Жемқорлыққа жол жоқ!
Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын негізге ала отырып, Іле ауданы №29 орта мектебінде қазан айынан бастап 5-11 сынып оқушылар арасынан 15 оқушыдан тұратын «Адал ұрпақ» ерікті мектеп тобы құрылды. Басты көздейтіні – жас ұрпақты азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметпен, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға, олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу. Топтың жетекшісі тағайындалды. «Адал ұрпақ» ерікті клубының жұмыс жоспары жасалынып, бекітілді. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспарына сәйкес мектеп кітапханасында «Парасатты азамат» бұрышы ұйымдастырылып, шығарылды.
Сурет пәнінің мұғалімі О.Н.Кемпирбаеваның ұйымдастыруымен 5-7 сынып оқушылары арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып, өткізілді. Белсенділік танытқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Мектепте 8-10 сынып оқушылар арасында «Сыбайлас жемқолыққа жол жоқ!» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.Оқушыларға ар-ұят, жауапкершілік, адалдық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, әділеттік сияқты қасиеттерді насихаттайтын бейнероликтер көрсетіліп, тарих пәнінің мұғалімі Б.Б.Бакирова оқушылармен осы тақырыпта сұхбат жұмыстарын жүргізді. Оқушылар дайындаған «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сахналық қойылымдар көрсетілді. 10 «в», 9 «в», 9 «а» сынып оқушылары дайындаған көріністер ерекше болып танылды.
Алматы облысы Іле ауданы «№29 орта мектеп» мкм
«Адал ұрпақ» тобының жетекшісі Б.Айнатаева