремлении быть достойными защитниками Родины.
М.Талмағамбетұлы:
Бүгінгі салтанатты шарамызға қатысушы құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
Аудандық Полиция бөлімінің бірінші орынбасары Борашев Айбек Казбекович,
Аудандық әскері
М.Талмағамбетұлы:
Жиын! Сап түзе! Тіктұр!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалсын!
М.Талмағамбетұлы:
Мерекелік құттықтау сөз №5 мектеп-лицейінің директоры Әбдіғапарова Әлия Пәуединқызына ұсынылады.
М.Талмағамбетұлы:
Туған елге тағзым ету – парызың,
Туған жерге қызмет ету – қарызың.
Қолтаңбаңды қалдыруың – заңдылық
Өшпеу үшін мұнда жүрген әр ізің.
Ән «Батырлар ұраны», орындайтындар Баймырзаев Бекжан, Төлегенов Досымхан қабыл алыңыздар!
М.Талмағамбетұлы:
Құттықтау сөз Аудандық Полиция бөлімінің бірінші орынбасары Борашев Айбек Казбековичке ұсынылады.
Фон:
Монтаж:
Ерасыл:
Бұл даланы жұмыр жердің бетіне
Сыйға берген қазағымның ниетіне
Ата жауым кеткен талай тентіреп
Жете алмастан шегі менен шетіне
Сол даланы ардақ тұту арманым
Арманыма ғұмырымды арнадым
Бабаларым ұрпағының бағы үшін
Қанын төгіп сүтпен сызған аумағын
Соны ойласам жүрегімді өрт алар
Бұл далаға қай құдірет жете алар
Отаныма көзі түскен жан болса
Сүйегімді аттап қана өте алар
Бейбіт:
Міне, мен отанымның шетіндемін,
Тыныштық, өтуде күн, өтуде түн.
Қасиетті жерімді қарауылдап,
Қайыспай күзетуге бекінгенмін.
Міне, мен отанымның шетіндемін.
Осы жерден шығады күнім менің,
Осы жерден атады таңым арай.
Бұдан өзге отан жоқ әрі қарай,
Әрі қарай мекен жоқ жаныма жай.
Міне, мен отанымның шетіндемін,
Тыныштық, өтуде күн, өтуде түн...
Әмина: Қырандай түлеп ұшқан арманымыз
Біз бүгін өркен елдің сарбазымыз.
Ант алып ар алдында сапқа тұрып,
Қорғаймыз туған жердің ар-намысын.
Көк байрақ арайлаған нұр таңымыз,
Жігіттің сынға түскен сұлтанымыз.
Дұшпанға қатал болған, досқа берік,
Жаужүрек Бауыржанның ұрпағымыз.
Сағадат:
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің – тірегім
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан шырайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен жылу тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен – Отан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің сен – Отан.
Радомир: Холодные ветра шумят натужно, А в теплых окнах светят огоньки. Солдат в строю. Всегда он там, где нужен, Будь это степи, горы или пески.
Томирис:
Служи, солдат! Ты сын земли родимой: И верность клятве воинской храня, Храни вот также – верно, нерушимо Покой земли и доблестную славу!
Эсманур:
Мы вечно перед Родиной в ответе,
Оберегая тишину полей,
Чтоб мирно спали люди на планете,
Чтоб взрывов больше не было на ней.
Желаем силы, мира и побед.
Минуют путь вас беды и ненастья.
Да осенит вас негасимый свет
Любви, надежды и большого счастья!
Кәусар:
Бескрайние просторы Казахстана Под вашею защитою сильны, Пусть бьётся сердце ваше неустанно, Пусть будут мысли твёрдостью полны!
Пусть солнце мирное согреет степи И города, и реки, и холмы, Пусть будет Казахстан наш на планете Цветущим государством без войны!
М.Талмағамбетұлы:
Біздің әскер ең мықты, қайратты
Желбіреткен көк елде көкшіл байрақты
Тәуелсіз бейбіт елдің ертеңі болар
Балалардың қамқор, қорғаны олар.
Ән «Біздің әскер» қабыл алыңыздар!
Ж.К.Амандосова:
Есть такая профессия - Родину защищать! За народ, за Отечество жизнь, сражаясь, отдать. За свободу, за мирный труд и за счастье детей Охраняют и борются день за днём - ночь и день... Выходных не предвидится, в праздник - жестче "наряд", Чтобы враг даже "умыслом" не проник к нам никак. За улыбки и сладкий сон, за любовь, за мечты.. Кто-то вахту свою несёт, пока счастливы мы. Есть такая профессия - Родину защищать, Интересы своей страны каждый день охранять... И вернувшись домой, устав, знать, там любят и ждут. Своей верой, надеждой жизнь твою берегут...
М.Талмағамбетұлы:
Туған елі барда, ержүрек ұлдары халық жанында мәңгі сақталады. Ал, ержүрек ұлдары тұрғанда, туған елдің де, туған жердің де тұғыры мәңгі асқақтай бермек.
Мектеп жанынан құрылған «Болашақ» хор ұжымын орындауында ән «Қазақстан».
М.Талмағамбетұлы:
Отан қорғаушылар күні - әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Еліміздегі Отан қорғаушы сарбаздарымыз, әр отбасының қорғаны болған ер азаматтарымыз аман болсын!
Отан қорғаушылар күніне арналған «Елін қорғау - ерге серт» атты мерекелік жиынды жабық деп жариялаймыз!