Тәрбие сағаттың мақсаты: 1986 жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату. Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік деп соғады жүрегім"»
Тәрбие сағаттың тақырыбы:
Тәүелсіздік деп соғады жүрегім
Тәрбие сағаттың мақсаты: 1986 жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату. Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу. 16 – желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.
1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д. Қонаевтың зейнеткелікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды. Асығыс өткен пленум шешімі дүйім Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.
Аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз – жігіттер «контрреволюционер» емес еді. Олардың ойы халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт-шыт болып ұшып жатты. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын - 1986» деген оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді.
Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында дүниеге келген. Әкесі Ноғайбай бақташы, шешесі Дәметкен сауыншы болатын. Қайрат Шу қаласына таяу жердегі Новотащик селосындағы шопан балаларына арналған мектеп-интернатта оқыды. Қайрат мектепте бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болды. Қабырға газеттерінің редакторы болып, мақала жазумен әуестенетін. Осы бір жан тебірентер сәтте Қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына бас тіккен азаматтар, туған елінің тәуелсіз мемлекетболғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Сыпатаевтардың рухына тағзым етіп, еске алу – ұлттық парызымыз.
Өмір өзен толқындары бізді әйгілі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып бара жатса да жүректерде мәңгілік ұмытылмайтын қастерлі бір нәрсе бар. Ол – дүр сілкіндірген сол үш күн ішіндегі Қазақ қыздарымен мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым құрмет. Бұл аға – апаларымыздың аңсаған армандары мен үміті, тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Бір ғана өкініш бар, ол азаттық үшін жан аямай алысқан боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәттерімізді көре алмауы. Міне осы оқиғадан кейін біздің Қазақстанымыз өзінің тәуелсіздігін алды. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биылғы жылы 24 жыл толғалы отыр. Басы аяғы 24 жылда еліміз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер биігінен көрінді. Әлемнің өркениетті мемлекеттері Қазақстанды танып білді. Олармен аралас – құралас болуға сол арқылы сол елдің мәдениетін, әдебиетін толығырақ айтқанда, рухани дүниесін өне бойына сіңіруге, жақсы жақтарын қабылдауға жан – жақты мүмкіндік туды. Сонымен қатар «Біз Қазақстандықтармыз» деп кеуде кере шаттануға да бүгінгі уақыт үрдісі бізге мүмкіндік туғызып отыр. Тәуелсіздік халқымызға аспаннан түскен құдіреттің сыйы емес. Ол ғасырларға созылған ата – баба қанды жорығының, дабылды – дуылды күресінің заңды жалғасы. Жатса түсінен, тұрса есінен бір сәт кетпеген бабалардың ғасырлық арманы еді. Тереңнен ойлап, тебірене толғасақ халқымыздың барша тарихы осы тәуелсіздік үшін, елдік үшін, халықтың бас бостандығы үшін күрес еді. Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Екі ғасыр бойы езіп келген империяның қуатты құрсауын бұзып, отарлаушылардың тас шеңгел құлдығынан құтылуды көксеген жастардың көз жасы, қаны бекерге төгілмепті. Он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Асанқызы Лязаттың, Сыпытайұлы Ерболдың, Мұқанбетжанқызы Сәбираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Желтоқсан оқиғасы - бұл ерліктің тарихы, - республикадағы халқымыздың рухани жеңісі, - демократияға жол ашу, - тәуелсіздіктің алғашқы беті Көп ұзамай Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентінің ҚР тәуелсіздігі жөнінде Конституциялық заңы қабылданды. ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың «1986 жылы 17, 18 желтоқсанға қатысқандарды ақтау жөнінде» 1991 жылы жарлығы шықты. Осыдан кейін еліміздің басшысы 17 – желтоқсанды «демократиялық жаңару» күні деп жариялады.