kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздік-тірегім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Я прошла внеурочный урок.Все ученики были рады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік-тірегім»

Шымкент қаласы

№82 Кенесары Қасымұлы атындағы

жалпы орта мектептің

тарих пәні мұғалімі

АлимбековСундетали Кабланович










Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік-тірегім

Мақсаты:

Білімділік: Еліміздің Тәуелсіздік тарихы туралы түсінік беру, тәуелсіздік сөзінің мағынасын ұғындыру, ҚР-ның Конституциясына шолу жасау, мемлекетіміз бен қоғамымызды құрудағы президентіміздің таңдаған стратегиясымен таныстыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз Отанын, елін, жерін қорғауға және сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге , ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігіне қосқан үлестерін үлгі, өнеге ете отырып оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларға тәуелсіздік жайлы жан-жақты түсінік бере отырып, олардың ой-өрісі, ақыл-ойын арттыру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап.

Көрнекі құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, ҚР-ның президентінің суреті, Қазақстанның саяси картасы.

Жоспары:

Кіріспе. 1. Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой ерлікке.

2.Бәйге жарысы

3. Өткен жылдар жемісі.

4 Өз тарихыңды білесің бе? (сұрақ-жауап)

5.Қортынды

Сабақтың барысы:

1.Кіріспе: Тарих тереңінде қалмай сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүние көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайы п. Ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болды, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шайқап, аста төк жомарт та болды. әупірім зор заманға тән сұрқылтай күйін де кешті. Болмыстың осы кейпін көріп, ұлы Абай «Қайран елім, қазағым, қайран жұртым» деп күйзелсе, Жұбан ақын «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деп күңіренді. Ұлан-байтақ елімізге көз салушылар көп болды. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. ХҮ ғасырдың басында дүрліккен ел шұбыра қашып, ақтабан шұбырынды болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. ХҮІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Төзімді серік етіп, «үнсіздерге күн болған» лениндік саясат салмағын, сталиндік ақтаңдақ азабын, брежневтік тоқырау тоспасын, горбачевтік қайта құру баспасын бастан кешкен халқымыз ауыртпашылықтың бәрінен арымай өтіп, аңсары күнге де жетті. Бодандықтың бұғауын бұзған егемендік сағаты сыртылдай соғып, Тәуелсіздіктің нұрлы таңы келіп жетті.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттігін құра бастаудың алғышарты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын» қабылдау болды.


Өзінің толық субъектілігін Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңын қабылдау арқылы рәсімдеді. Сол нұрлы таңмен арайланып, байтақ еліміздің алтынмен апталған Ата Заңы өмірге келді.

Туған еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің қасиетті нышандары аспан түстес зеңгір көк Туымыз, айшықты Елтаңбамыз бен асқақ Әнұранымыз екенін өздеріңізде жақсы білесіздер.

«Орнында бар оңалар» дегендей, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады; ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді, тәуелсіз ел болды. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағы көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Біз сіздермен бірге тарихқа шолу жасадық. Енді өз елдерінің туралы, Отан алдындағы борыш, Отанды сүйе білу туралы не айтасыңдар.

Демократиялық ел қандай болу керек?

Ата Заң



2.Бәйге жарысы

  1. Біз қандай мемлекетте өмір сүреміз?

  2. Мемлекетіміздің астанасы қай қала?

  3. 16-желтоқсан қандай күн?

  4. Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.

  5. Тудың авторын атаңыз.

  6. Елтаңбаның авторы кім?

  7. Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?

  8. Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды?

  9. Ұлттық валютаны айтыңыз

  10. Биыл Ата заңға неше жыл?

  11. Қазақстанның мемлекеттік, ресми, халықаралық тілдерін атаңыз

  12. «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан жастарды білесіз бе?

  13. «Желтоқсан оқиғасы» туралы не білесіз?

  14. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

  15. Қазақтың атақты ұлы ақындарын атаңыз.

  16. «Желтоқсан оқиғасы» туралы жазған қандай ақынды білесіз?

  17. Республика күнін айтыңыз

  18. Алматыдағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз?

  19. Республикамыз 24 жылда қандай жетістіктерге жетті?

Президенттің халыққа 2015ж 30қараша жолдауы туралы не білесіңдер?


Жиырма төрт жыл тәуелсіз еліміз!

Бұл көп асу,

Өзің үшін болашаққа жол ашу.

Өзге елдермен терезең тең болмаса,

Тар кезеңде бекер болар,

Тәуекел деп таласу.

Жиырма төрт жыл тәуелсіз еліміз!

Бұл көп асу,

Өзің үшін болашаққа жол ашу.

Алыс-жақын мемлекеттермен жарасу.

Құдай өзі қоңсы қылған елдермен,

Барлық мемлекеттермен, Тең жағдайда санасу.

Жиырма төрт жыл тәуелсіз еліміз!

Бұл көп асу,

Болашақтың ірге тасын қаласу.

Халқымызға хақ тағала жар болса,

Ұлы тарих көшімен,

Қол ұстасып әрі асу.


3.Өткен жылдар жемісі.

1991 жылы 29-тамызда Елбасы Семей ядролық палигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды.

1991 жылы желтоқсанның бірінші жұлдызында республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Наарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

Тәуелсіздік алған соң өз еркімізбен ядролық қарудан бас тарттық


4.Өз тарихыңды білесің бе?

1992 жылы қазан айында тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.

.4-маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы Қазақстан Республикасы заңдары қабылданды.

.28-қаңтарда Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданды.

1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.

1995 жылы ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевқа 150 жыл толды. Осы жылы миллиондардың көз жасымен келген Ұлы Жеңіске 50 жыл болды.

Осы жылдың 30-тамызында Қазақстан Республикасының Конституциясы қайта қабылданды.

1996 жылы 17 желтоқсанда Қ азақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 5-жылдық мерекесінің құрметіне Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткіші ашылды.

1997 жылы «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белгіленді.

1998 жылы «Халық бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.

1998 жылы жаңа Астана еліміздің болашағының символына айналды. Бас-аяғы 2-3 жылдың ішінде САрыарқаның нақ ортасында, Батыс пен Шығыс өркениеттерінің мәнді белгілерін бойына жинаған әсем шаһар пайда болды.

Еліміздің әкімшіл-әміршіл жүйесі нарықтың экономикалық жүйесіне ауысты. Өтпелі кезеңнен экономикамыз тұрақтану кезеңіне аяқ басты.

Мұнай қоры мол Қашаған кен орнының ашылуына байланысты Қазақстан мұнай өндіру бойынша әлемде 5-орынға көтерілді.

Еліміз мырыш қоры бойынша әлемде І орын, қорғасын қоры бойынша ІІ орын, марганец қоры бойынша ІІІ орында.

2010 жылы елімізде Ақ Азиада алауы жағылса, дәл осы жылы ЕҚЫҰ-на Қазақстан төрағалық етті.

9. Соңғы Конституция қашан қабылданды. (1995 жылы 30-тамызда)

10. Қазақстан қанша мемлекетпен шектеседі. (5 мемлекет).







5.Қорытынды. «Ынтымақты елге ырыс енші». Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Сондықтан бостандығымыз баянды болу үшін өзімізбен мидай араласып кеткен жүздеген ұлт өкілдерімен арамызға сызат түсірмеуіміз керек. Мыңға жөн айтып алқалы топты аузына қаратқан қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің тірегіміз алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тәуелсіздік-тірегім

Автор: Алимбеков Сундетали Кабланович

Дата: 20.01.2017

Номер свидетельства: 381567

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Мемлекеттік р?міздер-Т?уелсіздікті? кепілдемесі "
    ["seo_title"] => string(55) "miemliekiettik-r-mizdier-t-uielsizdiktin-kiepildiemiesi"
    ["file_id"] => string(6) "156056"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421348227"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) ""Т?уелсіздік-тілегім, елім деп со??ан ж?регім""
    ["seo_title"] => string(45) "tuielsizdiktilieghimielimdiepsokkanzhurieghim"
    ["file_id"] => string(6) "281433"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1453533366"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Тәрбие сағатының тақырыбы: "Тәуелсіздік тірегім""
    ["seo_title"] => string(45) "t_rbie_sagatynyn_takyryby_t_uelsizdik_tiregim"
    ["file_id"] => string(6) "495534"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1547616548"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Т?уелсіздік тірегім "
    ["seo_title"] => string(22) "t-uielsizdik-tirieghim"
    ["file_id"] => string(6) "162815"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422417750"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) ""Тәуелсіздік тарихы - ел тарихы" тақырыбына тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(60) "t_uielsizdik_tarikhy_iel_tarikhy_tak_yrybyna_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "377961"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484130466"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства