Отбасы – адам баласыны? алтын ді?гегі. ?йткені адам е? ал?аш шыр етіп д?ниеге келген с?тінен бастап, осында ер жетіп, отбасыны? т?рбиесін алады. Сонды?тан да отбасы – адамзатты? аса ?ажетті, ?рі ?асиетті алтын мектебі. Отбасы – адам ?шін е? жа?ын ?леуметтік орта. Отбасы белгілі д?ст?рлерді?, жа?ымды ?негелерді? м?ралар мен салт-д?ст?рлерді? са?таушысы. Отбасында бала ал?аш рет ?мірмен, ?орша?ан ортамен танысып, мінез-??лы? нормаларын игереді. Отбасы баланы? азамат болып ?суіні? негізі болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың әдістері: Көрнекілік, түсіндіру, сөздік, шығармашылық жұмыс , әңгімелесу, баяндау, өз бетінше жұмыс, нұсқау беру. топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: бағалы материал, презентация, видео көмектер.
Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы.
Пәнаралық байланыс: Жантану, дүниетану, музыка, ана тілі, бейнелеу өнері.
Сабақтың мақсаты:
1. Мектеп оқушыларына отбасы бірлігі мен ынтымағына кері әсер ететін оқиғалардан мысал келтіре отырып, оның болдырмау жолдарын тәжірибелі ата-аналардың, ұлылардың ұлағатты сөздерін құлақтарына сіңісті қылып, отбасы және неке қатынастыры,неке құндылықтары жайында түсінік бере отырып, болашақта мемлекетіміздің тәрбиелі, инабатты, бір –біріне сыйластығы жарасқан мықты отбасын тәрбиелеу.
2.Ойын, тренингтер өткізу барысында дұрыс шешім қабылдауға дағдыландыру, неке құндылықтарын жастар арасына насихаттау.
Көрнекілігі: слайд, ата-ана туралы ұлағатты сөздер , мақал-мәтелдер.
Сабақтың өтілу жоспары:
№
Сабақтың өтілу жоспары
уақыты
Ұйым
дастыру бөлімі
Сергіту сәті.Таңғы жаттығу
3,55 мин
Кіріспе сөз сөйлеу.Сабақтың мақсатын түсіндіру
2мин
Негізгі бөлім
Отбасы жайында оқушылар ойы(шағын эссе).
2. «Жан жылуы... » өзін – өзі тану телебағдарламасы
3. «Ата-ана туралы хадистер, өнеге туралы, қазақ отбасы туралы мәлімет »
4. Тренинг «Үлгілі отбасы».
4мин
12мин
10мин
4мин
Қорытынды
1) 3 топқа берілген тапсырма жауабын қағаз бетіне түсіру.
1-тапсырма. Отбасы және неке қатынастары ( оң және теріс қатынастарын жазу)
- Сарапшыларға сөз: теріс қатынастардың болу себебтері
2 – тапсырма. Отбасы престижін көтеру (отбасында және қоғамда).
3- тапсырма. Неке құндылықтарын жастар арасында насихаттау түрлерін жаз.
7 мин
2) Ата-ана жайында ұлағатты сөздер, мақал - мәтелдер.(8 сынып оқушылары)
3)Мұғалімнің қорытынды сөзі.
3мин
Сабақ барысы.
Мұғалім: Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Неке- отбасын құру мақсатын көздеген ер мен әйелдің ерікті және тең одағы.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
Отбасы – шағын мемлекет,
Мен – президент, сен – премьер,
дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.
2006 жыл – Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды.
Видео «Жан жылуы телебағдарламасы»
Мұғалім:
Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан.
Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90ға жетеді.
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.
Мұғалім:
Отбасы: толық, толық емес, күрделі болып келеді.
Толық- ата-анасы және балалары бар отбасы
Толық емес- ата-анасының біреуі ғана бар отбасы.
Күрделі- ата-анасы, балалары және туыстары бірге
өмір сүретін отбасы.
Видео «Сара Назарбаеваның өзін – өзі тану» пәнімен танысу, ақпарат алу.
Хатқа түйген сыр .Болған жайдың ізімен...
1. Топтық жұмыс.3- түрлі оқиғаны талдау.
2 Басқа оқушыларға «Бақытты отбасына» кері әсер ететін жағдайлар.Өз ойларын қағаз бетіне түсіру.
Үш түрлі оқиға.(Келін кесапаты, Бақыт құсымды өз қолымен ұшырдым, Өкініш өксігі).Мәтінді оқып, қандай ой түйер едіңіз?
Мұғалім: Халқымызда «Бірінші байлық денсаулық, екінші байлық ақ жаулық» деп келетін ұлағатты сөз әйелдің табиғи қадірін, оның адамзат өміріндегі үлкен орнын көрсетеді.
1 - мәтін.«Келін кесапаты»талдау, өз ойларын айту
Мұғалім:Жалпы, қыз қылықты , келін сүйікті болу үшін орынсыз сөйлеп, бейпіл ауыз болудан сақтануы қажет екенін қыздарым есінен шығармаса екен деймін.
2- мәтін.«Бақыт құсымды өз қолымен ұшырдым» талдау, өз ойларын айту (Видео Үлгілі отбасы, оқу озаты Ерасылдың мамасының сөзі)
Мұғалім: Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - өз болашағыңды сақтау.
Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.
3-мәтін. «Өкініш өксігі». Талдау, өз ойларын айту.
Мұғалім:Отбасын құруға немқұрайлы қарап, жанұя жауапкершілігінен қашып дер кезінде үйленбей сүр бойдақ – жалғыздық өмір кешіп жүрген ұлдарымызда кездеседі.Бұл табиғат заңына үйлеспейтін, қара басының қамын ойлап, жауапкершілікке өзін тәрбиелегісі келмейтін еріншектің өзін-өзі алдаған сылтауы.
Мұғалім: Біздің қазақ -әр сөзді тұспалдап та, туралапта, астарлапта жеткізген халық. Ата-ана туралы қаншама мәнді де маңызды сөздер айтылады.Сонымен бірге ата-ана туралы хадистерді білетін оқушыларымызды тыңдап көрелік.
Ей, перзентім! Ойыңа тоқып ал, ата-анаңа құрмет, ізет қылуды мойныңа алу ләзім. Себебі баланың түп негізі ата-ана болып табылады.
Ата-анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы болма.Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады.Сен оны білуің керек.
Сен ата-анаңның еңбегін дін жағынан да өтей алмасаң да ақыл-санаңмен, адамгершілікпен өте. Кімде- кім ата-анасын разы еткен болса , ол жақсы. Алла тағала оның өмірін ұзартады.
Тренинг «Үлгілі отбасы»Үш оқушыдан құралған үш топ жұмыс жасайды.
1- оқушы -Әке ролінде, ертең жауапты жұмысқа кірісетін болғандықтан бүгін кешке үйінде тыныш демалғысы келеді.
2- оқушы- үлкен баласы, дәл үгін кешке өз үйінде достарымен көңілді кеш өткізгісі келді.
3- оқушы- кіші баласы, бір нәрсеге көңілі алаңдап, өз ойымен әуре болып отыр, оған үлкендердің көмек, кеңес бергенін қалайды. Тенингке 5-7 минут уақыт бөлінеді, топтар осы уақыт аралығында отбасындағы кеш қалай өтетіндігіне келіседі.
Қорытынды.
3 топқа берілген тапсырма жауабын қағаз бетіне түсіру.
1-тапсырма. Отбасы және неке қатынастары ( оң және теріс қатынастарын жазу)
- Сарапшыларға сөз: теріс қатынастардың болу себебтері
2 – тапсырма. Отбасы престижін көтеру (отбасында және қоғамда).
3- тапсырма. Неке құндылықтарын жастар арасында насихаттау түрлерін жаз.
Тапсырмаларын тақтаға берлесе отырып жазу.
Отбас және неке қатынастары
(1- топ)
Оң қатынастар
Теріс қатынастар
1. Сыйластық
Ішімдікке салыну
2. Адамгершілік
Дүниеқұмарлық
3.Мейірімді
Өзара түсініспеушілік
4.Қайырымды
Жаман жолға түсуі, зиянды заттармен айналысуы
5.Сенім
Әр түрлі секталарға кетуі
6. Ұстамды
Жұмыссыздық
7. Барға қанағатшыл болу
Еріншектік
8.Иман жүзді
9. Отбасы дәстүрлерін сақтай білу
Сарапшылар: Теріс қатынастардың отбасында болатын бірнеше себептері.
Өзі қосылған асыл жарының шаршап-шалдығуын қаламаған кейбір жас жігіттер отбасылық өмірдің бастапқы кезінде үй тіршілігіннің ұсақ – түйегінің бәрін өзі атқара береді де, зайыбының көп ұйықтап, көп демалуына жағдай жасайды. Қазақта «Аурудан әдет жаман» деген мәтел босқа айтылмаған. Осындай орынсыз аялауға үйренген жас келіншек еріне иек артып үй тіршілігімен жөнді айналыспайды. Мұндай отбасында әйелдің үйде бар жоғы байқалмайды. Керісінше ері үнемі үй тауқыметінен босай алмай, үй күшік болып алады. Ал үй шаруасынан басы босаған ері көңіл көтеру үшін қыдыру жолына түседі, өзімен әңгіме дүкен құратын «жолдас- жора» іздейді, ішкілікке салынады. Осыдан келіп көңіл қалушылық, наразылық туады.
«Үйінде бақытты адам- ең бақытты адам» деп Лев Толстой айтқандай. Отбасындағы тату- тәтті өмір- зайыбы болсын, ері болсын, балалары болсын бәріне де қажетті, олардың ажарын келтіріп, көңілін нәрлендіретін, мағыналы өмір сүруге үйрететін, жақсылыққа талпындыратын алтын бесік.
Зайыбына сүйікті болудың жолын оны үлде мен бүлдеге орап қою немесе оның істейтін ұсақ-түйек тіршілігін, барлық отбасы тауқыметін көтеру, ол не талап етсе , соның бәрін көз жұмып орындау жолымен іздемеу керек .Әйел заты ерінің ақылы мол, ерік күші берік, интеллектуалды сезімдерге бай болуын қалайды.
Ерлі-зайыптылар арасында болып қалатын ренішті әрі ұшқындырмай, бір сәт үндемей қалса, сабасына түспейтін әйел жоқ.
Тіршілік тауқыметін азайту, көбейту әйелдердің өз қара басына да байланысты. Дүниеқұмарлық жолға түсіп өзін сол дүние мүліктің құлына айналдыру ерлі-зайыптылардың жүгін сөзсіз ауырлатады және олардың психологиясына тоғышарлық, дүниеқоңыздық қасиеттері молайып, олардың отбасылық одағы тек сол арнада өмір сүреді, Ерлі - зайыптылар арасындағы рухани байланыс, азаматтық қарым-қатынас әлсірейді. «Байлық құған жерде бақыттың басы қисаяды» деп үлкендер текке айтпаған болу керек.
Отбасы престижін көтеру
(2- топ)
Отбасында
Қоғамда
1. Адал еңбек ету
Жас отбасын құрған жастарға әкімшіліктен көмек көрсету.
2. Ата-ананың өзара сыйластығы
Аудан, қала , облыс бойынша жыл қорытындысын шығарып үлгілі, өнерлі отбасыларын марапаттап, сый құрмет көрсету.
3. Ене мен келін арасындағы сыйластықтың болуы
Үлгілі отбасыларын баспасөз беттеріне жарияласа
4. Балаға дұрыс тәрбие беру
5. Отбасы мүшелерінің білімді болуы
6. Баласының жақсы оқуына жағдай жасау
7. Бала әке- шешесінің еңбегін бағалау.
8. Отбасына кір келтірмеу
9. Неке тазалығын сақтау.
10 Салауатты өмір салтын қолдау
Неке құндылықтарын жастар арасында насихаттау
«Жас отау» телебағдарламасын ұйымдастыру.
Үлгілі отбасылары мен кездесулер өткізсе.
Әжелер мектебіне қатысу.
Барлық оқу орындарында, телеарналарда отбасы тақырыбына байланысты интеллектуалды ойындарды жиі өткізу.
Көшелерде жарнамалап отбасына және неке қатынастарына байланысты ұлағатты сөздер жазылып ілінсе.
Мешіттерде және мектептерде тақырыпқа байланысты кездесулер өткізіп көбірек уағыздаса.
АХАЖ қызметкерлері осы тақырыпқа байланысты әңгімелер өткізсе
Мұғалім: Әдетте отбасын құрғанға дейінгі қыз бен жігіт бір-бірінің кемшілігін аса байқай бермейді. Алайда тіршілікте мінсіз адам болмайды. Отбасылық өмірде ерлі-зайыптылыар бір-бірін жақсы жағын бағалаумен қатар , кемшілігі мен міні болса асқындырмай түзетудің, жөнге келтірудің амалын табуды өзінің парызы деп есептеуі керек. Әйел мен еркек арасындағы шын жүректен шыққан достық сыйластықпен ұштасқан жерде үлкен махаббат туады. Ал махаббат бар жерде отбасы босағасы берік болады.
ҰЛАҒАТ СӨЗДЕР (9- сынып оқушылары(5-оқушы тақта алдына шығып жатқа айтады)
2.Әйел өзін сенімді сезінген жерде отбасы да берік, балаларының болашағы да жарқын.
Н.Ә.Назарбаев
3.Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.
Н.Ә.Назарбаев
4.Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік. Абай
5.Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.
А.С.Макаренко
6.Ана үшін аянба – ант ұрады,
Бала үшін аянба – бетің күйеді.
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын. Б. Момышұлы
7.Әйел-Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы. М. Жұмабаев
8.Ата-ананы ұмытқан жас - опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.
10. Баланың жақсысы - әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы; жаманы – қайғысы, азап-соры.
В.А.Сухомлинский
11. Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.
Ы.Алтынсарин
12. Ұлым, саған айтам...
Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе. Жүріп келе жатқан адам отырған адамға, атты адам жаяуға, аз адам көпке сәлем беруге тиіс.
Үлкендер мен ғалым адамдар алдында көп сөйлемеуге тырыс.
Үйге кісі келсе орныңнан тұрып жайдары қарсы ал, киімін іл, төрге шығар. Үлкендерден бұрын тамаққа қолыңды салма.
С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»
13.Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Жақсылық та адам бойына нақ сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе, өніп шығады. Жақсылық ұрығының өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арамшөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады.
С.В.Михалков
14....Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың.
В.А.Сухомлинский
Мұғалім: Сайып келгенде, қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып, кең жайылуында отбасының маңызы орасан зор. Әрбір ұяның қос тіреуі – ерлі-зайыптылар өздеріне қатысты әдеп-адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, демек, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек!
Олай болса жас ұрпақ сендерге жарқын болашақ, Қазақстанымыздың бірлігі мен ынтымағы жарасқан , мықты да бақытты отбасында өмір сүретіндеріңізге сенімдіміз.
Осымен сабағымыз аяқталды.
Қосымшалар:
1.Көрнекіліктегі мақал- мәтелдер.
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
Баланың ұяты әкеге,
Қыздың ұяты шешеге.
Әкесін сыйламаған кісіні,
Баласы сыйламайды.
Інісі бардың тынысы бар
Ағасы бардың жағасы бар.
Өз үйім - өлең төсегім.
Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі.
Әкенің қадірін балалы болғанда білерсің.
2.Хатқа түйген сыр .Болған жайдың ізімен...
Кесапат келін»
Ол үйдің иесі Отан соғысының ардагері, совхозда көп жыл еңбек озаты болған еліне қадірменді қарт еді. Бәйбішесі де жылы жүзді, жайдары мінезді ақжарқын кісі. Бұлардың екі ұл, бір қызы бар болатын. Қызы күйеуге шығып кеткенде де, үлкен ұлы үйленіп, өз алдына отау болып отыр. Ал кіші баласы келіншегімен ата-анасының қолында тұрады екен.
Осы кіші келіннің мінезі шәлкес, тілі «ұзындау», қалай болса солай сөйлей салатын, үлкенді сыйлап, кішіні аялай білмейтін дөрекілеу адам сияқтанды. Бірақ та, енесі келінінің «жақсысын асырып, жаманын жасырып» дегендей, «қарағым-шырағым» деп еппен ұстап отырғандай көрінді. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» дейді ғой халқымыз. Мен барған күні-ақ сол келіннің «кедір-бұдыр» сөйлейтінін атасына «сөйлемей отыр!» деп жекіп тастауы мен енесіне де бір сөз арасында «жап аузыңды!» деп әкіреңдеуінен, күйеуінің де аузын қақпайлап, сөйлетпей отырғанынан сезген едім.
Арада екі-үш күн өткеннен кейін әлгі ағамыз сырттан аптыға кіріп, «Қарағым-ай, әлгі екі ит төбелесіп жатыр, маңайларына баруға қорықтым. Сен шығып қой деші, мүмкін сенен ұялар, түге» деді. Есік алдына шықсам, қарттың келіні мен баласы шынымен-ақ төбелесіп жүр екен. Келін деген күйеуінің шашынан қос қолдап ұстап алып, сүйреп барады. «Әй, не болды сендерге» деп едім, жігіт ұялды –ау деймін, әйелдің екі иығынан ұстаған қолын тартып ала қойды. Ал келіншегі долданып, «Қолында өлем осы иттің, қолында өлем !» деп өршелене түсті. Қойшы, әйтеуір сол арада көрші-қолаңнан адамдар жиналып, екеуін әрең ажыратып алдық.
Кейіннен бұл ұрыстың неден шыққанын сұрастырып байқасақ, жігіт жұмысқа бару үшін ат ерттемекші болып жатып, «Әй, Зылиқа, анау қасыңда жатқан тоқымды әпере қойшы маған » десе, Злиқасы оған : «Үрме!» депті. Міне ұрыстың басы осыдан шығыпты.
Содан кейін жігіт: «Злиқаны тастаймын , мен оның алдында ит болып, құйырығымды бұлғаңдатып тұра алмаймын, адамша сөйлей білмейді, бір сөз айтсаң «үрме» дейді, мұнымен мен қалай өмір сүрмекпін»,- деп, бұлан-талан болды.
«Бақыт құсымды өз қолыммен ұшырдым»
Менің күйеуім оқыған-тоқыған, білімді адам еді. Біз бір-бірімізді құлай сүйіп қосылдық. Маған оның бір үйдің жалғыз ұлы болғаны ғана ұнамады. Қара шаңыраққа келін болуды қаламаушы едім. Алты жыл ата-енеммен бірге тұрдым. Үйге қонақтар көп келді. Оның бәріне дастарқан жайып, күту маған оңайға түспеді. Бірақ бәріне шыдап бақтым. Алты жылдан соң күйеуіме бөлек шығайық деп қиғылық сала бастадым. Ол ешқашан ата-анасын тастап кетпейтінін айтты. Әкесі жазушы, анасы ұстаз еді. Содан бір күні мен киімдерімді салып алып, ұлымды ертіп бөлек шығып кеттім. Мен осылай кетсем, жолдасым соңымнан келер деп күткенмін. Бірақ олай болмады. Ол менің соңымнан келмеді. Кейін ол баласын көруге келгенде маған үйге қайт дегенді айтты. Мен ерегісіп бармаймын дедім. Содан кейін ол ондай өкініш білдірмеді. Бір жылдан соң соттан ажырасу туралы қағаз келгенде ғана мен не бүлдіргенімді бір-ақ білдім. Ол кезде бәрі кеш еді. Еріксіз ажырасуға қол қойып бердім. Ол баласын көргісі келгенде көріп, алып кеткісі келгенде алып кететін болып шешілді.
Қағаз жүзінде ажырасқанымызбен, онымен қайта қосылатындай сезініп жүрдім. Бір күні баласын алуға келгенде маған үйленгелі жатқанын айтты. Төбемнен жай түскендей күй кешкеніммен оған білдірмеуге тырыстым. Көзіме жас тұнды. Қолыма қонған бақыт құсын өзім ұшырғанымды сонда ғана білдім. Сол қателігіме бүгінде қатты өкініп жүрмін.
«Өкініш өксігі»
«Күйеуі құрысын, байға тиіп не опа тауып жүрсіңдер. Бала тауып, байға қарап, ауылдың салпы етек, тарам қол боп жүрер жайым жоқ. Жалғыз жүріп те жерде қалмаймын. Атым шығып, атағым аспандап, еліне еңбегім сіңген әйел атансам, одан басқа арманым жоқ. Қалғанын қолмен-ақ жасап алам» деп, әзіл-шыны аралас атқақтайтын, ақылы аз қыздың бүгінде ол қарқынының тамтығы да қалмаған
Осы жасқа келгенше еркек затын мойындамай, жан адамды місе тұтпай келген соқыр көңіл енді-енді оң-солын танып, сабасына түсіп, пана іздегендей. Қырық сегіз жыл ғұмырының баянсыз өткеніне өкініштен өзегі өртенердей. Өкінбек түгілі жарылып кетсе де енджі не пайда? Бетін әжім басып, шашын ақ шалған ол өкінді екен деп, сонау баяғы бақытты күндерде «сен үшін өлем» деп отқа да, суға да түсіп соңынан қалмай жауыр қылған жігіттердің қайсысы келіп бүгін «екі жарты бір бүтін» болайық жеп жүрегін ұсынар екен.
«Жалғыз қыздан жан пида, қыз болғанда да қыздың құты» деп әке-шешесі бір жағынан өрекпітсе, бі жағынан, «тұңғыш немереміз, біздің көзіміздей көріңдер» деп атасы мен әжесі қолдарынан келгеншееркелетіп, дандайсытып өсірді. Ішкені алдында, ішпегені артында, жасынан байлыққа жақын болды. Мектеп қбырғасында жүргеннің өзінде жанына қалталылардың қыздарын ғана жинап, битін сығып, саусағын сорып жүргендердің қыздарын маңайлатпайтын. Мектебін тамамдап, өзі қалаған қаржы мамандығы бойынша оқуға түсті.
Еһ, шіркін-ай десей-ші! Ол замандарда бұл уылжып, он төртінен толған айдай толықсыған қол-аяғы балғадай ғажап әдемі еді. Ер жігіттер түгілі, қатар жүрген құрбыларының өзі жүзіне бір зер салмай өтпейтін. Бәлкім, сол сұлулықтың буына мастанып, дүниені ұмытты ма, кім білсін? Сөз салып, жүрек жарыстырар оймен келген ұзынды-кішілі, көріктісі- көріксізі бар жігіттердің санында шек болған жоқ.
Кімге керек мына зәулім үй, кімге, не үшін керек? Жек көрем бәрін. Жалғыз жүріп тапқан атағым құрысын, жалғыз жүріп жинаған малым құрысын. Өзге түгілі өзімді жек көріп барамын. Шынымен-ақ өмірден осылай жар құшағын көрмей, ана болып бала сүймей өткенім бе? Әйел адамның ең басты мақсаты жар құшып, сәби сүю екен. Өмірдің де бар мәні мен сәні осыған келіп тіреледі екен ғой.