Мотивациялық қозғаушы | Психологиялық дайындық: «Күншуақ» атты бұл топта Біз әдепті баламыз. Сыйлы қонақ келгенде Әдеппенен иіліп, Амандасып аламыз. Балалар, біздің жүрегіміз қай жерімізде орналасқан? Көгілдір туымыз арқылы балалық жүрегімізден шыққан ақ тілегімізді Отанымызға, Елбасына, елімізге арнайық. Жақсы балалар,жүректеріңнен шыққан ақ тілектерің қабыл болсын! | Арайлап таң атты. Алтын сәуле таратты. Жарық болса күніміз, Жарқын шығар үніміз. Егеменді елімнің Біз болашақ гүліміз. «Айгүл» атты бақшада Біз бақытты баламыз. Сәлеметсіз бе! Қайырлы таң! Қазақстан жасасын! Елбасымыз аман болсын! Еліміз тыныш болсын! Күніміз жарықболсын! Көк туым желбіресін! Нанымыз көп болсын! Балабақшам жайнасын! |
Іздену ұйымдастырушы | Балалар біз қандай мерекені қарсы аламыз? Ән: «Гимн» Құрметті апайлар! «16 – желтоқсан Тәуелсіздік күні»мерекесімен «Күншуақ» тобы атынан құттықтаймыз. Өз жеріме өзім ие болған күн! Тілім таза бостандығын алған күн! Елтаңбам мен көк байрағым желбіреп Тарихыма өшпес белгі салған күн! Тәуелсіздік күні» мерекесіне байланысты «Тәуелсіз елдің еңселі рәміздері» атты ашық оқу іс – әрекетімізді бастаймыз. Бір жылда неше мезгіл бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар? Балабақшаға неше күн келеміз? Бір аптада неше күн бар? Апта күндерін білеміз бе? Бүгін аптаның қай күні? Бүгінгі күндерің сәтті болсын! | 16 -желтоқсан Тәуелсіздік күні. Төрт мезгіл бар Қыс Үш ай Бес күн Жеті күн Білеміз Төртінші күн(бейсенбі) Рахмет! |
Рефлексті коррекциялау шы | Біздің Отанымыз қалай аталады? Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала? Қазақстан Президенті кім? Қазақстанның Туына, Елтаңбасына қарап,еліміздің рәміздері туралы тақпақ айтамыз. Таңғажайып сәт Есік қағылып, ішке шет Мемлекеттен Джон есімді қонақ қолында сандықшасы бар төрге енеді. Балалар, Джон біздің елге ұшақпен жетіпті.Оның қолындағы сандықшада Қазақстан туралы сұрақтар бар. Джонның арманы сұрақтардың жауабын біліп, Қазақстан жерін көруге келіпті. Балалар, Джон қонағымызға Астана қаласын көрсетеміз бе? Д/о: «Ғажайып сандықша» Сандықшадағы сұрақтарға Джон қонағымызға Астанамыздың тамаша жерлерін таныстыру арқылы жауабын түсіндірейік. Астанамыздың әдемі жерлеріне Джон қызыға қарап,Қазақстанға жиі келіп тұратынын айтты. Джон: Ой, айналайындар сендер ұқыпты, тәртіпті балалар екенсіңдер.Мен сендерге бауыр басып, қазақ тілін де үйреніп қалдым. Енді еліме қайтайын. Балалар, балабақшамызға барып Қазақстанның Рәміздерін Джон қонағымызға сыйлайық. Бұл сыйлық барлық ұлттармен тату болудың белгісі. Джон балалармен қоштасып, еліне қайтты. Бүгінгі оқу іс –әрекетімізге жақсы қатыстыңдар. Сау болыңыздар! «Балалар,бүгін біз не білдік?» | Қазақстан Республикасы Астана Н.Ә.Назарбаев. бала Туға мойын бұрамыз Елтаңба деп тұрамыз Гимн айтып асқақтап Рәміздер сөзін ұғамыз. 2-бала Көк байрақ ,көк аспан Алтын күн нұр шашқан Әлемге танылған Тәуелсіз Қазақстан 3 -бала Туымызға көгілдір Біз қарамай өтпейміз Көк тудың астында Көгереміз көктейміз. Балалар, шет елден келген қонаққа таңырқай қарады. Иә, көрсетеміз. Сандықшадағы сұрақтарға жауап берді. Балалар Қ.Р.Рәміздерін Джонға сыйлады. Сау болыңыз,Джон ағай! Қазақстанға келіп тұрыңыз. Дөңгеленіп тұрайық Күн шеңберін құрайық Қазақстан жерінде Көк туымыз желбіреп Біз бақытты болайық. Көріскенше күн жақсы Сау саламат болайық. Тәуелсіздік күні 16 - желтоқсан |