kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Елін қорғау – ерге серт» (Тәрбие сағаты)

Нажмите, чтобы узнать подробности

ааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааа

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Елін қорғау – ерге серт» (Тәрбие сағаты)»

5 орта мектеп










«Елін қорғау – ерге серт»

(Тәрбие сағаты)







Өткізген: Сальменова Гулия Темирбековна

Класс: 6 «В»























2016-2017 оқу жылы

03.05.17

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Елін қорғау – ерге серт» т/с

Тәрбие сағатының мақсаты: Білімділік: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы , оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы , әскери өнердің өзңндңк ерекшелігі туралы , егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы тереі мағлұмат беру:Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін , өлеңді мәнерлеп оқу манерін, өнерлерін көрсете білуге , сахнада өздерін көрсете білу арқылы эстетикалық қабілеттерін дамыту;Тәрбиелік : оқушыларды туған елін , жерін Отанын , тілін , мәдениетін құрметтеп , тарихты терең бағалай отырып , патриоттық сезімге тірбиелеу;

Сабақтың түрі : ашық тәрбие сағаты

Көрнекіліктер : «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» банер , «Power Point» слайд шоу , гүлдер , шарлар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Қазақстан Республикасының гимні орындалады.

I- Жүргізуші:

Армысыздар қымбатты ұстаздар , аяулы оқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып келген, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесімен кұттыктаймыз.

II -Жүргізуші:

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,

Ғажайып келешектің төккен гүлін.

Ардақты ағаларга шын көңілден,

Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін-

І -Жүргізуші:

Отан қорғаушы күні – 2017 жылы 7 мамырда тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштеріне 25 жыл толады.

Бұл күн – казақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды.

II -Жүргізуші:

Қазақстан – кең байтақ, 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекен етіп жатқан мемлекет. Еліміздің әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулықтың берік туын желбіретіп, сүйікті байтақ даламызға деген махаббатын ісімен дәлелдесе, оны неге отансүйгіштік демеске. Тіпті, Елбасымыз өзінің «Тарих толқынында» деп аталатын кітабында «Ұлттық бірліксіз патриотизм жансыз» деген ойды айтқан. Жалпы, жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы – жастайынан патриоттық сезімін дамыту. Адам бойындағы бұл байлық бір зерттеушілердің ойынша туа біт­кен қасиетке жатпайды екен, ол әлеуметтік, тарихи сатыларда қалыптасқан, сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден ғана көрінеді.


« Сарбаздар» әні .


Көрініс : «Әскерге шақыру» .

Шалғай ауылда өмір сүріп жатқан отбасы. Ержетіп калган Азаматты әскерге шақыру қағазы келді.

Пошта қыметкері Дархан үйге кіріп келеді.

Дархан :

-«Ассалаумағалеикум» .

Касым атай :

-«Уағаликум салам » балам , төрге шық .Қандай шаруамен жүрсін.

Дархан:

-Ақсақал, Азаматқа әскерге шақыру қағазын әкелдім дейді.

Дария әжей:

-Жалғыз баламды әскерге қалай жіберемін. Қазір неше түрлі жағдайлар болып жатыр .Біздін күніміз не болады? Жоқ , мен жібере алмаймын.

Касым атай :

-Жібере алмаймының не? Азаматтық борышы , өз пікірін тындайық.

Азамат:

-Елбасымыз Н.А.Назарбаев:

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген.

Бұл сөздерді іштей қайталаған сайын біздегі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиет қандай деңгейде екен деген заңды сұрақ туындайды. Апа, ата ақ баталарыңызды берініздер . Мен әскерге барамын.

Касым атай :

-Бәрекелді , сенен күткен жауабым да осы еді.

І-жүргізуші:

1992 жылдың 7 мамырында Елбасымыз Н.А.Назарбаев Жарлығыммен тарихымызда тұңғыш рет республикамыздың қарулы күштерін құрылды. Ол бір тарихи жағдай, тағдырлы кез болатын. осынша тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде бір тақырдан өз армиямыз, әскерлер түрін түзілді. Ол енді тәуелсіз мемлекетіміздің ажырамас бөлігіне, заманымыздың жақсы дайындалған, жасақталған, ұрысқа қабілетті армиясына айналды.

Ақ найзаның ұшымен,

Ақ білектін күшімен,

Ата-бабам мирас етті жерімді.

Арыстандай айбаттым,

Бойда құрыш қайратым,

Мәнгі қорғап өтем текті елімді.

Би «Әке толғауы» .

ІI-Жүргізуші:

Қымбатты біздің ұстаз-азаматтар! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, айбынды азаматтар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

I-Жүргізуші:

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолыңда шәкіртіңнің болашағы

Өмірді алға қарай өрлететін

Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы –

ұстаз ағайларымызды құттықтауға рұқсат етіңіздер.

ІI-Жүргізуші :

Би « Қара көйлек» . Орындайтын бишілер тобы.

I-Жүргізуші :

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын .

Хор « Атамекен »

ІI-Жүргізуші:

Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ардақты азаматтар! Сынып ұлдарын құттықтауға рұқсат етіңіздер!

I-Жүргізуші :

6 «В» сынып оқушыларының «Елін қорғау — ерге серт» атты ашық тәрбие сағатымызды көніл қойып тыңдағандарыңызға рақмет!







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
«Елін қорғау – ерге серт» (Тәрбие сағаты)

Автор: Сальменова Гулия Темирбековна

Дата: 24.06.2017

Номер свидетельства: 423022


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства