Просмотр содержимого документа
«Ұрпақ тәрбиесі - Ұлт болашағы»
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы Мақсаты: а) Ата-аналардың үлгісі негізінде оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. ә) Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты нығайту. б) Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру Көрнекілігі: Отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздер. Тәрбие сағаттың барысы:
І. Психологиялық ахуал ІІ. Сан сұраққа саяхат.
IІІ. Сыңарын тап.
ІV .Тыйым сөздерді оқушыларға беру. «Ұрпақ үшін тыйым сөздердің пайдасы бар ма?»
V.Көрініс
VI. Сіздің пікіріңіз.
VII. Ән шашу.
VIII.Рефлексия.
Психологиялық ахуал.
Мұғалім сөзі: - Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы. Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не? Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады. Бала тәрбиесіне арналған асыл сөздерге тоқталу. Бақыт та, нұр да, жыр да, тыныста - бала. Осы бала бағбаны кімдер? Әрине, ата- ана. Жас жеткіншек қашан да ата – ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіпь қалыптасады. ІІ. «Сан саяхат»
Оқушыларға: 1. Жеті ата деген не? Өз жеті атаңды білесің бе? 2. Төрт түліктің пірлерін ата? 3.Ұлттық тағамдарды атаңыз.
4. Жылқы туралы мақал- мәтел айта аласыз ба? (Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы-малдың патшасы.) 5. «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай» әндерінің авторы кім? (әнші сазгер А.Қоразбаев) IІІ. Сыңарын тап 1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар) 2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.) 3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без ) 4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер) 5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар) Балаларға карточка таратылады. 1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме) 2. Күлме досыңа…………(келер басыңа) 3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды) 4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала) 5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің) ІV. Тыйым сөздер
Тыйым – халықтың тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл негізінен балаларға арналған, оларды жаман әдеттен, жат пиғыл, ерсі қылық, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады. Кейде оғаштау іс істеп қойсақ, үлкен кісілер ылғи да: «Олай істеме, жаман болады» деп атайды. Оқушыларға тыйым сөздер туралы сөз кезегін беру.
Үйге қарай жүгіруге болмайды. Әдетте оқыс оқиға, жамандық болғанда адам үйге қарай жүгіреді. Бұл, біріншіден балаларға жамандық шақырма деген ескерту болса, екіншіден үйде үлкен бар, жүрегі әлсіз адамдар бар, елді үркітпе, қорқытпа дегені. Қонақ кете салысымен үйді қағып - сілкуге болмайды. Себебі қонақпен бірге үйге жақсы тілек, ықылас - пейіл келеді. Екіншіден қонақ кете салысымен үйді қағып - сілку әдепке жатпайды. Ойлап қараған адамға бұл сендерден құтылдым ба, жоқ па деген ойға келтіреді. Саусақ, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды. Әдепсіздік екенін былай қойғанда түрлі ауру шақыратын микробтар ауызға түсіруі мүмкін. Құран оқығанда күлуге болмайды. Құран адамға имандылық тәрбие бере отырып, бұл дүниеге қанағатпен қарауға, төзімділікке, пайымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Дүниеден өткен адамдарды еске алып құран оқығанда күлу, сөйлеу, жалаңбас отыру - әдепсіздік.
Аманатқа қиянат жасама. Бұл біреуге сөз берсең міндетті түрде орындау керек деген сөз. Аманатқа адалдық – адамның биік парасат иесі екендігін көрсетеді.
Қыз бала шашын жайып жүрмейді. Ата - баба салтында тек жақыны қайтыс болған әйел ғана шашын жайған. Бүгінгі таңдағы қыз балалардың шаштарын жалбыратып жайып жүргені әдептілік емес. Жиналған, өрілген шаш адамды ұқыпты көрсетеді, әрі жұмысқа да, оқуға да ыңғайлы.
V.Көрініс
( «Қымыз бен Кока – кола» көрінісі көрсетіледі.) Екі оқушы дүкенге келе жатыр.
Айдын: - Сәлем, Ұлан! Қайда бара жатырсың? Ұлан: - Мені анам базарға жұмсап еді, қымыз алуға бара жатырмын. Айдын: - Қымыз?! Қымыз дейсің бе? Оны не қылмақсың? Ұлан: - Не қылғаны несі, ішемін. Біз отбасымызбен қымыз сусынын жақсы көреміз. Айдын: - Ой, Ұлан, мынадай Кока-кола сусыны тұрғанда қымызды не қыласың. Өзің ішіп көрші, сондай дәмді, әрі шөліңді тез қандырады. Ұлан: - Айдын, сен қателесесің.Кока-кола адам денсаулығына зиян.Коланың құрамында неше түрлі химиялық қоспалар бар Айдын: - Ей, қойшы, сен де ақылды болады да жүреді екенсің.Өзімнің Колама ешқандай сусын жетпейді.
Жүргізуші: Ал, енді сіздің пікіріңізді тыңдап көрелік. Дінмұхамбет: - Шынымен де қазір көп балалар «Қандай сусынды жақсы көресің?» деп сұрасаң, Кола, Пепси, Спрайт деп жауап береді.Ал Кока-коланың адам ағзасына зиян екендігін білмейді. Кока-коланың құрамындағы ортофосфор қышқылы адам ағзасындағы кальций тапшылығына әкеледі. Ал, қымыз - ауруға ем.Қымызбен туберкулез ауруын емдеген, әрі адам ағзасына жақсы әсер етеді.Дәрумені мол. Қымыздың құрамында:А және С, Д, Е , Ғ, В 1,В 12дәрумендері бар. Жоғарыда көрсетілген «Кока – Кола » мен Қымыз сусынының пайдасы мен зиянын ажырату балалар мен ата-аналардың таңдауында. Қазақ халқының жүз жасаған бәйтерегі Жамбыл атамыз: Үйірілген сары алтындай сары қымыз, Ауруға-ем,сауға –қуат,дәрі қымыз. Елімнің баяғыдай сүйген асы, Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз,- деген екен.Сондықтан өз денсаулығымызға зиян келтірмейік VI. Сіздің пікіріңіз. Ата- аналарға. Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткесін қызыңыз сізге; « шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба? VII.Ән шашу.
VIII. Рефлексия.
-Сабақтан алған әсерлерің қандай? Көңіл-күйлерің?
Стикерға белгілеп тақтаға жапсыру.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі ата-ана сағатымызды аяқтаймыз.
«Бекітемін» Мерзімі 24.02.2017ж.
Мектеп директорының Уақыты 12:30
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кабинеті №307
___________ А.Емешова. Сыныбы 6 «В»
«_____» _______2017 ж. Мұғалімі - А.А. Батикова.
ТАҚЫРЫБЫ: «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы »
МАҚСАТЫ: Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың
бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру , ата-