Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты:
1.Балаларға көшеде жүру ережесін үйрете отырып,алған білімдерін пысықтау. 2.Ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру. 3.Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру. 4.Бағдаршам дабылы мен құрылысын білу,балалармен жолда жүру ережелері туралы білімдерін бекіту. 5.Жол белгілері туралы білімдерін бекіту.
Шаттық шеңбері: Орнымыздан тұрайық, Дөңгелек құрайық. Алақанды ұрайық. Бір отырып,бір тұрып Сауық-сайран құрайық Бас,иық,тізе,саусақ, Көз,мұрын,ерін,құлақ, Аяқ,аяқ,аяқтар. Саусақ,саусақ,саусақтар. Біз доспыз,құрдаспыз, Сіздерде дос көп болсын. Көрініс. МАИ қызметкері :Балалар, біздің Ақтөбе қаламызда кішкентай, өте ақымақ қоян өмір сүреді екен.Ол көшенің арғы бетіне өтпекші болады. Бағдаршамның жасыл түсі жанып, халық жаяу жүргіншілер жолымен өтті.Ол кезде қоян не істеді? Қоян: Маған жол ережесін білу қажет емес.Сендерге бір құпия айтайын.Трамвай, автобус, машинадан қорықпаймын. Кез-келген жерден зу етіп өте шығамын. (Үлкендерді тыңдамаған қоян жолдан жүгіріп өтпекші болғанда жеңіл машина оны қағып кетті.Бұл жағдайды көрген жол полициясы «Жедел жәрдемге» қоңырау шалады.) МАИ қызм: Сәлеметсіздер ме? Бұл «Жедел жәрдем» бе? Тез келсеңіздер екен.Қоянды көшеде машина қағып кетті. Жағдайы өте нашар. («Жедел жәрдем» келіп, ішінен дәрігер түседі.) Дәрігер: Саламатсыздар ма? Қай жерің ауырып жатыр? Қазір сені тексерейін. Қоян: Аяғым ауырып жатыр.(Айқайлап жылап жібереді) МАИ қызм: Жылама, шыда, қоянжан! Бағдаршамға қарап, жол ережесін сақтағаныңда мұндай пәлеге ұрынбас едің? Дәрігер, қоянның жағдайы енді не болмақ? Ол енді жүре ала ма? Дәрігер: Қоянның аяғын гипстеп ауруханаға жатқызамын.(Жедел жәрдеммен қоянды алып кетеді) МАИ қызм: Көрдіңдер ме, қоянның басынан қиын жағдай өтті.Сендер жолдан өткенде бағдаршамға қарайсыңдар ма? Бағдаршам дегеніміз не? (Ортаға бағдаршамның үш түсі болып оқушылар шығады.) Жасыл түс: Сақта көше тәртібін Бағдаршамның ал тілін Біліп алдым мен де Жасыл жанса демде Алға кетем лезде Сары түс: Сары жанса сабыр Сақтай тұрам әзір Қызыл түс: Жанса қызыл шоқтай, Қаламын кілт тоқтай.
МАИ қызм: Ал енді, балалар, ауруханаға телефон соғып , қоянның жағдайын білейін. (Осы кезде бағдаршамның үш түсі дауласады.) Қызыл түс: Мен мықтымын!1 Егер қаласам, машина, адамдар, бүкіл қозғалысты бір орнында тоқтатып тастаймын. Сары түс: Жоқ, мен күштімін!(Бағдаршам бұзылып қалады) Жасыл түс: Мен барлығына жолдан өтуге рұқсат беремін. МАИ қызм: Бұл не деген айқай-шу? (ысқырады) Балалар: Бағдаршамның шамдары айқайласып жатыр. МАИ қызм:Енді бағдаршамсыз қалай болар екен,ә? Маған көп салмақ түсетін болды ғой. Дауласуды қояйық, Жарықтарды жағайық Бағдаршам-ау, бағдаршам, Достасып тату болайық.! МАИ қызм: Рахмет, сендерге достарым! Сендерге айтатын қуанышты хабарым бар. Қоян бүгін ауруханадан жазылып шығады. Қоянды қарсы аламыз ба, балалар? Қоян: Балалар, менен бір қателік кетті! Мен жол ережесіне мән бермеппін. Маған бағдаршам туралы айтыңдаршы,а? 1 бала: Амансың ба, қоянжан! Қорықпағын сен жолдан. Үйретеміз барлығын, Білеміз біз бағдаршам
2-бала: Мынау тұрған бағдаршам Қызыл, сары, жасыл шам Кезекпенен жанады Ұғып алғын, қоянжан!
3-бала: Қызыл түс жанғанда, Баспа қадам сен алға Сары түсі жанғанда Дайындалып тұр мұнда! Жасыл түсі жанғанда Жорта бергін сен жолда!
МАИ қызм: Қоянжан , сенің білмейтінің әлі көп. Сен, біздің балалар көше белгілері туралы не біледі екен,тыңдап отыр.
Бүгінде қалада да, ауылда да үлкен көшелер мен жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.Жол заңы дұрыс жүріп ,абай болуды талап етеді. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.Оның себебі,көптеген балабақша балалары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Олай болса балалар «Бағдаршам» ойынын ойнаймыз. Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту. Шарты: Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде тыныштық сақтайды, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде алақандарын соғады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді.
Енді міне, осы алған білімімізді бүгінгі «Жол ережесін білейік,аман есен жүрейік» атты жол ережелеріне арналған тәрбие сағатымызда көрсетеміз деп ойлаймын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін: «Үлгілі жолаушылар» және «Жас инспекторлар» атты топтар арасындағы сайыспен жалғасады.
Топтардың танысуы.
«Үлгілі жолаушылар» тобы: Жолы болсын әркімнің, орында жол тәртібін!’’
«Жас инспекторлар» тобы: Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік.
-Ендеше, сайысымызды бастайық.
1-тапсырма:Жол белгілерін атаңдар? 2-тапсырма: «Дұрыс теріс» тапсырмасы. Қимылдық ойын: «Жолдан дұрыс өт» 3-тапсырма: «Белгілерді құрастыр және айтып бер». 4-тапсырма: Шығармашылық кезеңі « Бағдаршам» жасау.
Қоян: Рахмет, сендерге, балалар, мен көп нәрсе үйреніп қалдым. Енді жол ережесін бұзбаймын.
Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес, Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, Жол жүру ережесі заңды тәртіп, Ол ортақ үлкен кіші баршамызға. Басталар әр қадамың аттауменен, Жол жүру ережесін сақтауменен.
Рахмет, балалар. Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.
|