kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасы құндылықтары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:
      Оқушылардың өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата - аналарын қадірлеп, сыйлай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың өз ортасына, отбасына деген мейірімділік сезімін ояту,ой – өрістерін дамыту.
Сабақтың  ресурстары: слайдтар, интербелсенді тақта, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер,бейнефильм,сахналық көрініс 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы құндылықтары»



Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі

Тогузбаева Айман Уябаевнаның Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық жарық жұлдызы мақсатында ұйымдастырылған 5 «Б»сынып оқушыларына

«Отбасы құндылықтары» атты ашық
тәрбие сағатының жоспары

Тақырыбы: Отбасы құндылықтары
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата - аналарын қадірлеп, сыйлай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың өз ортасына, отбасына деген мейірімділік сезімін ояту,ой – өрістерін дамыту.
Сабақтың ресурстары: слайдтар, интербелсенді тақта, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер,бейнефильм,сахналық көрініс 1. Отан отбасынан басталады.
2. Ата - ана отбасының бастапқы дәнекері, ең бастапқы алтын діңгегі.
3. Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп жеңге болмас.
4. Отбасы – алтын ұяң.
5. Ата - анаңа не істесең, алдыңа сол келер.
6. Ана үйдегі бақ, әке отырған тақ.
7. Отбасы- адамзатқа тәлім - тәрбие, үлгі өнеге беретін тәрбие ошағы.
8. Адам баласының ажары да, бақыты да – Отбасы
9. Әр отбасы мемлекеттің іргетасы.
10. Отбасы тәрбие бастауы.
11. Ата - ана – отбасының басты алтын діңгегі, бастапқы дәнекері.
12. Ата - ана тіршіліктің қайнар, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы.
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру.
Мұғалімнің түсіндірмесі
- Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Онда әкем - анам тұрады
Ата - әже бауырым
Бәрі бірге қосылып
Бір ұғымды құрады 
(Отбасы)
- Дұрыс балалар жұмбақтың шешуі (Отбасы)
- Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз отбасы жайлы болмақ.
Анаң - күнің жүрегің
Әкең - өмір тірегің
Әжең - асыл ардағың
Атаң - дана қорғаның
Ағаң - қамқор асқарың
Інің - мөлдір аспаның - демекші
Құрметті ұстаздар, оқушылар 5 «Б» сыныбында өткелі отырған «Отбасы құндылықтары» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Барысы: Шаттық шеңбері
Көңілге қуаныш сыйлайтын, жанымызды ізгілендіретін, өнер атауының ішіндегі құдіреттілерінің бірі - күй тыңдауға шақырамын.Әбілғазы Шәкәрімнің орындауында күй «Басты өлең»
Ойланайық, пікірлесейік

  • «Отбасы» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • «Отбасы», «отау», «отағасы», «отанасы»,«отау иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіз?

  • Отбасы негізі неде деп ойлайсыз?

  • Отбасы құндылықтарына нелер жатады деп ойлайсыңдар?

Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай – үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың ең маңызды міндеті.
«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

Айнұр:

Жылжи берші кезім емес жасқанар
Бөгей алмас білім атты тас қамал
Отанның аяулысы боларсың
Отан деген отбасынан басталар.

Шәкәрім:

Ата - ана асқар тау алдымдағы
Әрқашан асқақтайсың алдымда әлі
Өзің берген өнеге тәрбиеңмен
Бақыттымыз жанұя бауырындағы.
Бейнефильм «Ата-ананың қадірі»
Шәкәрім:

Жанұя, отбасы - мемлекеттің іргетасы, қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекеттің мықты болуы мүмкін емес. Президентіміз Н. Назарбаевтың 2050 бағдарламасындағы негізгі бағыттарының бірі - отбасы болып саналады. Отбасы – адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Сондықтан, құрметті балалар өз жанұяларыңды құрметтеуге, сыйлауға, мақтан тұтуға шақырамын.
Айнұр:

Алдымен сүй ардақты ата - анаңды
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады
Бер жақсылық балаға бұл ғаламда
Ата - анаңның мейірімінен тарайды

Әбілғазы Шәкәрім, Дарханұлы Батырдың орындауында ән «Әке,ана, мен сені Меккеге апарамын»

Айнұр:

Ата-ана туралы кім ойтолғау оқиды ?

Шәкәрім:

Абдумижитова Дильфуза мен Сұлтанғазы Аружанның орындауында ән «Анашым,анашым»

Айнұр:

Отбасы туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?
Шәкәрім:

Көрініс «Еңбекпен тапқан ақша»

Орындайтындар:

  1. Дарханұлы Батыр

  2. Жанатбекұлы Әлібек

  3. Құттыбек Халида

  4. Ұзақбаева Сабрина

Айнұр:

Кім сендерді балалар сүйетұғын?
Қуанышыңа қуанып қайғыңа күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын – дей келе кезекті аналарымыздың құрметіне арнап Турегали Ақнәзік пен Әбілғазы Шәкәрімнің орындауында «Ана туралы жыр» әнін орындауға рұқсат етіңіздер.


Шәкәрім:

Әке асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші. Өмірде әкесін жек көретін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі ең қымбат адамым сіз, менің сүйікті әкешім.
Сізсіз әке - ең ақылды, ең сыршыл
Сізсіз әке - ең жақыным, ең шыншыл
Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің
Жанымдасың қамқорымсың білемін
Қабыл алғын бала жүрек тілегін

Айнұр:

1. Не тәтті? ( Ананың сүті тәтті.)

2. Не жұмсақ? ( Ананың қолы)

3. Не қатты? ( Атаның жүрегі қатты)

4. Кім жақын? ( Тату болса, ағайын жақын, Ақылшың болса, апайың жақын. Алдыңа тартқан, адал асын, Қимас жақын қарындасың.)

5. Не қымбат? ( Алтын ұяң Отан қымбат. Құт ­ береке атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Бәрінен де ар мен ұят қымбат.)
Шәкәрім: Сергіту сәті. « Қоржынды сұрақ» ойыны.

Ойынның шарты: қоржындағы сұрақтарды алып, сұраққа жауап береді

1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)

2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні) 3. Отбасының әдет ­ ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер ­ кішіге ақылшы, кішіге ­ көмекші.

4. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы) 5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата- ­ анасына)

6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)

7. Сенің әке-шешең қандай? Бала көзімен... Сын есімдермен сипатта.

8. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)

Айнұр:Ана - сая болар бағың бала
Әке - асқар тауың, дейді қазақта
Бір күн бар жылытар күн, жұбатар күн
Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн
Мейлі, ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын
Әке - шеше деген сезімді ұмытар кім?
Шәкәрім:Оң қанатым - әкем
Сол қанатым - анашым
Қос қанатың болғанда
Табар өмір жарасым.
Қарап тұрып шекені
Шымшылады сан күдік.
Қанатымның екеуі
Сау болса екен мәңгілік

Айнұр: Хор «Анашым»
Шәкәрім:
Ана - жарық сыйлаған жан екенсің
Әке - шуақ шашатын таң екенсің
Ана - өмір, әке - бақыт, ана - жүрек
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің - дей келе Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі отбасы құндылықтары тақырыбында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық жарық жұлдызы мақсатында ұйымдастырылып отырған тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.Уақыт бөліп келгендеріңіз үшін көп рахмет!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Отбасы құндылықтары

Автор: Тогузбаева Айман Уябаевна

Дата: 07.12.2016

Номер свидетельства: 366829

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "?лтты? ??ндылы?тар - т?рбиені? т?п ?азы?ы "
    ["seo_title"] => string(46) "u-lttyk-k-u-ndylyk-tar-t-rbiienin-tup-k-azyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "188351"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426670247"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Д?ниетану.Отбасы."
    ["seo_title"] => string(17) "duniietanu-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "261664"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449163277"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "?зін-?зі тану п?ні 9 сынып 25-ші саба? «Адам мен Отбасы»"
    ["seo_title"] => string(56) "ozin-ozi-tanu-p-ni-9-synyp-25-shi-sabak-adam-mien-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "274882"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452456769"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "«Адам мен Отбасы»"
    ["seo_title"] => string(16) "adam-mien-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "274886"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452457595"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "?зін-?зі тану «Адам мен Отбасы»"
    ["seo_title"] => string(30) "ozin-ozi-tanu-adam-mien-otbasy"
    ["file_id"] => string(6) "274891"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452458148"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства