Просмотр содержимого документа
«"Ойнайық та, ойлайық!"»
Сабақтың тақырыбы: «Ойнайық та,ойлайық!»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдерін саралау,топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және білімдерін көрсете білуге үйрету.Оқушылардың сөздік қорларын молайту,дүниетанымдарын кеңейту,тіл байлығын,шығармашылық қиялын,логикалық ойлау қабілетін дамыту,өз ойларын еркін жеткізе білуге және шығармашылық қабілеттерін дамыту.Ұйымшылдыққа,саналыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:қима қағаздар,суреттер,топтың аттары жазылған қағаздар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Мейірімді жүрекпен Ақ ниетті тілекпен. Амандасып алайық Бір жадырап қалайық Сәлеметсіздер ме? Құрметті ұстаздар,оқушылар «Ойнайық та,ойлайық!»атты сайысымызға қош келдіңіздер.Сендер саналы,білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарың не деп ойлайсыңдар? 1. Білім алу 2. Отанды сүю 3. Ана тілін сүю,құрметтеу. 4. Ұлт жанды азамат болу. 5. Атамекенді,туған жерді сүю. 6. Денсаулығы мықты азамат болу. -Өздерің айтқандай ,туған жерін,ата мекенін,тілін,дінін сүйіп,халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер? Отанын намысын қорғаған Әлия,Мәншүк сынды әпкелерімізді.ел Тәуелсіздігі үшін жас жандарын пида еткен Қайрат ,Ләззат,Сәбира,Ербол сияқты аға апаларымызды білеміз. Жарайсыңдар! Ендеше, бүгінгі сайысымызда өз білімдеріңді ортаға салыңдар.Сайысысымыздың төрелігін айтатын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1 кезең «Сәлем сөздің анасы»топтарды таныстыру 2 кезең «Тездет,бірақ қателеспе!»(ия немесе жоқ) 3кезең «Сиқырлы ұяшық»( сандардың артында тапсырмалар) 4 кезең «Тез құрастыр»(тапсырмаларды орындау арқылы,пазлды құрастыру,әңгіме құрау) 5 кезең «Сандар сыры» (логикалық тапсырмалар) 6 кезең «Егер біз . . .» (постер қорғау) 7кезең « Кім жылдам?(сөздерді қимыл арқылы көрсету) 8 кезең «Сөзжұмбақ»шешу
Қатар өскен құрдасқа, Сайыс ұнап тұрмас па. Қуып жету жақсы ғой, Озып шығу бір басқа, дегендей сайыскерлерге сәттілік тілеп сайысымызды бастайық.
1 кезең «Сәлем сөздің анасы»топтарды таныстыру 1 топ «Білгіштер»
Ұраны: «Білімдіге -дүние жарық.білімсіздің күні- кәріп» 2 топ «Ойшылдар» Ұраны: «Білікті бірді жығар,Білімді мыңды жығар» 2 кезең «Тездет,бірақ қателеспе!»(ия немесе жоқ)
Әр топқа 10сұрақтан қойылады.Бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.Екі топтың да жауабы тыңдалады. Әр дұрыс жауапқа 1ұпайдан беріледі.
1 топ «Білгіштер» 1. Дауыссыз дыбыстар екіге бөлінеді(жоқ үшке.қатаң,ұяң,үнді) 2.Өмір сүру үщін адамға қажетті нәрселер: үй,киім,теледидар(жоқ.тамақ,ауа,су,жарық,жылу) 3.120 минутта 3 сағат бар(жоқ,2 сағат) 4.Жұмбақ үлгі,өнеге ретінде айтылатын нақыл сөз(жоқ.бір затты ойлап табу үшін астарлап айтылған қысқаша өлең) 5.Қандай?қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын ,сапасын білдіреді.(ия) 6. 9бен 4тің көбейтіндісі 32 ге тең.(жоқ 36) 7. Тік төртбұрыштың периметрін табу үшін ұзындығы мен енін қосамыз.(8ия) 9.Сан есімнің сұрақтары кім? және не?(жоқ қанша?неше?) 10.Мемлекет рәміздері деп ту,әнұран,елтаңбаны айтамыз(ия) 2 топ «Ойшылдар»
1.Зат есімнің қандай?қай? деген сұраққа жауап береді.(жоқ.кім?не?) 2.Ұзындық өлшем бірліктері мм,см,дм,км(ия) 3. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі карта (ия) 4. 45 тің 5 тен бір бөлігі 8ге тең. ( жоқ 9 ға) 5.Үш биді ата Олар Қазыбек би,Әйтеке би,Төле би.(ия) 6.2 тәулікте 24 сағат бар (жоқ 48 сағат7) 8.Шаршы дегеніміз барлық қабырғасы тең төртбұрыш(ия) 9.Абылай ханға Төле бидің қойған аты Сабалақ.(ия) 10.Дауысты дыбыстар үшке бөлінеді(жоқ екіге) 3кезең «Сиқырлы ұяшық»( сандардың артында тапсырмалар)
Топ басшысы кез келген санды таңдайды,артындағы тапсырманы ақылдасып жауап береді.
24:6+1= 9·2:6= 7·2:7= 2·8:16= 80:2-36= 30:6+1=
4 кезең «Тез құрастыр» (Әр топқа суреттің қималарын беремін,артында есептер берілген.Есептердің шешуін тауып,пазлды құрастырасыңдар және топ басшысы құрастырылған сурет бойынша мағұлмат береді.
1 топ «Білгіштер»(қыстың суреті,қыста болатын мерекелерді айтып беру)
2 топ «Ойшылдар»(көктемнің суреті,көктемде болатын мерекелерді айтып беру)
5 кезең «Сандар сыры»
6 кезең «Егер біз . . .» (постер қорғау)
1 топ
2 топ
«Жаңа заманға сай мектеп»
«Жаңа спорт кешені»
7кезең « Кім жылдам?( Бұл кезеңде әр топ өздеріне берілген сөздерді қимылмен көрсетеді ,келесі топ оның не екенін табады) 1 топ «Білгіштер» :бор,сағат,көз,мұрын,телефон,қалам,теледидар,кітап,күн,қар
2 топ «Ойшылдар»: қайық,ұшақ,мектеп,төсек,жаңбыр,сурет,доп,шана,ұстаз,сырға
8 кезең «Сөзжұмбақ»шешу
1 топ «Білгіштер»
1.Ғылым таппай....... 2.Асық ойнаған......... 3........ тозбайтын тон Білім таусылмайтын кен. 4.Әдепті бала ........бала 5.......... түбі қорлық