Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін біз Аналар мерекесіне арналған «Ал, қанекей жігіттер» байқауына жиналып отырмыз. Уа, халайық, халайық, Мұнда назар салайық. Ата жолын жалғамақ, Ел дәстүрін қорғамақ. Жігіттер шықсын ортаға, Бүгін сұлтан атанбақ. Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы 8 жігіт өз өнерлерін көрсетпек. -Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
3 «Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету 4«Күш атасын танымас» - қол күрестіру 5 «Құралайды көзге атқан» - нысана көздеу 6 «Кім көп біледі » - сұрақтар Сәттілік тілейміз. І.Ей, тәкәппар дүние, Маған да бір қарашы Танимысың сен мені Мен қазақтың баласы - деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың
І-ші кезеңі «Таныстырсам өзімді» - деп аталады. Сонымен 1-ші талапкерімізді шақырамыз. Жүргізуші:
1 Жігіттер келіп жетті танысуға, Бойындағы бар дарынды дамытуға, Жігерленіп келіп жетті,Рустам да
Сіздермен танысуға 2. Қуантады білімімен бізді Абзал Қол соғып қарсы алғанымыз оны дұрыс -ау 3. Өнер қуған жасынан Өнері судай тасыған Келеді біздің Нұрислам Көрінген күштің басынын 4. Сыйлаған ата - анасын Үлкеннің алған батасын
Шақырайық ортаға әкесінің баласын -дей келе Ақжол шақырайық 5. Сүрінбей сыннан өтемін Мақсатыма жетемін деп келе жатқан Хакім бар. 6. Жігіттің дара туған ірісіндей Жүрісі батырлардың жүрісіндей Келбетті батыр тұлға Сом білек Қажымұқанның інісіндей Ислам 7. Ақынның тұяғымын сартылдаған Асылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан Мерей 8. Арман бар биік шыңға шықсам деген Қыран боп көк әлемге ұшсам деген Бүгінгі сайыста жеңіп шығып Кең сермеп қанатымды ұшсам деген Әлихан Әділқазылар бағалап отырады
ІІ. Келесі бөлімде «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталады. Бұл сайыста жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді. Ортаға 1-ші талапкерімізді шақырамыз.
ІІІ «Шебердің қолы ортақ»- қолөнер бұйымдарының шеберлігі. «Еңбек ердің – санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл - парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе? ІҮ. Ер өнері білінбес, Қоян қолтық алыспай. Күш өнері білінбес, Бәйгеге түсіп жарыспай - дегендей сайысымыздың келесі бөлімі
«Күш атасын танымас» деп аталады.Қол күрестіру сайысын бастаймыз.
«Қыздардың биі» ҚУЫРШАҚ Ү.Би болатын жігіттің, Төбеде болар жұмысы. Мерген болар жігіттің, Мергендік болар жұмысы – дегендей ендігі кезекті жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу сайысына береміз.
Ортаға 1-ші номерлі жігітімізді шақырамыз. ҮІ.. Ей, жігіттер! Сендерге биік ата - салтын құрметтеп, Ақтай білсең ата-баба үмітін, Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп. Жігіттеріміздің өнерлерін, мергендіктерін тамашаладық. Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салатын да кез келген сияқты.
Олай болса келесі бөлім «Кім көп біледі » - деп аталады. Бұл сайыста жігіттеріміз сұраққа жауап береді.«Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей салт - дәстүрге байланысты сұрақ - жауап. 1. Төрт түлік малды ата. 2. Түйенің сүтін ата. 3. Киіз үйге жарық қайдан түседі? 4. Сәби баланың төсегін ата. 5. Ер жігіттің бес қаруын ата. 6. Қазақтың ұлттық ойындарын ата. 7. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам
Ортаға жігіттерімізді шақырамыз. Сайысымызды қорытындылағанша ұлдар қыздарға арнап дайындаған «билерін» орындап берсін.
Әділқазыларға сөз беріледі.
Қортынды. Жеңімпазға «Жігіт сұлтаны» деген атақ беріліп, қатысқан оқушылардың барлығына сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталады.
-Оқушылар қатарға тұрып кезектесіп тақпақтарын айтады.
Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы
1-жүргізуші:
Барша ана құтты болсын мерекеңіз, Әрқашан ана сізбен берекеміз Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам, Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.
1-оқушы: Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар. Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
2-оқушы: Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар - Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар. Маздататын, жүректе от лаулататын, Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.
3-оқушы: Өр десек те сіздерді — лайықсыздар. Төр десек те сіздерді — лайықсыздар. Ер десек те сіздерді — лайықсыздар. Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.
4-оқушы: Анасыздар, кең байтақ даласыздар. Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар. Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ, Үлбіреген жауқазын баласыздар.
5-оқушы: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған, Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған, Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар, Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
6-оқушы: Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз. Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз. Айнала ұшып сіздерді көбелек боп, Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз. ---Аналарын құтықтайды,сыйлықтарын таратады.
-Қыздарға тақпақтарын айтады. Сыйлықтарын ұсынып,Тілек айтады.
Гүлдей жайнап тұр өңі Мейірлене күледі Үйдегі бар шаруаға Үлгіреді бір өзі Аналар сіздермен ойын ойнасақ.1-ші ойын: Көрсетілген сызыққа кім жылдам барады. Ол үшін жылдам - жылдам баласын еркелеткенде айтатын сөздерді айтып бару керек Ойын шарты бойынша үйдегі күнделікті атқаратын тірліктерін пантомимо арқылы көрсетеді.Ол үшін мына конверттерден өз қалауларыңызбен біреуін таңдаңыздар Анасы понтомимомен канвертте берілген тапсырманы бейнелейді,балалар қандай қимыл екендігін табуларың керек
-Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.