6 - сынып.
Сабақтың тақырыбы:Ізетті бала. Сөз құрамы
Сабақтың мақсаты: 1. Сөз құрамы жөнінде білімдерін кеңейтіп,қазақ тілінде ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,тілге деген қызығушылықтарын арттыру;
2. Шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, сауатты оқып,төл дыбыстарды дұрыс жаза білуге дағдыландыру;
3. Отанын, жерін сүюге,қазақ тілінің мәртебесін көтеруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: СТО стратегиялары: ішіне-сыртына, Венн диаграммасы
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек-схемалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Бүгін біз үш топқа бөлініп жұмыс жасаймыз. Әр топтың басшысын сайлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген сөздіктермен сөз тіркестерін құрату.
ІІІ. Жаңа сабақ
І. Қызығушылықтарын арттыру
«Не қажет?» ойыны. Шарты: Тақтаға сөйлемдер ілінеді. Көп нүктенің орнына қалып қойған қосымшаларды қой.
топ. Биыл Қазақстан Республика ... Тәуелсіздігі ... неше жыл?
топ . Мен... Отан ... Қазақстан.
топ . Мен отаным ... патриоты ... .
Балалар, бізге көп нүктенің орнына не қажет болды?
Ендеше бізідің бүгінгі жаңа тақырыбымыз сөз құрамын еске түсіру.
ІІ. Мағынаны тану
Сөз құрамы
дара
күрделі
туындыы
тіркескен
қос сөз
біріккен
қысқарған
негізгі
1-тапсырма.
СӨЗДІК
ізетті-вежливый
елгезек-чуткий
ізет-почет
ренжу-обидеться
кінәлі-виноват
үнсіз-безмолвно
2-тапсырма. Үш топқа ортақ
Тақтаға сөздер ілінеді: қыс, аязды, гүл, оқушы, біл, жазулар,әнші, кітап,кітаптар, іскер,кітапхана,малшылар,дүкен,дәріхана.
Ішіне сыртына
түбір сөздер қосымшалы сөз
. . . . . .
3- тапсырма. Венн диагарммасы. Тақтадағы сол сөздердің ішінен жұрнақ жалғанған сөз бен жалғау жалғанған сөздерді айырып жаз.
Жұрнақ Жалғау
ортақ
4-тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
1-топ. Сөйлемдерді көшіріп жазып, жазылуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздердің астын сызыңдар.
2-топ.Мағыналары бір – біріне жуық және мағыналары қарама – қарсы сөздерді топтап жазыңдар.
3-топ. Өлеңді түсініп оқу. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда. Туынды сөздердің астын сызыңдар.
Сергіту сәті:
1. Түбір сөз айтқанда оң қолды көтеру.
2.Туынды сөз айтқанда екі қолды көтеру.
3. Жұрнақ жалғанған сөз: алға бір қадам.
4.Жалғау жалғанған сөз: артқа бір қадам.
5-тапсырма. Мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын табыңдар.
1.Жаман жолдастан таяғым артық. 1. Над бедой друга не смейся,
то же может случиться и с тобой.
2.Күлме досыңа-келер басыңа. 2.Крепкая палка лучше плохого попутчика.
Қорыту:"Достастыру"мәтінін оқытып,мазмұнын сұрау. Бағалау:
Үйге тапсырама:
"Ізетті бала" өлеңін жаттап келу.