2.Дәйексөз халық мақалы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» Оқушылар бірнеше рет қайталап, дәптерлеріне жазып алып, түсіндіреді. Оқушылар пайымдаған ой-пікірлерді жалғастырып, отбасы тәрбие баспалдағы екені түсіндіріп талдау 3.Әңгімелесу. Отбасы дегеніміз кімдер? Отбасынан алатын өнегелерге нелер жатады? Отбасылық құндылықтар дегеніміз не? Отбасы- бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Олар ата-анаң, бауырларың, ата-әжең,т.б. Балалар отбасында алған тәрбие мен ана сүтімен даритын, үлкенді сыйлап, ізет көрсету, кішіге қамқорлық жасау секілді асыл қасиеттерді бойына сіңіріп, қоршаған ортаға және қоғамға пайдасы тиетін азамат болып өсуге ұмтылу керек. Отбасылық құндылықтар материалдық игіліктер ғана емес ең негізгі керегі жақсы ниет, жақсы тілек, жақсы көру,сыйлау, құрметтеу, сабырлылық, тыңдау, ақылдасу, яғни рухани байлық. Мұғалім сыйы: «Отбасылық құндылықтар» 4.Шығармашылық жұмыс. (топпен, жеке) 1-тапсырма. 1-топ. «Ана». Аналар қандай өнеге-үлгі көрсетіп, нені үйретеді? 2-топ. «Әке». Әкелер қандай өнеге-үлгі көрсетіп, нені үйретеді? 3-топ. «Бала».Өздерің іні-қарындастарыңа қандай үлгі көрсетіп, нені үйретесіңдер? 2-тапсырма. Нақыл сөздің мәнін ұғындыру арқылы әр баланың өз отбасына деген құрметті, аялы қарым-қатынасы арта түседі. 1.Ана көрген тон пішер, 2.Әке көрген оқ жанар. 3.Анасын көріп қызын ал. 4.Баланың бас ұстазы-ата-анасы Сергіту: Ойын «Айналайын, толғанайын!» Оқушыларды ортаға кезекпен шығып, отбасындағы адамдардың өздерін еркелетіп, жақсы көріп айтатын сөздерін солардың дауыс ырғағына салып айтуды ұйымдастыру. Мысалы: «Жарайсың! Ақылдым менің! Қолғанатым менің! Ақылыңнан айналдым!» т.б. Бұл ойын балалардың өздеріне арналып айтылған жылы сөздерді естеріне түсіріп қана қоймай, сол сөздердің жылылығын сезіне отырып, соған лайықты болуға ықпал етуге бағытталады Түйіндеме Отбасы: Сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді; Жақсылыққа жетелейді; Еңбектенуге үйретеді, білім алуға көмектеседі, Үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға үйретеді. Әр адам жақсылық бастауы, тәрбие көзі отбасы екенін түсіндіріп, оқушылардың бойында өз отбасына деген сыйластық қарым-қатынасының дами түсуіне ықпал ету. 5. Топпен ән айту. Сөзі: М.Мақатаев, Әнін : Т.Рахимов «Сәби болғым келеді» Құс та болғым келмейді қанатым бар, Қанатым бар күмістен жаратылған. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған. Тал бесігі- кең жаһан, тарылмаған, Біреуге бар, біреуге табылмаған. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Ана сүті аузынан арылмаған. От та болғым келмейді жылуым бар, Жылуым бар, керек пе, жылыныңдар. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Күн сәулесі ойнаған тұлымында. Қанат қағып өмірге ұшарымда, Кесілмесе бәрбір тұсауым да. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Сәбиі жоқ ананың құшағында. 6. Үйге тапсырма: Ұл балалар: «Әке көрген оқ жонар, қыз балалар «Ана көрген тон пішер» деген тақырыпта эссе жазып келу. 7. Тыныштық сәті: Балалар бүгінгі сабағымыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі сабақтан алған жақсы өнегелер мен қасиеттерді жүректеріңнің бір түкпіріне сақтап алуларыңызды өтінемін. Сабаққа белсенді қатысып, ой-пікірлеріңізбен бөліскендеріңізге көп рахмет! |