Просмотр содержимого документа
«Ал қанекей жігіттер алға»
Сабақ жоспары.
Тақырып: « Ал қанекей жігіттер алға».
Максаты:Оқушыларды әскери – патриоттық сезімге тәрбиелеу және салауатты өмір салтын ұстану сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатындаөткізу.
Сабақ өткізілетін уақыты орны:45 – минут. Спорт залы.
Әдіс-тәсілдер:Практикалық. Ойын – жарысы.
Құрал-жабдықтары:АК-74, арқан, оқ қапшығы, газ тұмылдырық, жіп, ине.
Қолданылатын кітаптар:АӘД-кітабы,норматив АӘД,норматив ДШ.
Сабақ барысы:
Кіріспе – 10 минут
Сапқа тұрғызу
Баянат қабылдау
Жеке құрамды тексеру
Тақырыппен сабақ мақсатын түсіндіру
Сабақ барысындағы сұрақ – жауап
Оқушылар жалпылама сапқа тұрғызып сол саптан 2-командаға бөліп қарама-қарсы ойын сайысын өткіземіз.2-командада өздерінің команда басшыларын тағайындайды.
Жүргізуші ойын-жарыстың ашық деп жариялауы.
Патриоттық ән салу.
Төреші мүшелерін тағайындау.
Командалардың міндеті:Әр команданың өз атаулары мен эмблемасы болуы керек.
Төреші мүшелеріне сөз беру.
2.Негізгі бөлім:Команда басшылары келіп өз командасының дайын екендігі туралы баянат жасайды.Баянат қабылданған соң жарыс басталады.
1.АК-74 шашып жинау уақытқа 1 адам командадан.
2.Картошка тазалау.топпен немесе 1 адам топтан
3.Түйме тігу.
Эстафета
4 .8-серпе жасау.
5. Тунелден өту.
6. Оқ қапшыққа оқты шашып жинау.
7. Газ тұмылдырық киіп жарақат адамды белгіленген жерге жеткізу. Қайтар кезде қаппен секіріп қайту.
8.Гирь көтеру.
9. Команда басшыларының қол күресі.
10. Аркан тартысу.
Ойын шарттары:
Серіппе жасау – әр команда серіппені уақытқа жасайды.
АК-74 уақытқа шашып жинау.
Оқ қапшыққа оқты шашып жинау – уақытқа кім тез жинайды сол ұпай алады.
Кедергілерден секіріп өту – қай команда мәреге тез жетеді сол ұпай алады.
түйме тігуден жарысу – уақытқа және дұрыс тігу.
Арқан тартысу – сызық бойынан асырған команда жеңіскке жетеді.
Картопты тазалау – уақытпен, қабығының жұқа – қалыңдығы және саны есепке алынады.
Команда басшыларының қол күресі – қарсыласын жеңу керек.