Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: " Синонимдер "»
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қаракөл ауылы
А.Жұбанов атындағы орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Умерзакова Айнагуль Кинесовна
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі.
2.Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Синонимдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың синонимдер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қосымша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді сүюге, Отанды қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, көркем әрі сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, өзіндік ой қорыту.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба, карточкалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
« Жүректен жүрекке тренингі»
ІVЖаңа сабаққа дайындық
Сұрақтар әлемі.
НЕ БіЛЕМІЗ?
1.Омоним дегеніміз не?
2. Омоним сөздерді тауып алу.
3.Омоним сөздерге сөйлем құрау.
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Адасқан әріптерді табу.
И С О Н И Н М СИНОНИМ
НЕНІ БІЛГІМ КЕЛЕДІ?
Мағыналары бір – біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.
Сөздің дыбысталуындаөзгешелік болуы керек;
Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек;
Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы керек.
Бұған қосымша синонимдер мәтінде бірін – бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Мысалы: са,тағам, дәм, ауқат дегендер бір ғана синонимдес сөздер. Дыбысталуы әр басқа болғанымен, беретін ұғымы- адам баласының жейтін қоректік заты.
Қазақ тілі – синонимге өте бай тіл. Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында кездеседі. Мысалы:
зат есімдерден болған синонимдер: өң, түр, түс, келбет, пішін, ажар, көрік, әлпет, кескін, рең, дидар, шырай.
сын есімдерден болған синонимдер: салмақты, сабырлы, байыпты, ұстамды;
етістіктерден болған синонимдер: амандасу, сәлемдесу, есенлесу;
үстеулерден болған синонимдер: тез, жылдам, шапшаң, лезде.