Просмотр содержимого документа
«"Сенімділік күш береді"»
Сабақтың тақырыбы: «Сенімділік күш береді»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ҰБТ-ға дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру. Сабақ түрі: тренинг-сабақ Құрал-жабдықтар: ақ парақ, қаламсап, интерактивтік тақта, жұлдыздар,үнтаспа. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Көңіл-күйлерін сұрау. Сабақ ережесі - Белсенді қатысу - Тыныштық сақтау - Бір-бірін тыңдау - Ойын ашық айту -Бір-бірін сынамау -Ынтымақтылық
1.Таныстыру тренингі «Жағымды эмоция» Мақсаты: Тренингке қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, жағымды ортаны ұйымдастыру. Жұмыс барысы: Барлық қатысушылар ортаға шығып, шеңберге тұрады. Жүргізуші бастайды, өзін таныстырады, содан соң оң жағында тұрған көршісіне қарап комплимент айтады. ( киіміне, бет әлпетіне, шашына)
2.Жаттығу «Жылдамдық» Мақсаты: Оқушылардың жылдамдық реакциясын, ойлау қабілетін дамыту. Жұмыс барысы: «Сенімділік» сөзінен сөздер құрау. Кім көп сөз құрайды екенін анықтау.
3.Жаттығу «Ақ парақтың екі бөлігі» Мақсаты: Жағымды және жағымсыз жақтарды анықтау, жағымды қасиетті дамыту. Жұмыс барысы:Ақ парақ екі бөлікке бөлінген.Оқушылар «-»бөлігіне жағымсыз қасиеттерін, «+» бөлігіне жағымды қасиеттерін жазады.
4.Жаттығу «Жағымсыз қасиеттен арылу» Мақсаты: Жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан арылу, сенімділікті орнату. Жұмыс барысы: Еркін тұрып, саусақтарыңызды қозғалтыңыз, білегіңізді қозғалтыңыз, иығыңызды қозғалтыңыздар.Содан соң бастарыңызды қозғалтыңыз, және аяқтарыңызды қозғалтыңыздар. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз:
- Мен ақылдымын. - Менің жаным тыныш. - Мен қиындықтан қорықпаймын. - Менің қолымнан көптеген жақсылық келеді, бәрі келеді. - Маған сенімділік күш береді. - Мен дайынмын.
5. Жаттығу « Мен саған сенімдімін» Мақсаты: Өзгелерге сенім білдіру, өзара сенімділікті дамыту.
Оқушылар партадағы көршісіне жауап жазады. 5 минут ішінде фразалы сөйлемді аяқтау. «Мен саған сенімдімін», себебі сен......
6.Ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар 1.Үш шеңбердің орнын ауыстыру арқылы 3 бірдей шаршы құру
7.Релаксациялық жаттығу «Өз жұлдызыңды тап»
Мақсаты: Қатаюдан арылу, жылы достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Нұсқау: Көздерімізді жұмамыз. Ал енді көз алдыңызға жұлдызды аспанды елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кішкентай , жарық және сығырайған. Біреулерге бұл бірнеше жұлдыздар, ал басқаларға сан жетпейтін біресе жақындап, біресе алыстайтын жарық нүктелер.Сол жұлдыздарға қарап ең керектісін, өзіңізге ұнағанын таңдап алыңыз. Мүмкін ол сіздің арманыңызға ұқсайды, әлде бақытты, қуанышты, шабытты балалық шағыңызды есіңізге түсіреді ме? Тағыда жұлдызыңызға қарап оны ұстап көруге тырысыңыз. Сіз міндетті түрде оны аласыз. Жұлдызыңызға жақсылап қарап, оның қандай екенін және жарықтығын есіңізге сақтап қалыңыз. Ал енді көздерімізді ашуға болады.
Қорытынды: Өзіңді-өзің бағалай біл! Өз сеніміңе сенудің өзі күш береді.