Просмотр содержимого документа
«"Сөз өнері" зияткерлік сайыс»
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі пәнімен әдебиет пәндері бойынша алған
білімдерін тереңдету, тез жүйелеуге дағдыландыру. Оқушының ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру.
Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасы сайланды.Сайыстың 8 бөлімнен тұратын жоспарымен және сайысқа қатысушылармен таныстырылды.
Кәне балалар кім айтады әдебиет пәнін не үшін оқимыз ?( өткенімізді булу, ақын жзушылармен , олардың шығармашылығымен таысу, білімді молайту үшін)
ал қазақ тілі пәнін не үшін оқимыз ?
(тіліміздің қыр – сырын байлығын түрлі заңдылықтарды білу үшін)
Жоспар: 1.Ұшқыр ойдан ұтымды жауап
2.Сөз тапқанға қолқа жоқ.
3.Үзінді қай шығармадан алынған?
4.Өнерлінің өрісі кең.
5.Ғалымның хаты өлмейді.
6.Тапқырлық
7.Талдау- табыс кілті.
8.Егер де мен...
1-бөлім.Ұшқыр ойдан ұтымды жауап.
1 – топ
1.Фонетика нені зерттейді?
2.Құранда неше сүре бар?
3.Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады?
4.Сын есімнің мағынасына қарай қандай түрлері бар?
5.Күрделі сөздердің қандай түрлері бар?
6.Бес арысты ата?
7.Бес асыл іс
8.Қазақ тілінде неше септік бар ?
9.Көсемшенің жасалуы
10.Тұйық етістік дегеніміз не ?
2 – топ
1.Лексика нені зерттейді?
2.Дөрекі сөздерді тіл білімінде қалай атайды?
3.Сөздің бастапқы,негізгі мағынасы қалай аталады?
4.Ата,әже,оқы қай буынның түріне жатады?
5.Қара сөзбен жазылатын шығарма қалай аталады?
6.Бес дұшпанды атаңыз
7.Абайдың қанша қара сөзі бар ?
8.Есімшенің жасалуы
9.Сын есім дегеніміз не ?
10.Бастауыш пен баяндауыштың байланысын қалай атаймыз ?
2-бөлім.Сөз тапқанға қолқа жоқ. Бұл бөлімде бірнеше тұрақты тіркестер берілген сіздер тиісті сөздермен сәйкестендіріп мағынасын айтуларыңыз керек.
1.Түлкі
Мысық
Ит
Арқасы қиянда
3.Бет
Көз
Құлақ
Оты шықты
2.Темір
Қағаз
Бармақ
Тістеді
4.Күрек
Жүрек
Тырна
Жалғау
1.Төбе шашы
Самай шашы
Әскер
Тік тұрды
3.Тас
Құм
Топырақ
Бауыр
2.Атқа
Сиырға
Тайға
Таңба басқандай
4.Қабақ
Жаңбыр
қар
Қабағына
...
Жауды
3-бөлім.Үзінді қай шығармадан алынған?
1 – топ
1.Әмірқанның бес, алты әнін тыңдап алып, сауық күні уәдесін алып, апарып салдық.
2.Өлеңнің атын айтып,авторын айтыңыз,өлеңді жалғастырыңыз.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан...
3.Тауды екіге жарасың
Тастың қашап арасын,
Кесіп өтіп кезеіңді
Қай өлеңнен алған үзінді ? Авторы кім ?
4.Бір мезгілде тау қаңбақтай ұшып, тас бұршақтай жауады, Шалқұйрықтың құйрығына қазандай қара тас орала кетеді.Шалқұйрықтың шапқан салмағына шыдамай қара жер қақ айырылады.
Қай ертегіден алынған үзінді?
2 - топ
1.Адамдық борышың-
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта,өзің біл.
Қай ақынның өлеңі?
2.Мен жаман-жақсы болсам да,үйіңізге келген қонақ едім.Хандардың ішер асы -жал мен жая аузыңызға түспей,нан,көже түсіп,аспазшыға жібердіңіз.
Қай ертегіден алынған үзінді?
3.Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман.
Қай шешен бидің сөзі?
4.Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшы болмаса ел жетім
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.
Қай шешен бидің сөзі ?
4-бөлім
Өнерлінің өрісі кең бөлімі бойынша көрсетілген нөмірлердің ішінен біреуін таңдап,түскен тақырыбына көрініс қою.
№22
№16
№8
№1
№9
Көшеде
Қонақта
Дүкенде
Мектепте
Қалада
5-бөлім. Ғалымның хаты өлмейді бөлімі бойынша хат жазу.
Президент болып халыққа хат жазу.
6-бөлім.Тапқырлық
Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру .
топ
Тіл тас жарады ,
Тас жармаса ....
Тауды ,тасты жер бұзар , (адамзатты )
Жақсы сөз - ....
Қаһарлы сөз ..... бұзар.
Шебердің қолы ортақ , .......
Жақсы байқап сөйлер, жаман .....
Бас кеспек болса да, тіл кеспек .....
Дәлелсіз сөз ....
піл көтермегенді .....
Ана сүті бой өсіреді , ана тілі ..........
2 – топ
Жыланның уы тісінде, адамның уы ......
ең ащы да тіл, ең ....
Айтылған сөз , .......
Басқа пәле........
Жылы – жылы сөйлесең , жылан......
білім кілті - ...........
тілге құрмет - ... .
өнер алды - ...........
тілден артық - ...........
тіл қылыштан ......
7-бөлім.Талдау- табыс кілті бөлімі бойынша қазақ тілінен грамматикалық тапсырмалар.
1.Морфологиялық талдау жаса.
Тонының екі етегі далпылдап шананы көшенің басына қарай сүйрете жүгірді.
2.Берілген сөздердің жұрнақтарын ажыратып жаз.
Отырғыз,жүздеген,табыскер,ескер.
8-бөлім. Егер де мен...(жағдаяттан шығу)
Тақырыбы:Егер де мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болсам...
Қорытындылау:Уақытты тиімді пайдалана білетін ойы жүйрік жарық жұлдыздары болайық.