kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тәуелсіздік тарихы - ел тарихы" тақырыбына тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тауелсіздіктің 25 жылдығына арналған тәрбие сағаты

Мақсаты:

Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы   ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.

Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.

Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: шарлар, түрлі жайма қағаздар.

Кіріспе

-Қазақстан Республикасының гимні. Хор.

(Боран, дауысы).

Мұғалім сөзі

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

-Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздіктің 25 жылдығына  арналған ашық тәрбие сағатымызға қош

келдіңіздер!

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі.

Оқушылардың   сөзі  

Нұрәділ:1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.

Нұрай:

Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар»,

«Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.

Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында

Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

1-оқушы Мадина

Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресі енді басталды.

4-оқушы.Мейір

Намыс үшін күрессең мазақтар кім?

Құлға айналу азабы азаптардың.

Қаны төгілді желтоқсан алаңында,

Бодандыққа көнбеген қазақтардың.

Көрініс

-Қайрат пен тергеуші

Тергеуші:

-Сен 13-желтоқсан күні, сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат

-Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде

Тергеуші

-Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.

Қайрат

-Мен оны көргенім жоқ

Тергеуші

-Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.

Қайрат

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген затым бар.

Қазақ деген атым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар… (сүйреп әкетеді).

-Желтоқсан желі өлеңі орындайтын,

5-оқушыӘсия

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты ұшқан күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Мұғалім сөзі

-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті. .

6-оқушы Лаура

Өктем билік қаралады, даттады,

Бірақ Алла ақиқатты жақтады.

Назарбаев атамды жұрт қалады.

Түсті амалсыз Колбин деген атақты.

7-оқушы Байтұрсын

Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.

Содан барып, тоңды еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті бастадым,

8-оқушы Еркежан

Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің

арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.

9-оқушы  Аружан

Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз.

10-оқушы Ерлік

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді. Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1-минут үнсіздік)

Хор Атамекен.

11-оқушы Нұрай

Астана біздің сәніміз,

Білім біздің нәріміз

Азат елдің тірегі

Болайықшы бәріміз.

Нұр атаның жолдауы

Халықтың оны қолдауы

Бақыты үшін елінің,

Болмайды еш сөз дауы!

Тәуелсіздіктің шыңы

Нұрәділ

1.1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.

2.1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.

3.1993ж. 15-қарашада –Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.

4.1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.

Мадина

5.1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынығ жарыққа шығуы.

6.1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.

7.1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы.

8.2000ж. Мәдениет жылы.

9.2002ж. Денсаулық жылы.

10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.

11.2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті саййлауы.

12.2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы.

Лаура:

13.2006ж. «Қазақ елі» монументінің ашылуы.

14.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.

15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.

16. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.

17. 2011ж. Қаңтар –ақпан айларында ҚР. Халықаралық Азияда ойындары өтті.

18. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.

Хормен ;Егемен Қазақстан  

12-оқушы Ернұр

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.

13-оқушы Әсия

Желдей еркін, түздей кең қандай азат,

Мен қазақпын деген де қандай ғажап.

Мақтан етсін халықтар халықтығын

Жетер сан жыл шеккені азап.

14-оқушы  Сандуғаш

16-желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Жасай берсін ұлы күн,

Үміті боп елінің.

15-оқушы Байтұрсын

Жарқырап атар таңы бар,

Жарқылдап айтар әні бар.

Әні бар, теңіз дәні бар,

Айналдым сенен Отаным!

16-оқушы Еркежан

Жүрегі толы отпенен

Арманмен өсіп көктеген

Ертеңге нұрлы беттеген

Айналдым сенен Отаным!

. 17-оқушы Сандуғаш

  Біздің қазақ мықты ғой,

Тәуелсіз ел атанған.

Желтоқсан деген көтеріліс

Жан аямау Отаннан.

Сескенді бүкіл өктемдік,

Жеңіске сол ғой жеткендік.

Орыс боп кете жаздаған

Кеңестік кезді жек көрдік.

Мұғалім сөзі

-Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде

«Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың

еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, деп тілейік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тәуелсіздік тарихы - ел тарихы" тақырыбына тәрбие сағаты»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Тәуелсіздік тарихы - ел тарихы" тақырыбына тәрбие сағаты

Автор: Турысбаева Молдир Бекболатовна

Дата: 11.01.2017

Номер свидетельства: 377961

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""Т?уелсіз елді? ?рпа?тары""
    ["seo_title"] => string(23) "tuielsizieldinurpaktary"
    ["file_id"] => string(6) "281385"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453526346"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие-Мәңгілік елдің кепілі."
    ["seo_title"] => string(79) "t_rbie_sagatynyn_takyryby_urpakk_a_bergen_ulagatty_t_rbie_m_ngilik_eldin_kepili"
    ["file_id"] => string(6) "479508"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1538501496"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Елімізді? еркіндігі – т?уелсіздік"
    ["seo_title"] => string(35) "ielimizdin-ierkindighi-t-uielsizdik"
    ["file_id"] => string(6) "258324"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1448471156"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (БІРЛІГІ ҚАЗАҚ ЕЛІ)"
    ["seo_title"] => string(47) "1_mamyr_birlik_yntymak_kuni_birligi_k_azak_ieli"
    ["file_id"] => string(6) "416252"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1495019570"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) ""Елімізді? еркіндігі – Т?уелсіздік" 16 желто?сан"
    ["seo_title"] => string(45) "ielimizdinierkindighituielsizdik16zhieltoksan"
    ["file_id"] => string(6) "311226"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459172942"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства